«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Айбын – патриоттар ұстаханасы

1654 0
Айбын – патриоттар ұстаханасы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі осымен 4-ші жыл «Айбын-2018» әскери-патриоттық жастар жиынын (ӘПЖЖ) өткізіп отыр

Бұл жолы Қарағанды облысында республикамыздың барлық өңірінен 600-ден астам қатысушы жиналды

Әскери-патриоттық жастар жиынына әскери-патриоттық клубтар, облыстық және қалалық жиындардың жеңімпаздары, республикалық «Жас ұлан» мектебінің, әскери мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері қатысады. Осы жылдың ерекшелігі Қарулы Күштері, сондай-ақ ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдері мен мекемелері жанында құрылған әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілерінің қатысуы.

«Айбын» балаларға қызықты адамдармен, «100 жаңа есім» конкурсының жеңімпаздарымен, жиынның құрметті қонақтарымен, әскерилермен танысуға мүмкіндік береді. Әскери-патриоттық жиынның ашылуында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров Астананың 20 жылдығына орайластырылған Айбын жиынының қатысушыларын жылы қарсы алды.  – Бүгін жас қазақстандықтардың патриоттық тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді. Әр өңірде жағдайлар жасалып, кадет сыныптары ашылып жатыр, Астана әкімдігімен бірлесе отырып, елорданың 20 жылдығына орай 30 кадет сыныбын аштық. Кадет сыныптарының тәрбиеленушілері негізгі пәндермен қоса әскери мамандықтың негіздерін, қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін, робот техникасы негіздерін, шетел тілдерін, әдеп пәндерін оқып үйренеді. Бізді, әсіресе, жастардың өз өмірлерін әскермен байланыстыруға деген ұмтылысы қуантады, олардың көпшілігі қазірдің өзінде осы аур да болса, құрметті мамандықты таңдады.

Өз сөзінде генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мақсатында Астанада ҚР Тұңғыш Президенті, ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаев атындағы әскери-патриоттық мәдени-демалыс паркін салу жоспарланып отырғандығын атап өтті.  Биыл әскери-патриоттық жастар жиынының бағдарламасына өзгерістер енгізілген. Басты басымдылық идеологиялық жұмысты және жастардың патриоттық тәрбиесін күшейтуге бағыттаплған. 2018 жылы бүкілресейлік «Юнармия» әскери-патриоттық қозғалысымен жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Бүкілресейлік «Юнармия» әскери-патриоттық қозғалысының Бас штабы аппаратының жетекшісі, Ресейдің олимпиада чемпионы Елена Слесаренко іс-шараның құрметті қонағы болды. Салтанатты марш үнімен «Айбын» туы көтеріліп, жиынға қатысушылар салтанатты ант берді.  

Жиынның салтанатты рәсімін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова ашты. «Өздерінің өмірін әскермен байланыстыруға талпынып жүрген жастардың позитивті ойлауы мен ықыласы қуантады», - деді Гүлшара Әбдіқалықова өзінің сөз сөйлеуінде.  Мемлекеттік хатшы Елбасының сөзін қатысушылардың естеріне салып өтті: «Мемлекет әрқашан да өз қауіпсіздігі мен шекарасының тұтастығын ойлауы керек».

Сондықтан да әркім кез-келген сәтте туған елін қорғауға дайын болуы керек. Бұл әр азаматтың қасиетті парызы ғана емес, сонымен қатар Отанын қорғау жолында мәңгілік даңқ пен халық сүйіспеншілігіне бөленген ата-бабаларымызға көрсетілген құрмет.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Қарағанды жері осымен төртінші рет «Айбын» қонақтарын қарсы алып отырғанын атап өтті. Біз үшін бұл үлкен сенім, сонымен бірге үлкен жауапкершілік. Менің ойымша, бұл жерде Қазақстанның болашақ әскери элитасы жиналған. «Айбынның» басты мақсаты не? Біріншіден, жас Отан қорғаушыларды тәрбиелеу.  Екіншіден, қайта жаңғыру, жастарда патриоттық сезімді тәрбиелеу. Патриот деген кім? Бұл, бәрінен бұрын, рухы мықты адам. Ал ондай адам ауыртпалық түскен кезде ешқашан Отанын сатпайды. Рухы мықты халыққа ешкім де қоқан-лоққы көрсете алмайды. Біреу «Айбын» - патриоттарды шыңдайтын ұстахана депті. Бұл – өте дәл анықтама. «Айбыннан» өткен жастар бүгінде қазақстандық әскер қатарынан табылуға талпынуда. Бұл аса құрметті және маңызды міндет. Президент айтқандай: «Отанға деген махаббат – азаматтық толысудың алғашқы белгісі». Ал, сіздер, жастарыңызға қарамастан, қазірдің өзінде-ақ осы махаббат пен толысуды көрсетіп отырсыздар. Сіздер үшін «Айбан» үлкен өмір мектебіне айналатынына сенемін».

Осыдан соң «Айбын» қонақтарына роботтық техника жетістіктері көрсетілді. Республиканың әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері еліміздің қарулы күштері үшін өз қолдарымен түрлі аппараттарды жасаған. Мысалы, астаналық тәрбиеленушілер ұрыстық әрекеттер кезінде сапердің міндеттерін атқаратын «Арлан» атты робот-саперді таныстырды, тактикалық жағдайда ол жарылғыш құрылғыларды бейтараптандыру мақсатында қолданылады.  Әскерилер жас қорғаушыларға базалық ауданда заңсыз қарулы құрылымды бұғаттау және жою бойынша арнайы операция жүргізу бойынша көрсетілімдер дайындады.

Аңыз бойынша террористік топ басшысы мемлекеттік шекараны кесіп өткен. Өңірлік басшылықтың механикаландырылған бригадасы негізінде әскер тобының қолбасшысы тактикалық топ құрды. Террористерге қарсы «Астана» өңірлік қолбасшылығының тікұшақтар буыны, артиллерия (Д-30 гаубицалары) мина атқыштар, танк взводы, мотоатқыштар взводы шықты. тактикалық топ қөойылған тапсырманы шеберлікпен орындап, қарсыласты тоқтатып, толығымен жоя алды. ғып, нысанды шеберлікпен жойды.

«Айбын» ӘПЖЖ аясында жастардың әскери-патриоттық тәрбиесі саласында ҚР Қорғаныс министрлігі (ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Т.Мұхтаров), «Жас сарбаз» республикалық  әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысы (ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары, «Жас сарбаз» ӘПҚ Республикалық штабының басшысы генерал-майор М. Таласов) және Қарағанды облысының әкімдігі (Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ж.Әбішев) арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Бұдан бұрын ынтымақтастық туралы Меморандум Қызылорда облысының әкімдігімен бекітілген болатын, қазіргі уақытта Қазақстанның басқа да облыстарының әкімдіктерімен Меморандумдарға қол қою мәселелері шешілуде. Түрлі оқиғаға толы бағдарламаны бір мақалаға сыйғызу мүмкін емес. Біз балалар орналасқан шатырлы қалашықта болып, Айбын жұлдыздары аллеясының ашылуына қатыстық, әскери асханада түстендік. Ал балаларды алда әлі «Айбын дарыны» зияткерлік ойындары, робот техникасы бойынша «Менің роботым» конкурсы, алау жанындағы кеш, «Айбын дауысы» мега арт-фестивалі күтуде.

 

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English