«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы қызықты 20 дерек

12154 0
Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы қызықты 20 дерек
Биыл ақын, аудармашы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына – 160 жыл толады. Шәкәрім Құдайбердіұлы - Абайдай ұлы ұстаздан тәлім-тәрбие алған, қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосқан қазақ ғұламасы.

Осы орайда ұлы ақынның атаулы жылы қарсаңына орай, портал оқырмандарына Шәкәрім Құдайбердіұлы  өмірінен қызықты деректер мен мәліметтер ұсынамыз.

  1. ХІХ ғасырдың соңғы жылдарында ғылымға ұмтылуымен көзге түскен Шәкәрімді ерекше ілтипатпен Абай былай айтқан: «Сенің жасың 40-қа келгенде сенің дін мен елдер тарихы салаларындағы біліміңді толықтыру мен кеңейту үшін шетелге жіберемін. Көне грек ғалымдардың еңбектерін сен Стамбулда табасың, Киелі Мекке мен Медина сені ежелгі заманның араб ғылымының мирасымен байытады, Мысырда сен Александр Македонский салған кітапханада түрлі дәуірдің ғалымдарының шығармаларымен танысасың. Аталған 4 қалаларға сенің барып қайтуың қажет. Барлық шығындарды мен өз мойныма аламын»,-деген. Алайда Абайдың және де Құнанбайдың барлық ұлдарының соңғы жылдарына Оспан, Әбдірахман, Шәке, т. б. мезгілсіз қазалары қиыншылығы түсті, олар бірінен-бірі шетінеді. Абай өзі берген уәдені орындай алмағандықтан қатты өкінген.                                                                     
  2. Шәкәрімнің бірінші әйелі Мәуеннен туылған Суфиян атты ұлы ХХ ғасырдың 20-шы жылдары жан тапсырған.                                                                                                                                                                 
  3. Шәкәрімнің Айғанша атты екінші әйелінен 5 ұл, 3 қыз бала болған. Ешқандай тергеусіз, сотсыз Шәкәрімнің үлкен ұлы Қапыр (Гафур) түрмеге қамалған. Бұл мәселе Шәкәрімді қатты тітіреткен. Намысқой, қатаң мінезді Қапыр өзін-өзі түрме камерасында пышақпен бауыздаған. Қалай болғанда да оны түрме қызметкерлері мойындаған.                                                                             
  4. Шәкәрімнің басқа балалары жетім қалған. Алайда жергілікті қанішерлер оларға да дамыл бермеді. Ол туралы Камила Қапырқызының естеліктерінен білуге болады: «1931 жылы біздің атамыз Шәкәрімді жапан далада өлтірген соң мені және шешем Мәкейді бай-кулак өкілдері деп қамауға алып Қарауылға апарды. Сол жерде бізді іші қараңғы тастанды үйде бекітіп тастады. Менің жасым ол кезде 13-те еді, сондықтан мен көп нәрседе түсінігім болмады. Есте қалғаны тек қана сүйектен өткен күзгі суықтық және де егеуқұйрыққа лық тас қараңғы тастанды үй-жай. Сол түні біз көзімізді жұма алмадық. Дегенмен болашақта бізді тағы да бір азапты сынау күткен – тергеу. Сол кезде жырақта көкшілденген Шыңғыстау мен үшін әлемдегі ең қорқынышты жер болып көрінген. Отаннан қашық болғанымда кейде туған жерімді, туыстарымды еске алатынмын, бірақ сол жерге оралуға батылдығым жетпеді. Абай ауданында болғанымда тек қана Абаймен Шәкәрімнің молалары орналасқан Жидебайға соғып кететінмін. Сол жерден Қарауылға дейін қол созым жер, бірақ мен кері қарай Талдықорған облысына қайтатынмын».                           
