«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

«Көшпенділер әлемі» көпшілікті таң қалдырды

2601 0
«Көшпенділер әлемі» көпшілікті таң қалдырды
Еліміздің бас шаһары Астана қаласының 20 жылдығы құрметіне «Көшпенділер әлемі» атты халықаралық көшпенді мәдениет фестивалі өз мәресіне жетті

Аталған шара 30 маусым және 1 шілде аралығында Этноауылда өткізілді.

Жалпы, «Қазанат» атшабарында өткен шараға Венгриядан, Болгариядан, Ресей Федерациясынан, оның ішінде Саха және Башқұртстан республикаларынан, Түркия мен Қырғызстаннан арнайы қонақтар келіп қатысқан болатын.

Шараның бірінші күні «Kazakh Tourism» ҰК Басқарма Төрағасы Р.Күзембаев пен  «Qazaq Geograph» Басқарма Төрайымы Ж.Рүстем меморандумға қол қойып, туризм саласын дамыту үшін күш-жігерлерін біріктіретіндіктерін жеткізді.

Этноауыл аумағында ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар ойнатылып жатты, ал республикамыздың әр өңірінен келген қолөнер шеберлері болса өз бұйымдарын ұсынды.

Сондай-ақ, шараға еліміздің ғана емес, өзге елдердің музыканттары қатысты, әсіресе ашық аспан астандағы ежелгі түркілердің ән-күйлері ерекше әсер береді екен.

 

Көшпенділер ұрпағы бас қосқанда

Аталған фестиваль болашақта тұрақты өтетін болады және әр өңірде өткізіліп отыратын сияқты.

Бастысы, шаһар әкімшілігі, ұйымдастырушылар және «Kazakh Tourism» ҰК компаниясы қала халқы мен оның қонақтарына осындай әдемі сый жасады.

Айта кетерлігі арнайы автобустар қатынап, жұртшылықтың жетуіне мүмкіншілік жасалды, ал атшабарда қызықтаған халық бала-шағаларын ертіп, садақшалырдың «Ақ мерген», этно-фольклорлық «Шабыт», ұлттық ойындар ойнатылған «Тайбурыл», көшпелі халықтардың дастарханы дәріптелген «Керуен сарай», арқан тарту, асық ату, бұқа тартыс, қой көтеру, қазақ күресі сияқты ұлттық ойындарымыз көрсетілген «Алтын сақа», аударыспақ пен қыз қуу сияқты ұлттық ойындар ойнатылған «Батыр» ауылдарын аралап, қызықтап жүрді. «Шебер» ауылында ұлттық қолөнер бұйымдарын сатып алуға мүмкіндік болды.

Менің тағы бір қуанғаным, алтыбақан теуіп балаларын ойнатып жүрген жас отбасалардың көп болуы.

Жалпы, шараға қызығушылықтың артып келе жатқаны бізді қуанытты әрине, дегенмен өзім байқаған бір-екі «әттеген-ай» деген жайтты айта кетейін.

Біріншіден, халықтың әлі де салыстырмалы түрде аз екендігі, екінші, «Алпамыс» қойылымындағы көптеген елдердің сипатталуы артық сияқты. «Алпамыс» шоуының басталуы керемет, әсіресе ұлттық киімдері күшті.

Қонақтардың ас-суына ұсынылған баға қамбаттау сияқты көрінді, дегенмен бәсекелестік болса, ол да шешімін табады деп сенемін, айтқандай қоқыстарды лезде жинап алып отырған еріктілерге дән риза болдық, «әттегенайы» сол қоқысты тастамауды азаматтарымыз білсе ғой.

Қысқаша айтқанда, мұндай фестиваль әрине керек, атам қазақ айтпақшы, «көш жүре түзелер»! Бастысы, «Көшпенділер әлемі» керемет көңіл-күй мен ғажап көріністер сыйлады.

Фото авторы – Рустам Тляубердин

 

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English