Жарияланымдар

III Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Қырғызстанда өтеді

27 Тамыз 2018
1671
0
III Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Қырғызстанда өтеді
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары - түркі әлемінің ортақ құндылықтарын әлемге паш етіп, көшпенділер мұрасын насихаттауда үлкен жоба болып келе жатқан спорттық шара

ІІІ Бүкіләлемдік көшпенділер ойындары 2018 жылдың 2-8 қыркүйегінде Қырғызстан Республикасы Ыстық көл аймағы Шолпан-Ата қаласында өтеді, деп хабарлайды NDH порталы ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап.

Үшінші мәрте ұйымдастырылатын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылуына әлемнің 80 елінен 3000-ға жуық спортшы қатысып,  37 ұлттық спорт түрлерінен бақ сынайды.

ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті жіберген ақпараттық дерек бойынша, Халықаралық жарысқа 200-ге жуық қазақстандық спортшы қатысады. Біздің делегация ең ауқымды құрамалардың қатарында.

«Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы Ойындардың бағдарламасындағы 30 спорт түрі бойынша өнер көрсетуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта III Бүкіләлемдік көшпенділер ойындары 2018 жылға арналған спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына енгізілді»-делінген ақпараттық хатта.

Қысқаша айта кетер болсақ, Қазақстан ұлттық құрама командасы тұңғыш рет 2014 жылғы 8-14 қыркүйекте Чолпон-Ата қаласында (Қырғызстан) өткен І Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 28 медальға қол жеткізіп, олардың – 11 алтын, 9 күміс, 8 қола медаль, жалпы командалық есепте 18 мемлекеттен ІІ орынға ие болды.

ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2016 жылғы 3-8 қыркүйекте Чолпон-Ата қаласында өткізілді. Бұл жолғы байрақты бәсекеге ұлттық құрама командасы 22 спорт түрі бойынша өнер көрсетті. Ойындардың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының спортшылары 39 медаль қол жеткізі п, оның ішінде: 13 алтын (1 алтын медаль  – шәй шабыста - гладкие скачки – кестеден тыс), 13 күміс, 13 қола медаль,  жалпы командалық есепте ІІІ орынға ие болды (қосымша).

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Ең көп оқылған
Сауалнама

«Болашақ» бағдарламасына 25 жыл толды. Бұл бағдарламаға қатысыңыз бар ма?