Жарияланымдар

Қоянды жәрмеңкесіндегі сауда

30 Қазан 2018
4654
0
Қоянды жәрмеңкесіндегі сауда
Қоянды жәрмеңкесіндесі дүкендер мен балағандар, киіз үйлер салынды. Құрылыстың көп бөлігін дайындаған қазақ құрылысшылары болды. Киіз үйді жергілікті Ақсары болысының тұрғындары жабдықтады

ХІХ ғасырда қазақ өлкесінің әлеуметтік потенциалының көтерілуіне, нарықтық қатынастарға кірігуіне айрықша ықпалын тигізген экономикалық тетік жәрмеңкелер жүйесі екені белгілі. Қазақ қоғамының экономикалық өрлеуі мен мәдени жаңару тарихында терең із қалдырған жәрмеңкелердің ішіндегі орналасу территориясы тұрғысынан алғанда ең тиімдісі және сауда айналымы жағынан ең ірісі – Қоянды жәрмеңкесі болатын.

1848 жылы көктемде тауарларын сату мақсатында қазақ жеріне келген Ялуторск көпесі В.И. Ботов керуен жолы бағытымен Құлжадан шығып, Қапал, Аягөз, Бақанас өзендері арқылы Петропавлға айдалып бара жатқан мал табынына кез болып, Қарқаралы округінен 50 верст қашықтықта Талды-Қоянды деген жерде саудаласу мақсатында сауда базарын ашады. Бұл жерде малды Петропавлға қарағанда айтарлықтай арзан бағаға сатып алады. Ботовтың операциясы басқа да көпестердің қызығушылығын тудырып, оның бастамасымен 1849 жылдан бастап Қояндыда мамыр айының ортасында жыл сайын азиялық (шетелдік) және орыс саудагерлері мен қазақтардың съезі өтіп тұрады [1].

Зерттелу деңгейі. Зерттеу нысанасы ретінде қарастырылып отырған Қоянды жәрмеңкесі турасындағы деректер бастауын патшалық Ресей кезеңінен, яғни ХІХ ғасырдың соңғы ширегінен алады. Орыс географиялық қоғамының аймақтық бөлімшелерінің ашылуы, саяси сенімсіздігі үшін Қазақстанға жер аударылған әртүрлі деңгейдегі тұлғалардан өлкетану жұмыстарындағы ізденістері қазақ даласындағы сауда ісі, жәрмеңкелер жүйесі, әсіресе Қоянды жәрмеңкесіне қатысты деректер шоғырын қалыптастырды.

Қоянды жәрмеңкесіне тікелей қатысты әрі жәрмеңкенің өмір сүру уақытымен деңгейлес В. Маевскийдің 1897 жылғы «Памятная книжка Семипалатинской области» басылымында жарияланған «Ботовская ярмарка» атты мақаласы жәрмеңкенің дамуын, қазақ даласындағы экономикалық маңыздылығын ашып көрсеткен.

Семейге жер аударылған және өлкенің тарихын, этнографиясын біршама жинақтап бір ізге салған ғалым Я.Н. Коншиннің еңбектерінде (Путевые наброски «от Павлодара до Каркаралинска» // Памятная книжка Семипалатинской области на 1901 год. Вып. Ү/ Сем. Стат. Комитет. – Семипалатинск, 1901.) Қоянды жәрмеңкесі жайында құнды деректер келтіріледі.

ХХ ғасырда түрлі саяси оқиғаларға байланысты өз жұмысын тоқтатқан Қоянды жәрмеңкесі 1920 жылдардан кейін қайта жандана бастады. Осыған орай советтік кезеңде Қоянды жәрмеңкесі жайында зерттеу жүргізіп, жәрмеңкенің қалыптасуына түрткі болған аймақтың географиялық сипатын, табиғи байлық көздерін тізбектеп, саралау жасаған А. Смирновтың «Куяндинская ярмарка» атты 1924 жылғы Семей қаласынан шыққан еңбегі әлі де ғылыми құндылығын жойған жоқ.

Советтік Қазақстан тұсында аталмыш жәрмеңке турасында және Қарағанды өңіріне қатысты өлкетанулық жұмыстар, жинақталған мәліметтер

Ю. Поповтың 1980 жылы жарық көрген «Свидание с Сары-Аркой» атты еңбегінде топтастырылған. Айта кетерлігі, Ю. Поповтың зерттеулерінде ғылыми принциптен гөрі өлкетанулық сарын басым келеді.