  5. Шәкәрімнің екі әйелі болған. Біріншісі тәркілеу кезеңінде қаза тапқан, ал оның баласы аурудан дүние салған. Екінші әйелінен Құдайбердіұлыда Қапыр, Қабыш, Ахат пен Зият атты 4 ұлы болған.                                                                                                                                                        
  6. Қапыр мен Баязит түрмедегі ауыр сынаумен зорлық-зомбылықты шыдамай өзін өзіне қол жұмсады.                                                                                                                                                    
  7. Ақын-композитор Қабыш Шәкәрімұлы ашаршылықтан қаза тапқан адамдар санына кірген. Оның денесін даланың қиыр түкпірінде табылған. Қабыштың етіктігінің қонышында соңғы өлендері жазылған қалжыраған дәптер болған. Жазылған өлендерінде Қабыштың туыстарын көргісі келетіндігі және де нанға тойғысы келетіндігі туралы мазмұндалған.                                                   
  8. Шәкәрімұлы Ахатты Сібірге жер аудартты. «Балалар әкелерінен азап шекпеу керек» ұран шыққан уақытта ол тікелей Сталинге хат жазған. Ақыр аяғында ол қалайшада бостандық алған. Оның иығына түскен қиыншылықтар туралы өзін-өзіне үш мәрте қол жұмсау әрекеттері жақсы бейнелеп береді (1931, 1932, 1937 жылдары). 1937 жылы Ахат өзінің кеудесіне тебен салған, бірақ Ахат тірі қалған – тебен жүректің құлағына жеткен соң таңданарлық жағдайда тоқтаған. Семейде әлі күнге шейін сол рентген суреттері сақталған.                                                                                                          
  9. Шәкәрімнің кіші баласы Зият аласапыран кезеңде әкесінің кеңесін тыңдап 1931 жылы әкесінен қалған мұраның өз бөлігін алып Қытайға қоныс аударған. 1934 жылы Сарысүмбе қаласында мұғалімдер дайындайтын қысқа мерзімдік курстарын бітірген. 1935 жылы Урумчи қаласында қазақ-қырғыз ағартушылық бөлімін, «Синь-Цзянь» газетінің қазақ редакциясының әдебиет бөлімшесін басқарған. 1937 жылы Шынсысай үстемшілік кезеңінде бәле-жаладан тұтқындалып зым-зия жоғалды.                                                                                                                                      
  10. Ахат Құдайбердіұлы былай айтқан: «Шәкәрім болысбектың қызметін атқарып жүрген уақытта оған ауыл мұғалімі келген. Ол Шәкәрімнен көмек сұраған. Мұғалім сүйген жарына үйленбекші болған, алайда ол қызды әке-шешесі басқа бай жігітке айттырған. Шәкәрім бұл мәселені ғашықтар пайдасына шешкен, бірақ партия серіктестері оның шешімін қабылдамаған, Шәкәрімге бойкот жариялаған. Содан кейін Шәкәрім тақуалыққа кеткен».                                                            
  11. Ел арасында Абзал Қарасартовтың жасағы Шәкәрімді қалай көргені және қалай өлтіргенінің бірнеше нұсқалары бар. Кейбір нұсқаларда Шәкәрім өзінің тобымен Қытайға қашу кезеңінде милиция жасақтарын кенеттен кездескені туралы айтылады. Шәкәрім тобынан алыс кетіп, жасаққа жалғыз өзі келеді. Далада қалың тұман тұрған соң Абай ауылының мұғалімі Халитов Абзал Қарасартовтың бұйрығымен Шәкәрімді оқ атып өлтірген.                                                          
  12. Одан бөлек, Шәкәрімнің қазасына әкелген жағдайдың екі негізгі нұсқасы бар. Бірінші нұсқасы бойынша Мемлекеттік Саяси Басқарма жымысқы өлтірушілікті ұйымдастырып, қазанның екінші жұлдызында  70-жасар ақсақалды атып, өлген жерде Абайдың сыйлығын винчестерді тастап, қасына Олжабай Шалабаевтың жылқысын өлтіріп жатқызды. Екінші нұсқасы бойынша ақын-философ чекист қолынан оларға теріс айналғанда қаза тапқан. Қалай болғанда да кейіннен оның денесі құрғақ құдыққа тасталды.                                                                                                     
