«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Құрманғазы – ең үлкен жұлдыз

2189 0
Құрманғазы – ең үлкен жұлдыз
Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы қазақ оркестрі XXII концерттік маусымның ашылуын жариялады,

бұл маусым ұлы күйші әрі композитор Сағырбайұлына арналып, «Серпер» деп аталды.

Іс-шара Елбасының «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту және дәріптеу мақсатында  ұйымдастырылды. Оркестрге Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, профессор, дирижер Айтқали Жайымов басшылық етті. 

Кеш барысында Құрманғазының өмірі мен шығармашылығының түрлі кезеңдерінен: 1836-1838 жылдардағы халық көтерілісінің басшыларының бірі, жырлар мен өлеңдердің авторы Махамбет Өтемісұлынан бата алған жастық шағынан бастап, Дина Нұрпейісованы кездестіріп, оған домбыра сыйлап, батасын берген кезеңге дейінгі аралықтан сыр шертетін күйлерді орындады. Көрермендер күйші өмірінің қасіретті шақтарын да көз алдарынан өткізді. Бұл туралы тыңдаушысын ауыр ойға бөктіретін «Пәбескі» күйі мұңдана жырлайды. Құрманғазыны бірнеше рет түрмеге отырғызса да, ол қоғамның кемістігін жырлауын қоймайды.

Әлеуметтік тақырыптан басқа күйші лирикалық күйлер де шығарған, бұл күйлерінен табиғаттың сұлулығы мен шетсіз-шексіз далаға деген таңданысы көрінеді, сондай күйлердің бірі – «Сарыарқа», жас кезінде шығарған «балбырауын» күйі күш-қуат пен тегеурінге толы.

Қоғам қайраткері, журналист Н.Савичев Құрманғазы туралы былай деп жазған: «Сағырбаев сирек кездесетін музыкалық жан, ол Еуропалық білім алған болса, музыка дүниесінде ең үлкен жұлдыз болған болар еді».

Оркестр орындауындағы күйлерден басқа, көрермендер түрлі айтулы музыкалық конкурстар лауреаттарының домбырадағы шебер ойынын тамашалады.

Құрманғазы өзінен кейін қазіргі орындаушыларға үлкен әсер тигізген ұлы тарихи-мәдени шығармашылық мұра қалдырды.

Дирижер Айтқали Жайымов неге концерттік маусымның тап осы композитормен ашылып жатқанын түсіндіріп өтті:

- Биыл Құрманғазының мерейтойы. Сондықтан да концерттік маусымның ашылуын соның құрметіне арнадық. Күйші өмірінің бірнеше кезеңін сипаттадық: күйшінің өмірі мен шығармашылығына әсер еткен маңызды адамдармен кездесуі. Оның танымал күйлерін бүгін оркестр мен жеке орындаушылар орындады.

Концерттің «Серпер» деп аталуы да кездейсоқ емес. «Серпер» күйі өзінің ерекше энергетикасымен ерекшеленіп,  күш-қуатын көрсетеді. Құрманғазының өзі де осындай табанды, батыл адам болған.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English