Осы тұрғылас зерттеу Н. Дубицкий, В. Степановалардың 1978 жылы шыққан «Путешествия по Казахстану» атты еңбегі болып табылады.   

Тәуелсіздіктен кейінгі жылдары тарихқа жаңаша бағыт, ұлттық көзқарас қалыптаса бастады. Осы жылдары Қоянды жәрмеңкесі туралы тұңғыш ғылыми жұмыс ретінде Г.Қ. Смағұлованың «Қоянды жәрмеңкесінің тарихы мен даму ерекшеліктері» атты кандидаттық диссертациясын назарға аламыз. Тәуелсіз талдау, жаңа деректер осы зерттеу жұмысында көрініс табады.

Жәрмеңкелер жүйесінің қазақ қоғамының дамуына ықпалын ашып көрсетіп, салыстырмалы талдау жасаған А.Т. Бексейітованың «Жәрмеңкелердің Қазақстандағы сауда-экономикалық қатынастардың орталығы ретінде дамуы (Солтүстік-шығыс аудандардың мәліметтері бойынша ХІХ ғ. ІІ жартысы – ХХ ғасырдың басы)» деген диссертациялық еңбегі де Қоянды жәрмеңкесі үшін маңыздылығымен ерекшеленеді.

ХІХғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамының нарықтық қатынастарға бейімделуі турасында кандидаттық диссертация қорғаған Б.Т. Төлеуованың «Адаптация казахского общества к рыночным условиям во второй половине ХІХ-начале ХХ веков (на материалах Центрального Казахстана)» атты ғылыми жұмысында Қоянды жәрмеңкесіне арнайы тоқталып, тың пайымдаулар жасаған.

Бүгінгі таңда аса өзекті болып отырған ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы сауда ісі, жәрмеңкелер жүйесі жайлы Ресейдің Сібір өлкесінің ғалымдары да зерттеу тұрғысынан өз үлестерін қосты.

Атап айтсақ, дала жәрмеңкелерінің қалыптасуына, қанат жаюына тікелей ықпал еткен Батыс Сібір жәрмеңкелерінің Далалық облыстармен сауда байланысын К. Шеглова өзінің «Ярмарки Западной Сибири и Степных областей во второй половин ХІХ века. Из историй россиско-азиатской торговля» атты монографиясында құнды деректермен ашып көрсеткен.

Сонымен қатар Дала өлкесіндегі уездік қалалардың әлеуметтік-эканомикалық даму үрдісін, қалалардың өсуіне ықпал еткен жәрмеңкелердің игі әсерін Омбылық зерттеуші Р.М. Жәниева «Социально-экономическое и культурное развитие уездных городов степнего края в конце ХІХ – начале ХХ вв.» атты кандидаттық диссертациясында дәлелдеп берді.

Қоянды жәрмеңкесі үшін тағы бір құнды дерек Б. Нәсеновтың «Абыралы қанды жылдары» деп аталатын құжаттар жинағында «Қоянды-Ботов жәрмеңкесі» деген айдармен мұрағат материалдары жарияланған. Жинақта жәрмеңкеге қатысты қаулылар, статистикалық мәліметтер, тауар түрлері мен сауда айналымы турасында деректер шоғыры жинақталып  топтастырылған.

Қояндыға байланысты көптеген мәліметтер тәуелсіздіктен кейінгі жылдары республикалық қоғамдық, ғылыми басылым беттерінде жергілікті зерттеушілердің мақалалары арқылы жариялануда. Атап айтар болсақ, Б.А. Смағұловтың «ҚарМУ хабаршысының» 2009 жылғы тарих сериясының №2 санында жарияланған «Қоянды жәрмеңкесі тарихының кейбір аспектілері», К.Темірғалиеваның «Азия Транзит» журналының 2003 жылғы №9 санында «Әйгілі қазақ қанбазарының дүбірі», Ө. Амантаевтың «Қарқаралы» журналының 2006 жылғы №2 санында жарық көрген «Тоғыз жолдың торабында», Ә. Әзиевтің «Жас Алаш» газетінің 2002 жылғы 4 ақпандағы санында басылған «Қоянды жәрмеңкесі» атты мақалалары. Алайда, бұл зерттеулердің көпшілігі келтірілген деректері бірізді, қайталама және ғылыми негізден гөрі өлкетанулық бағыт басым.

