«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Иштван БЭНЦЕ: Ата-бабаларымыз ортақ, біз – бауырлармыз

1431 0
Иштван БЭНЦЕ: Ата-бабаларымыз ортақ, біз – бауырлармыз
«Еуразиялық бірлік үшін» қоры 2018 жылы «Жібек жолы бойымен ат үстінде» салт атты тарихи экспедициясын жалғастырады

2017 жылы д-р Иштван Бенце, Қордың қамқоршылық кеңесінің төрағасы, Ақтаудан Астанаға дейін салт атпен Қазақстанды жүріп өтті. 2018 жылы ол Қазақстандағы төртінші экспедицияны басқармақшы. Осыған дейін ол «Алтын Адамнан Аттилаға дейін» (2009 ж.), «Еуразия» салт атты тарихи экспедициясы (2012 ж.), «Жібек жолы» салт атты тарихи экспедициясын (2017 ж.) бастаған болатын. Осы уақыт ішінде ол Қазақстанның 11 облысында болды. Былтыр Венгрияның Ұлттық күні EXPO ASTANA 2017 көрмесінің аумағына салт атпен келіп, Астанадағы көрме тарихында салт атпен келген жалғыз адам болды. Д-р Иштван Бэнце қазақстандық экспедициялардың негізгі идеясын былайша қалыптастырған:

«Ғұндар, скифтер, қыпшақтар – бәріміздің ортақ ата-бабаларымыз, сондықтан да, біз – бауырлармыз. Мен осымен Қазақстанға төртінші салт атты экспедицияны бастап бара жатырмын, сондықтан да, Каспий теңізінен бастап Алтай тауларына дейінгі ағайындарымыздың жерімен жүріп өттім деп айта аламын. Мен Қазақстанға тұңғыш рет келгенде, Тамғалы Тастың көне тастарының арасында жалғыз қалып қойдым, ал тобым алға жылжып кеткен еді. Кенет көкжиекте салтты жауынгерді көрдім. Бұл – елес, өткеннен келген белгі еді.

Мен ата-бабаларымыз, ұлы еуразия даласының жауынгерлері туралы ойға кеткен едім. Олар ғұндардың ұлы көсемі Аттиладай Алтай тауларынан Карпат бассейндеріне дейін атпен жиі келген. Ата-бабамыздың жүрген жолымен жүріп өтпекші болдым. Тіпті ең кішкентай ауылдың өзінде бізді қазақ халқы зор сүйіспеншілікпен қарсы алды. Бауырлас мажар халқының сәлемін жеткізгенімді адамдар түсінді. Экспедиция бойынша менің үзеңгілес серігім Farkas Csemez Қазақстанға осымен үшінші рет келді. Ол – көкпар бойынша мажарлық команданың капитаны. Енді ата-бабамыз жатқан зиратқа, әйгілі Берел қорымына бару үшін, Алтай тауларына салт атпен бармақшымын.  Сол жерден табылған жәдігерлерді профессор Қырым Алтынбеков қалпына келтірді. Біз – мажарлармыз, ғұндар мен сақтар – біздің ата-бабаларымыз.

Профессор Қырым Алтынбековтың бірегей сақ экспозициясын Мажарстанда дәл осылай таныстырдық.  Мен Қазақстанда тек әсем табиғатты ғана көріп қойған жоқпын, мен осы жерден тамаша достар да таптым. Қазақ халқы зор еңбекпен өз елін қайта қалпына келтірді. Бүгін Қазақстан – Орталық Азиядағы ең мықты әрі заманауи ел. Қазақ халқының қол жеткізген жетістіктерін бүкіл әлем мойындаған. Әсем әрі заманауи Астана, гүлденген ел, осының бәрі қазақ халқының еңбегінің жемісі».

Осы жолғы салт атты экспедициямыздың бірінші кезеңі Павлодар облысының атшыларымен ұйымдастырылып, Астананың 20 жылдық мерейтойына арналды. Экспедициямыздың бағыты Қарағанды облысындағы Тасбұлаққа дейін созылмақ. Салт аттылар Абайдың туған жерінде болып, одан соң Берел қорымына барып, Шыңғыс ханның әскери жорығының ізімен жүріп өтпекші. Жолдың өн бойында олар қазақ халқының киелі жерлерінде болып, бірнеше ұлттық парктер арқылы өтеді.

Қазақстаннан кейін экспедиция өз жолын Моңғолияда, моңғолдардың ежелгі астанасы Қарақорымда жалғастырмақшы.  Салт атты экспедиция 12 маусымда басталмақшы, оған Астана әкімі старт бермек. Экспедицияның Қазақстан аумағындағы бағытының негізгі демеушісі – «Технодом» сауда дүкендерінің желісі, басшысы Петер Себестин.   

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English