«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Клара Цеткин мен Томиристің арасында қандай ұқсастық бар?

873 0
Клара Цеткин мен Томиристің арасында қандай ұқсастық бар?
Совет заманы көптеген пәтерлерінің қабырғасында өнердің қарапайым элементтері – мыстан жасалған картина ілініп тұратын, ал онда қолынан қылыш ұстаған әйел жеңілген жауының басын кесіп алып қарап тұр

Бұл әйел кім?

Совет замынан қалған дәстүр бойынша 8 Наурызда ер-азаматтар бар зейінін әйелдерге бөледі: гүл сыйлайды, олардың құрметіне бокал көтереді, жағымды тілектер айтады.

Халықаралық әйелдер күні – көктем мен әйелдерге деген ерекше ықылас мерекесі. 8 Наурыз күні о баста өз құқықтарын ер адамдармен теңестіруге талпынған революционер әйелдердің мерекесі ретінде ойластырылған болатын.

Халықаралық әйелдер күнін тойлау идеясын 1910 жылы Копенгагенде өткен жұмысшы әйелдердің 2-ші Халықаралық конференциясында Германияның социал-демократтық партиясының әйелдер тобының көшбасшысы Клара Цеткин ұсынды. Клара Цеткин Халықаралық әйелдер күнінің әр елде бір күнде тойлануын ұсынды.

Мерекенің мақсаты – әйелдердің өз құқықтары үшін күресі деп көрсетті революционер әйел. Қазақстандағы әйелдердің тең құқығы тек қана Қазақстан Республикасының Конституциясымен ғана емес, сонымен қатар олардың саясатта, бизнесте, ғылымда және қоғам өмірінің басқа да салаларында белсенді қатысуымен бекітілген.

Тең құқықтық дәстүрінің тамыры тереңге кетеді. Ұлттық бірігу, еркіндікке құштарлық, батырлық идеяларының тұңғыш әйел образы – символы – массагеттердің даңқты патшайымы Томирис немесе Тұмар. Оның есімі жай ғана символ емес, тұтастай ұлттық бренд.

Томиристің б.з.д. VI ғасырда өмір сүріп, билік жүргізгені, оның басқаруымен сақтардың парсы елінің патшасы Кирге қарсы жүргізген азаттық соғыстарының хроникалары әлемдік және қазақстандық тарихнамада тіркелген.

Геродоттың хрестоматиялық болып кеткен әңгімелерінде мынадай сипаттамалар бар: Ерінің өлімімен кейін массагеттерді әйел басқарды. Аты Томирис болды. Оны әйелдікке алғысы келген Кир оған құдалық туралы келіссөздер жүргізу үшін  хабаршылар жібереді. Бірақ, Кирдің өзіне емес, массагеттердің патшалығына құда түсіп отырғанын түсінген Томирис оның неке қию туралы ұсынысын қабылдамайды.

Осыдан кейін айласының іске аспағанын ұққан Кир, Араксқа бағыт алып, массагеттерге қарсы ашық соғыс жорықтарын бастап, кемелердің кермесіне мұнара тұрғызып, әскерін өзеннен өткізу үшін көпір сала бастайды. Кир осымен айналысып жатқан кезде Томирис оған жаушы жіберіп, былай дейді:

«– Мидиялықтардың патшасы, ниетіңнен қайт! Жоспарыңның іске асар-аспасын өзің де білмейсің! Өз патшалығыңа бар да, өз билігіңді жүргізе бер, бізді күндеме». Массагеттер Кир патшаның әскерін быт-шытын шығарып, жеңеді, ал Кирд қаза табады.

Рубенс. «Томирис Кирдің басымен». 1622 жыл. Бостон көркем өнер музейі, АҚШ

«Торсықты адам қанына толтырып алып, қаза болған парсылықтардың ішінен Томирис Кирдің мүрдесін іздейді. Денені тапқан соң, Кирдің басын кесіп алып, осы торсыққа салып тұрып былай дейді:

«Әйтеуір, тірі қалдым, сені жеңіп шықтым демесем, жан дегендегі жалғыз ұлымды аярлықпен қолға түсіріп,сен менің түбіме жеттің! Енді сертімді орындап, басыңды қанға бөктіріп, сусыныңды қандырам».

«Көркемсурет өнерінің жаңа энциклопедиялық сөздігі» былай дейді: «бұл қатігез сюжетті суретшілер әділеттілік аллегориясы ретінде, қастандық, өтірік пен сатқындық міндетті түрде жазаланатындығын көрсетеді. Осы сюжеттегі картиналарға қалалық магистраттар, оларды сот залдарында ілу үшін тапсырыс беретін. 

Теологтар Томирис пен Кир оқиғасын көне өсиеттегі (Ветхи завет) Юдиф пен Олоферн оқиғасына»параллель» ретінде жүргізеді, ал, қатігез патшаға кек қайтарып тұрған патшайым образын Ібілісті жеңген Құдай ана Мария образында қарастырады».

Бұл сюжетті Ұлы Рубенс екі рет салған: Кирдің басын қан толы тостағанға салған Томиристің салтанаты (суретші Геродоттан біршама өзгеше сипаттап, торсықтың орнына тостаған салған). Сурет оқиғаның мәнін көркем суреттейді. Суретте балалар мен түрлі дәрежедегі ақсүйектер салынған. Патшайым екі жаққа да табандылықтан сабақ беріп тұрғандай. Ол жауларына қатысты өз күшін де, өз қатігездігін де көрсетіп тұр. Мұрагерлер үшін бұл – жауларымен қалай әрекет ету керектігінің сабағы. Ақсүйектер үшін – егер олар патшайымға қарсы көтерілетін болса, алдарында не күтіп тұрғандының ескертпесі.  

Рубенс. «Томирис Кирдің басымен». 1620 жыл. Лувр.     

Мадали Найманбаев «Томирис туралы жыр» атты тамаша поэма жазып шықты. Оқырмандар үшін ол көптеген жаңа және қызықты материалдар ұсынады. Әсіресе томирис патшайым әсерлі суреттелген. Автордың бұл еңбекті дала халқының мәдениеті мен тарихын ескере отырып жазғаны көрініп тұр.

Томирис патшайым. Монумент, Астана, Қазақстан.

Сақ патшайымы тек Ұлы дала тарихына ғана емес, адамзаттың әлемдік мәдениетіне де өз үлесін қосты. Қазақ жерін жоңғарлардан, қытайлардың агрессиясынан, Ресей империясының отарлау экспансиясынан, Ұлы Отан соғысы жылдарында жаудан қорғаған қыздарымыз қаншама! Сіздер әрқашан біздің жадымыздасыздар!  

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English