Әкімшілік-басқару жүйесі. 1869 жылы жергілікті әкімшілік өкілдері Қарқаралы уезінің бастығы, артиллерия штабс-капитаны Тихонов пен Семей облысының әскери губернаторы генерал-майор Полторацкийдің Қоянды саудасын ресми жәрмеңке ретінде мойындау туралы өтініштері Батыс Сібір генерал губернаторлығының Бас басқармасының Кеңесінде қабылданып, 1869 жылы 12-13 қыркүйекте шыққан қаулыда «учредить нга урочище Куянды по р.Талды верстах от Каркаралы ежегодную ярмарку, наименовав ее в честь ее первого учредителя Ботовской» деген тармақтары арқылы заңдық күшіне енген [1, 186].

Жыл сайын жәрмеңкенің даму көрсеткішінің өсуіне және жәрмеңке уақытында айдалып келетін мал санының көптігіне орай 1871 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы қазақтардың пайдалануындағы жерден жәрмеңкеге, сонымен қоса мал жайылымына 55 квадрат верст жер телімін бөлу туралы қаулы қабылдайды [2].

Сауда ғимараттарының санының өсуі төмендегі деректерден көрінеді:

         1876 жылы             16 сауда орны,              120 киіз үй

         1879 жылы             70                                   170

         1883 жылы             110                                 205

         1886 жылы             200                                 ---

         1890 жылы             276                                 707 киіз үй [2; 53].

Жәрмеңкеде мықты және ұзақ мерзімге жоспарланған құрылыс орындары: дүкендер мен дүңгіршектер саны 30-35-тер шамасында болды. Мысалы, Павлодар көпесі Деровтың, Омбы көпесі Козьминаның, Омбының ағайынды көпестері Волковтардың, Тоқалы көпесі Афонинаның, петропавлдық ағайынды көпестер Акчуриндердің, Қарқаралы көпесі Халиулла Бекметевтің, Семей көпестер Вдов Каримованың, Высоцкаяның  дүкендері және тұрғын үй кешендері: Қоянды почта станциясы мен Почта-Телеграф бөлімшесінің мекемесі, Семей облыстық Мемлекеттік Банк бөлімшесінің филиалы, Бітімгершілік соты Акимовтың үйі камерасымен, Уезд бастығы капитан фон Киництің таяуда салынған, жартылай ағаштан тұрғызылған архитектуралық кешені [1; 187-188].

Қоянды жәрмеңкесіндесі дүкендер мен балағандар, киіз үйлер салынды. Құрылыстың көп бөлігін дайындаған қазақ құрылысшылары болды. Киіз үйді жергілікті Ақсары болысының тұрғындары жабдықтады. 1875 жылы мұндай киіз үйлерді 3 рубльге жалдаса, көлемі мен жасау жабдығының құндылығына орай әр киіз үйдің ақысы 5 рубльден 15 рубльге дейін көтерілді. Киіз үйлерді жәрмеңкеге келген тұтынушылар мен саудагерлер кеңінен пайдаланды. Қояндыда қонақ үй болмады, сатушылар мен көпестер әдеттегідей өздерінің дүкендерінде тұрды, ал келгендердің басым бөлігі еріксіз қазақтың киіз үйін жалдауға мәжбүр болды [3].

1874 жылы жәрмеңкеде Сібір казак әскерінің 15 атты казактан тұратын полицейлік командасы жәрмеңке қаржысынан 120 рубль сомасында қаржыландырылды. 1879 жылы казактарды жіберу тоқтатылып, полицейлік қызметке арнайы топ ерікті жалдамалылардан құрылды, бірақ жәрмеңкеде қаржының жетіспеушілігіне байланысты 1885-1886 жылдары Қарқаралы кіші шенді  әскери тобы унтер-офицердің құрамында 15 адамнан құралды: қатардағыларға күніне 25 тиын және унтер-офицерге 35 тиын, ал айына 7р. 50 тиын және 10р. 50 тиын жалақы төленді. Бұл жаяу шенді топ қазақ тілін білмеді және іске ешқандай пайда келтірмеді, сондықтан 1887 жылы жалдамалы топтың саны 25-ке жетіп, 12 рубль айлық жалақы тағайындалды. Қарқаралылық жергілікті кіші шенді топ әскери киімін сақтаса, айына атсыз қызмет үшін 7 руб, 50 тиын, атты казактарға 12 руб. жалақы төленді [1; 191-192].

