«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Ақтөбеде қазақ әдебиетінің классиктері Т.Ахтанов пен Қ.Шаңғытбаевқа арналған ескерткіш ашылды

1230 0
Ақтөбеде қазақ әдебиетінің классиктері Т.Ахтанов пен Қ.Шаңғытбаевқа арналған ескерткіш ашылды
Ескерткіштің ашылуына Ақтөбе қаласының әкімі Ерхан Омаров, Т.Ахтанов пен Қ.Шаңғытбаевтың туыстары мен жақындары қатысты.

Ақтөбеде драма театр саябағында қазақ әдебиетінің классиктері - ҚР халық жазушысы, драматург Тахауи Ахтанов пен халық ақыны, драматург Қуандық Шаңғытбаевқа арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы болды, деп хабарлайды inform.kz.

Қола ескерткіш екі мүсін түрінде жасалған. Драматург Т.Ахтанов орындықта отыр, ал оның жанында досы әрі жерлесі, ақын Қуандық Шаңғытбаев тұр. Ескерткіштің ұзындығы 6,5 метр. Бұл еңбектің авторы жас та болса кәсіби ортада танылып үлгерген мүсінші Жеңіс Жұбанқосов.

Ескерткіштің ашылуына Ақтөбе қаласының әкімі Ерхан Омаров, Т.Ахтанов пен Қ.Шаңғытбаевтың туыстары мен жақындары қатысты. Ескерткіштің ашылу салтанатынан кейін гүл шоқтары қойылды. 

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English