Жарияланымдар

ЖАҢҒЫРҒАН МУЗЕЙ

02 Наурыз 2018
1000
0
ЖАҢҒЫРҒАН МУЗЕЙ
Отырар ауданында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің экспозиция залының ресми ашылу рәсімі болып өтті

Салтанатты жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі өкілдері, республикалық және облыстық музей басшылары, қызметкерлері, Отырар ауданының әкімі, мәдениет және білім саласының қызметкерлері және музей ардагерлері қатысты.

Алғашқы сөз алған аудан әкімі Отырар тарихына байланысты біраз мағлұматтар беріп, Отырардың қазақ тарихындағы маңызды рөлі турасында сөз сөйледі. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Мәдениет және өнер істері департаменті, Репертуарлық саясат басқармасының басшысы Барлыбаев Сәбит Жарасұлы бүгінгі алғыс айту күнімен келген қонақтарды құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Өз кезегінде сөз алған Отырар қорық-музейінің директоры Жандосов Айбек Қыстаубайұлы жаңадан жаңғырған экспозиция залының мазмұнына тоқталып, экспозиция залының жаңғыруына ат салысқан азаматтарға өз ризашылығын білдірді. Қазақ тарихының шежіресін көрсететін музейдің бет-бейнесі – экспозиция залының ашылу лентасын аудан әкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Мәдениет және өнер істері департаменті, Репертуарлық саясат басқармасының басшысы Барлыбаев Сәбит Жарасұлы және аудандық мәслихат хатшысы Манапов Мырзахан Бексұлтанұлы қиып, экспозиция залын тамашалау өз жалғасын тапты. Заманауи жабдықталған музей экспозициясының археология, этнография және алтын залдарын тамашалаған қонақтар ереше әсер алды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, этнограф Өзбекәлі Жәнібеков, жазушы қоғам және мемлекет қайраткері Шыңғыс Айтматов, фарабитанушы ғалымдар Ақжан Машанов, Әбсаттар Дербісәлиев, ақын Мұхтар Шаханов т.б. бірқатар ғалымдар және шетелдік белгілі азаматтардың қолтаңбалары бар тілек кітабына өз қолтаңбаларын қалдырды.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Ең көп оқылған
Сауалнама

«Болашақ» бағдарламасына 25 жыл толды. Бұл бағдарламаға қатысыңыз бар ма?