Жәрмеңкенің даму көрсеткіштеріне байланысты жәрмеңкеге жиналған сауда ұйымдарына қызмет көрсету мақсатында Қоянды аумағында почта-телеграф және Мемлекеттік Банк бөлімшелерінің қажеттілігі туындады.

Сондықтан 1885 жылы жәрмеңке уақытында почта бөлімшесі ашылды, ал 1888 жылы жәрмеңке территориясында Қарқаралы телеграф желісі іске қосылды. 1888 жылы жәрмеңкеде Мемлекеттік Банк бөлімшесін ашу жөнінде өтініш жасалды, соған орай 1894 жылы жыл сайынғы Мемлекеттік Банк бөлімшесі ашылды [2; 53].

Д.А. Хлопинаның ерен еңбегінің арқасында жинақталған және жеткізілген мәліметтерге қарағанда, Қаржы министрлігі уақытша мекемелердің ғимаратарын салуға және сапарлап келетін Банк шенеуіктері тұрғын-жайларға 3000  руб. жұмсады. 1894 жылдан бастап жыл сайын банк операциясының өнімін бақылау мақсатында Семейдің және басқа да Мемлекеттік Банк бөлімшелерінің шенеуіктері сапарлап келетін болды [1; 194].

1897 жылы 14 қаңтарда Семей облыстық сотының мәжілісі шешімімен Қарқаралы Бітімгерлік сотына Қоянды жәрмеңкесі кезінде уақытша камера ашу ұсынысы жасалынады және бұл ұсыныс шешімін табады [4].

Қоянды жәрмеңкесінің сауда айналымы

1899 жылы шыққан «Памятная книжка Семипалатинской области»/5/ басылымында Семей облысындағы жылма-жыл өтетін жәрмеңкелердің кестесінде Қоянды жәрмеңкесінің ІІ деңгейлі жәрмеңкелер санатына жататыны, 25 мамырдан 25 маусымға дейін жұмыс жасайтыны көрсетілген.

Қоянды жәрмеңкесінің географиялық жағынан алғанда мал айдайтын, Жетісу мен Қытайға баратын жолда, Қазақтардың мал шаруашылығы басым таралған аймағының орталығында орналасуы, орыс тұрғындары көп шоғырланған жерлермен шектесіп жатуы алғашқы күннен бастап жәрмеңкенің негізгі сипаты, сауда айналымының басты шикізат көзі мал және мал шаруашылығы өнімдері екендігін анықтап берді...

Қоянды жәрмеңкесінің есептеріне қарағанда, жәрмеңкеге әкелетін басты сауда тауары  қазақтардың мал шаруашылығы өнімдері – тірідей ірі қара, ұсақ малдар және жылқы, былғары шикізаты, қой терісі, елтірі, түйе шудасы, қой жүні, қыл, түбіт, киіз, армячина, май, тоңмай, азиялық маталар мен жидектер.

Жәрмеңкеде сауда айналымының негізгі өнімі саналғандықтан, жыл сайын мұнда тек 700. 000 – 1, 250, 000 рубль сомасында мал айдап әкелінді.

Ірі қара және ұсақ малдар әр жылда жәрмеңкедегі сауда айналымының 40-50% құраса, мал шаруашылығы өнімдері: иленбеген тері қой терісі, ешкі терісі, елтірі, түйе және қой жүні, ешкі түбіті 8% - 22% еншілеген [1; 53].

Сауда айналымына енген тауар түрлері:

Мануфактура                                                                                               80

Азиялық (сарт) жібек маталар, кілемдер, жібек өнімдері және т.б.          40

Бакалея(шай, қант)                                                                                      10

Темір, мыс, шойын, сандық және метал бұйымдары                                15

Былғары (юфть, сафьян, иленген ту биенің терісі)                                    15

Москательный (ұсақ-түйек ыдыстар, галантерея)                                     50

Ұсақ-түйек және бакалея, азиялық бұйымдар                                           10

Жабағы, түбіт, жүн, шикі тері, киіз және т.б.                                             80

Ауыл шаруаларының бұйымдары                                                               5

Мал                                                                                                                         25

[1; 198].