  13. Атыс кезеңінде кеңестік жүйеге қарсы бүліктің басшысы, бұрыңғы болыскер, дін маманы, Шәкәрім-қажы Құдайбердіұлы дүние салғаны туралы айыптау актісі қолдан жасалған. Шәкәрімнің барлық еңбектері отқа жаққан. МСБ от жағушысы Шәкәрімнің жалғыз қалған суретін аман сақтап қалды.                                                                                                                                   
  14. Шәкәрімнің өлу туралы куәлігіне келсек, Айтмұрза Түңлікбаев былай жазған: «Сол күні кезекші башқұрт Хамитов болған. Ол көптеген атқа мінген жолаушыларды көріп Қарасартовқа көргенін жеткізген. Қарасартов атқылатуға бұйрық берді. Чекисттер атып бастаған соң жұрттан бір адам бөлініп қолын көтеріп, қарусыздығын көрсеткен. Бірақ доғар деген бұйрық болмады. Сондықтан Халитов екінші рет атып Шәкәрімге оғын дәл тигізді. Қарасартов Шәкәрімнің үстундегі киімін шешкізіп, түйеге міңгізіп, Бақанастағы құдыққа түсірген».                                                                                                                  
  15. Бердеш Әзімбаев Шәкәрімнің соңғы өмір уақыты туралы былай жазған: «Мен тағы да бірнеше адам Шәкәрімді көріп кетуге Шақпаққа келгенбіз. Аң аулап жүргенімізде атыстың дауысы шыққын. Шәкәрім біз қарусыз екендігімізді айтқысы келген, бірақ оны тыңдамай атып тастады. Біз Шәкәрім өлгенін түсінгенімізден кейін қашып, Қытай шекарасын өттік».                                        
  16. Хамит Ергалиев естеліктеріне сенсек, Шәкәрім Құдайбердіұлы 1959 жылы ақталған соң Абзал Қарасартов Қазақстан Жазушылар одағына  келіп үстелді соғып, тонышулар тобының  басшысын ақтағысы келетін тұлғаларды жауапқа тартуды талап еткен.                                              
  17. «Шәкәрім» - бізге Сталин заманындағы Біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарма мен Ішкі Істер Халық Комиссариятының «сауатты» кісілерінен қалған мұра. Ақынның шын аты – Шаһкәрім. 1911 жылы шыққан кітаптың негізгі бетінде дәл осы ат жазылған. Ол ат «Айқап» журналындағы, «Қазақ» газетіндегі шыққан шығармаларының астында, Сәбит Мұқановқа жіберілген хаттарда жазылған. Шәкәрімнің құлпытасында да аты «Шаһкәрім» деп бейнеленген.                                      
  18. 1914 жылының деректеріне сенсек, Шәкәрімнің қыстауында 16 адам тұратын бірнеше киіз үйлер мен тұрғын үй құрылыстары болған. Шәкәрімнің шаруашылығында 400 астам қой, 8 түйесі болған.                                                                                                                                                        
  19. Шәкәрімнің әндерін алғаш рет нотаға түсірген голландық Альвин Эрнестович Бимбоэс. Оның «Музыкалық этнография» атты жинағының ішінде «№ 1 Шакарим», «№ 2 Шакарим» деген атпен Шәкәрімнің екі әні жарық көреді.                                                                                                                                       
  20. Ол орыс, Батыс әдебиетінің тамаша үлгілерін қазақ оқырмандарына таныстырды. Лев Толстойдың шығармаларын аса жоғары бағалап, өзін ғұмыр бойы Толстойдың шәкіртімін деп санады. Онымен хат жазысып тұрды. Шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Автор: Аян ӘДЕН

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English