Жарияланымдар

45 жылдан кейінгі басқосу

20 Қыркүйек 2018
753
0
45 жылдан кейінгі басқосу
Елорда төріндегі Тәуелсіздік сарайында «Қазіргі заманғы сөз энергиясы» атты Еуразиялық әдеби форум басталды

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткізіп отырған форумды Қазақстан Жазушылар одағы мен  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі  бірлесіп өткізіп отыр.

XXI ғасырдағы жаһандық мәдениеттің күн тәртібіндегі мәселелері сөз болатын форумға Еуразия құрлығының түкпір-түкпірінен атап айтар болсақ, Ұлыбритания, Германия, Қытай, Ресей, Түркия, Латвия, Венгрия, Польша, Молдова, Армения, Украина, Болгария, Моңғолия, Әзірбайжан және де өзге мемлекеттерден  шет ел қаламгерлері келіп отыр.

Елордамыздың 20 жылдық мерейтойы шеңберінде өткізіліп отырған форумды ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ашып, ауқымды шараның елімізде 45 жылдан кейін қайта өткізіліп отырғанын тілге тиек етті:

«Қазақ әдебиетінің бүгінгі қал-ахуалы баршамызды алаңдататыны даусыз. «Ел әдебиетін қайтсек әлемге танытамыз?» деген мәселе баршамызға ортақ. Ендеше түрлі мемлекет өкілдерімен мәдени және әдеби байланыс орнату мақсатында өткізіліп отырған бүгінгі шараның орны ерекше. Тарихқа көз жүгіртсек, мұндай ауқымды шара елімізде соңғы рет 1973 жылы өткен. Араға жарты ғасырға жуық уақыт салып ел ордасы - Астана форумы қонақтарына құшағын айқара ашып отыр... 

Өз кезегінде жаңа замандағы әлем әдебиетінің көрнекті өкілдерін ел ордасы - Астанада қарсы алу ұлтымыз үшін үлкен абырой және зор жауапкершілік! Осы ретте, Мемлекет басшысының «Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек» деген қанатты сөзін тағы бір еске алуды жөн көріп отырмын. Бүгінгі шара, мәдениетіміз бен әдебиетімізді әлем жұртшылығына таныстыру үшін берілген бірден-бір мүмкіндік»,- деді министр.

Қазақ жерінде екінші мәрте өткізіліп отырған әдеби форум Еуразия халықтарының көркем әдебиетін танымал ету, ұлттық мәдениет өкілдерінің арасындағы байланысты нығайту, бірыңғай еуразиялық әдеби кеңістікті қалыптастыру, сондай-ақ, жастар арасында таланттарды анықтау мақсатында өткізіліп жатыр.

Сондай-ақ «Қазіргі заманғы сөз энергиясы» атты Еуразиялық әдеби форумды салтанатты түрде ашып берген Арыстанбек Мұхамедиұлы Мәдениет және спорт министрлігінің атынан және өз атынан форумның өтуіне атсалысқан, еліміздегі ең алғашқы және ең ірі шығармашылық бірлестіктердің бірі - Жазушылар одағына үлкен ризашылын білдірді. Сонымен қатар форумға қатысушыларға және оның жұмысына сәттілік тіледі.

Форум аясында белгілі жазушылар мен әдебиет сыншылары бірге қатысатын конференциялар, дөңгелек үстелдер және шығармашылық кездесулер, кітап көрмесі мен секциялар ұйымдастырылады. Атап айтар болсақ, «Әдебиет және жаһандық мәселелер», «Аймақтық әдебиеттердің дамуы» тақырыптары бойынша пленарлық отырыс, «Жаңа заман поэзиясы: көтеретін негізгі тақырыптар мен мәселелер», «Жаңа заман прозасы: көтеретін негізгі тақырыптар мен мәселелер», «Драматургияның өзекті мәселелері», «Қазіргі аударма ісінің хал-ахуалы» тақырыптары бойынша жеке-жеке секциялар жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, форум аясында Қазақстан Жазушылар одағы мен Иран жазушыларының қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық меморандумға қол қойылады. Сондай-ақ, шара аясында Қазақстан-Ресей қаламгерлерінің кездесуі жоспарланған. Әдебиет тынысын зерделеуге арналған форумды өткізу еліміздің әлемдік әдеби кеңістіктегі интеграциясына мол септігін тигізіп, мәдени байланыстың өрістеуіне жол ашпақ.

Айта кету керек, дәл осындай ауқымды форум 1973 жылдан бері араға 45 жыл салып өткізілуде. Бұл биылғы жылдың интеллектуалдық ресурстарды жинақтайтын және халықаралық ынтымақтастық пен мәдени сұхбаттарды дамытуға арналған ең ірі әдеби жобасы болмақ. Форум қыркүйектің 20-21 күндері Астана қаласында өтеді.

Фотосуреттер әлеуметтік желіден алынды

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Ең көп оқылған
Сауалнама

«Болашақ» бағдарламасына 25 жыл толды. Бұл бағдарламаға қатысыңыз бар ма?