Қоянды жәрмеңкесінің көрігін қыздыратын мал саудасының алпауыттары Ялуторовск көпесі Ан. Ботов, Клосов, Скажутин, gавлодарлық ағайынды Сорокиндер, Пресновск елдімекенінен ағайынды казактар Бородавкиндер және Том губерниясының шаруасы Григоркин еді. Бұлардан басқа жергілікті қазақтардың малын сатып алушылар және тері, темір шикізатымен айналысушы саудагерлер петропавлдық Казанцев, Рамазанов, Акчурин және тоқалылық Ременников, Поляков, Красноперовтар жәрмеңкенің сауда айналымын еселей түсті [1; 198-199].

1869 жылы сауда айналымы және қаржылық мөлшері 500 мың рубльге жетті [2; 52 бет].

1869 жылы 100 мың қой айдап әкелініп, 2,5 млн рубльге сатылған, 200 бас жылқы 5,5 мың рубьге бағаланса, 8 мың дана былғары 20 мың рубльге, 8 мың дана қой жүні 4 мың рубльге, 42 мың дана елтірі 147 мың рубльге , 230 пұт жылқы қылы 1,6 мың рубльге, 170 пұт ешкі түбіті 6,2 мың рубльге, 350 пұт түйе жүні 1,1 мың рубльге, 3,5 мың пұт жабағы 4,4 мың рубльге саудаланған. Барлық өнімдер 307,4 мың рубльге сатылды.

1870 жылы сатылған мал, тері жүн 452,3 мың рубльге және әртүрлі тауарлар (шай, қант) – 17,7 мың рубль, 1871 жылы  сәйкесінше 453 баска 22,6 мың рубль болса, 1877 жылы 675-ке 40,7 рубльдан келген. 1873 жылы айдап әкелінген қой мен ешкі 243,8 мың бас, ірі қара 33 мың, жылқы 670 басты құраған. Малдан алынатын алым 2,6 мыңды құраған [6].

1878 жылы 7 ақпанда Мемлекеттік Кеңестің шешімімен жәрмеңке уақытындағы шығындарды жабу үшін сатылатын малдан ақшалай алым алу жөніндегі қаулысы бекітіледі. Алымның мөлшері Елек жәрмеңкесіндегідей қойдан 11 тиын, ірі қарадан 3 тиын, жылқыдан 5 тиын және түйеден 10 тиын деп белгіленді [1; 195].

1880 жылы Қоянды-Ботов жәрмеңкесі әдеттегіден кеш, яғни мамырдың 30-ында ашылған. Басында мануфактура, темір-терсек тауарлары және қазақ даласының өнімдері саудаға түскен. Мал саудасы маусымның 10-на таман бастаған, сауданың бәсеңдеуіне басты себептер: 1) Арық малдар жәрмеңкеге кешігіп жетті; 2) сонымен мал саудасымен айналысатын көпестер бұрынғы жолға шектеу салынғандықтан, Томск губерниясы арқылы келіп, саудаласып, теі арада жәрмеңкеден қайтып кеткен...

Мал саудасының алпауыттары Ботов, Колосов, Жиряков, Скажутин бастапқыда әрқайсысы 50 мың басқа дейін қой сатып алса, соңғы жылдары Ботов, Колосовтар жәрмеңкеге өздерінің сенімді адамдары арқылы сауда жүргізіп: алғашқысы 13700 қой, соңғысы 6603 қой және 660 бас ірі қара сатып алған. Қалған ірі мал саудагерлері Ботов жәрмеңкесінен мал сатып алуды мүлде тоқтатқан [7].                                                    

Төменде 1880-1891 жылдар аралығындағы мал саудасының айналымы [8] көрсетілген:         

                                                                                                                                                                     1-кесте

 

Жылы

           Айдап әкелінген

                   Сатылған

 

Қой

Ірі қара

Жылқы

Түйе

Қой

Ірі қара

Жылқы

Түйе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

1880 жылы

256033

8107

1111

20

256033

8107

1111

15

2

1881 жылы

198261

9103

356

24

198261

9103

256

17

3

1882

192591

6858

550

22

192591

6658

530

22

4

1883

202083

1523

456

20

202083

1523

456

20

5

1884

187371

3478

150

31

177371

3478

150

31

6

1885

300000

1100

2000

90

84174

9962

222

56

7

1886

320000

12000

1200

80

129222

4516

379

3

8

1887

350000

7000

900

75

173906

4071

234

34

9

1888

320000

6500

1100

60

218000

4635

273

39

10

1889

270000

6200

2000

50

160000

3090

316

5

11

1890

120000

8400

1200

40

93123

6450

68

8

1891 ж. есепте

150000

10000

800

100

99711

3925

163

4

Қоянды жәрмеңкесіне айдалып келетін мал Қарқаралы және Павлодар уезінен, ең бастысы Жетісу облысынан (Қапал, Верный және Сергиополь уездерінен) қамтылды. Барлық айдалып келген малдардың құны төмендегідей болды:

                 Түйе        100 бас                                 2000 руб.

                 Жылқы   800 бас                                 14400 руб.

                 Ірі қара    10000 бас                            100000 руб.

                              Жиыны                                    431000 руб.

Бұл санда сатылған малдар:

                Түйе       4 бас                                        80 руб.

                Жылқы  163 бас                                    2934 руб.

                Ірі кара  3925 бас                                  39250 руб.

                Қой        99711 бас                                209393 руб.

                             Жиыны                                     251657 руб.

Малдың орташа бағасы:

               Түйе                        20 руб.

              Жылқы                    18 руб.

              Ірі қара                    10 руб.

             Жетісу қойы            2 руб. 20 коп.

             Жергілікті қой        2 руб/9/.

Дала жәрмеңкелеріндегі мал саудасы Ресейдің ішкі губернияларымен ғана емес, сонымен қатар Жетісу облысы мен Түркістан өлкесімен тығыз байланысты болды. Қоянды және басқа жәрмеңкелерде сатылған малдар Ташкент пен Бұхараға жөнелтілді [3; 144].

Саудаға жіберілген тауар түрлері: Жабағы, жүн, түйе шудасы, армячина, қой терісі және шикі тері сынды 189627 рубльдің тауары әкелініп, сол бағаға сатылды.

Бұл тауарлар жәрмеңкенің жылдағы есебінде көрсетілгендей артып отырды. Төменде 1886 жылдан бастап жоғарыдағы тауарларға қатысты сандық мәліметтерді келтірілген:

         1886 жылы                               90550 руб.

         1887 жылы                               94130 руб.

         1888 жылы                               72320 руб.

         1889 жылы                               103620 руб.

         1890 жылы                               91700 руб.

          1891 жылы                               189627 рубльге сатылды [10].

1891 жылы Қоянды жәрмеңкесіндегі кіріс 1732 руб. 28 тиын болса, жәрмеңке қызметіне жұмсалатын қаржылық шығындар төмендегідей болды: 1. 25 адамнан тұратын атты тәртіп сақшыларына 375 руб., 2. Жәрмеңке әкімшілігі мекемесіне, тәртіп сақшысы қызметкерлеріне, қамауға алынғандарға және уақытша почта-телеграф бөлімшесіне 21 киіз үй жалдау үшін 222 руб., 3. Тәртіп сақшысы меңгерушілеріне мал алымынан сыйақы беру 125 руб., 4. Жәрмеңкенің кеңселік іс-қағаздар шығынына және хатшы жалдауға 50 руб., 5. Кездейсоқ қажеттіліктерге 100 руб., 6. Жәмеңке айналасындағы салт аттылардың қызметіне 100 руб., барлығы 972 рубль [11]. 

Қоянды-Ботов жәрмеңкесінің 1891 жылғы сауда айналымының ведомості [12] 

Сауда тауарлары

Әкелінген тауарлар

    Сатылғаны

Тауардың және малдың әкелінген жері

Ескерту

 

 

1

2

3

4

 

5

6

7

8

 

9

 

 

 

 

1

2

3

4

5

6

 

 

7

 

8

 

А.Әкелінгені

Мануфактура, бакалея және ұсақ-түйек тауарлар

Темір, мыс, шойын бұйымдары

Иленген тері

Азиялық тауарлар

Ұн

Сұлы

Май

Шаруа бұйымдары

Әр түрлі тауарлар

Жиыны

 

 

Б.Шыққаны

Түйе

Жылқы

Ірі қара

Қой

Жабағы

Жүн, түйе жүні, ешкі түбіті, қой терісі және елтірі Киіз және армячина

Иленбеген тері

Жиыны

Барлығы

    -

 

     -

     -   

 -10000

500

     -

 

     -

     -

100

800

10000

150000

     -

     -

     -

     -

 

820300

27450

37270

 

84900

6500

250

100

 

1600

1000

981370

 

 

 

2000

14400

100000

315000

30949

127996

2300

28382

621027

1602397

     -

     

 

      -

      -

 

      -

      -

      -

      -

 

      -

      -

      -

 

 

 

      4

    163

   3925

   9971

      1   

 

      -

     

      -

      -    

     

 

 

337740

 

23800

27750

 

30700

6500

250

100

 

1000

700

428540

 

 

 

80

2934

39250

209393

30949

127996

2300

28382

441284

869824

Мануфактура, бакалея, темір және басқа да тауарлар Перм, Тобыл, сонымен қатар Семей, Ақмола облыстарынан әкелінді.

Сатылымға түскен малдар Қарқаралы, Павлодар, Семей уездерінен және Жетісу облысынан айдалып келді. Жергілікті халық жәрмеңкеге төмендегідей өнімдерін әкелді: қой терісі, былғары, жүн, түйе жүні. Азиялық тауарлар Түркістан өлкесінен шамалы бөлігі Семей, Қарқаралы өңірлерінен жеткізілді.

Жәрмеңкеге әкелінген тауарлар келесідегідей түрде болды: жібек тауарлары 18000р., қағаздар 47500, Ташкент кілемдері 4200, ат-әбзелдері 1800, Сарачин жармасы 3200, жаңғақ және кептірілген жидектер 10200.

Жиыны: 84900р.

Сатылғаны: жібек тауарлар 4350р., қағаз өнімдері 19400,, Ташкент кілнмдері 1650, ат-әбзелдері 300, Сарачин жармасы 1500, жаңғақ және кептірілген жидектер 3000р.

Жиыны 30700р.

               

Қоянды жәрмеңкесінде ашылған Мемлекеттік Банк бөлімшесінің айналымы төмендегідей түрде көрінеді (мыңдықпен):

Кассада                                 Жалпы баланстық айналым

Кіріс. Шығыс.                         Барлық операция.

1894 ж.        492,8                 1097,3

1895 -          1003,1                2337,8

1896 -           915,2                2580,5

Операция есебі бойынша

1894 ж.                                 1895 ж.                                 1896 ж.                                                                                   

92 вексел – 95,2 руб.       208 векс. – 261,9 руб.            278 векс. – 274,4 руб.

Операциядан алынған %

1894 ж.                                 1895 ж.                                 1896 ж.

3854 руб.                             12124 руб.                            13386 руб./1; 194;/.

Қоянды жәрмеңкесі айналымының ведомості         

 

 

 

Жыл

Сатылған таурлардың және малдардың рубль есебінде

Шай, қант, фаянс, саздан жасалған ыдыстар, мануфактура, бакалея және ұсақ-түйек  тауарлар

Темір, шойын , мыс бұйымдар және одан тыс заттар

Ұн және дақыл тұрлері

Азиялық маталар және жидектер

Шаруа өнімдері

Май

Иленген тері

Иленбеген тері

Киіз және армячина

Жүн және ешкі түбіті

Түйе және қой жүні

Қой терісі, елтірі және аң терісі

Әр түрлі тауарлар

Түйе

Жылқы

Ірі қара

Үсақ малдар

 

 

Барлығы

1870

1875

1880

1882

1885

1887

1888

1889

1890

1892

1893

1894

1898

1899

1900

1901

1902

1903

1904

1905

1907

1908

71,125

454,000

405,000

463,900

198,960

251,000

398,000

728,000

382,000

478,980

496,720

517,500

556,000

705,330

588,400

3,000

10,000

18,000

18,000

21,400

21,300

25,000

39,200

25,000

36,300

31,200

26,800

26,000

48,670

16,005

-

-

5,116

5,250

8,800

6,730

5,363

5,270

3,900

16,280

13,100

12,120

12,000

16,210

21,900

5,000

65,297

36,000

76,505

25,250

3,850

10,000

95,860

37,480

45,350

60,305

63,340

19,600

25,200

22,106

-

-

800

-

150

90

320

140

600

1,500

1,200

1,600

2,000

1,000

1,000

 

 

 

-

-

-

42

499

40

-

160

220

-

-

80

50

144

320

 

5,000

65,000

-

23,300

17,050

31,800

37,000

47,900

39,000

27,275

29,140

31,500

58,000

54,600 18,085

9,000

5,000

28,000

13,915

10,950

610

19,400

7,200

8,200

32,340

22,300

21,361

109,071

25,225

39,000

-

-

-  600

1,700

4,020

4,630

5,420

4,900

3,700

4,500

3,800 4,567

1,264

1,600

-

-

-  26,600

17,540

18,200

20,100

70,000

47,000

73,350

90,440

73,178

196,632

73,372

75,000

 

28,000

65,000

75,000

49,362

33,770

44,000

50,000

21,000

30,800

16,200

78,870

133,187

-

114,172

95,000

400

2,000

75,000

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

20,556

20,000

-

-

44,000

27,000

4,240

18,000

1,930

1,200

700

900

800

800

66,500

7,000

34,000

403,000

564,000

760,100

990

680

884

975

250

200

120

320

25

250

250

60

 

 

 

 

13,250

5,550

4,860

4,914

40,000

1,360

114,004

16,902

34,440

57,020

54,580

37,440

-

-

-

199,740

39,240

81,420

92,700

111,600

64,500

34,010

53,508

67,635

74,580

121,350

131,540

 

-

-

-

866,659

210,435

399,984

547,360

607,500

204,870

312,910

459,580

722,992

405,572

462,885

543,438

516,425

1,226,297

1,368,016

1,785,114

597,214

892,278

1,217,692

1,781,700

850,730

1,193,219

1,358,885

1,713,358

1,586,842

1,731,708

1,644,894

Смирнов А. Куяндинская ярмарка. Семипалатинск. 1924 г.

 

Әдебиеттер:

  1. В.Маевский. Ботовская ярмарка// Памятная книжка Семипалатинской области на 1897г. С картою области/ И.д. Секретаря Семипалатин. Област. Стат. Комитета В.П.Никитиным. – Семипалатинск: Тип. Семипалат. Обл. Правления., 1897. 185 бет
  2. Смирнов А. Куяндинская ярмарка. Семипалатинск. 1924. 52 бет
  3. Тулеуова Б.Т. Адаптация казахского общества к рыночным условиям во второй половине ХІХ – начале ХХ веков (на материалах Центрального Казахстана) Дисс. Учен. степ. канд. ист. наук. Караганда 2007.
  4. Смағұлова Г.Қ. Қоянды жәрмеңкесі: қалыптасуы мен даму тарихы // Отан тарихы. 2007, № 3, 79 бет
  5. Памятная книжка Семипалатинской области на 1899 г. Семипалатинск. Типография Семипалат. Обл. Правления. 1899. 37 бет
  6. Шеглова Т.К. Ярмарки Западной Сибири и Степных областей во второй половине ХІХ века. Из истории россиско-азиатской торговли: Монография. Барнаул. 2002. Стр. 225
  7. Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік мұрағаты 64-қор, 1-тізім, 2-кітап, 3115-іс, 15 бет
  8. ҚРОММ   64-қор, 1-тізім, 2-кітап, 3115-іс, 16 бет
  9. ҚРОММ   64-қор, 1-тізім, 2-кітап, 3115-іс, 16 бет
  10. ҚРОММ   64-қор, 1-тізім, 2-кітап, 3115-іс, 17 бет
  11. ҚРОММ   64-қор, 1-тізім, 2-кітап, 3115-іс  4-6 бет
  12. ҚРОММ   64-қор, 1-тізім, 2-кітап, 3115-іс, 12 бет

 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Telegram - каналымызға жазылыңыз!

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Ең көп оқылған
Сауалнама

«Болашақ» бағдарламасына 25 жыл толды. Бұл бағдарламаға қатысыңыз бар ма?