«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Басты мақсат – қарқынды даму

1614 0
Басты мақсат – қарқынды даму
Астананың қалыптасу тарихынан естеліктерді жариялауды жалғастырамыз. 1998 жылдың аязды ақпаны мен Президент шенеуніктердің демалуына мұрша бермеді

Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1998 жылғы 20 ақпанда өзінің Ақмоладағы резиденциясында үкіметтің басшылық құрамымен бірқатар өзекті мәселелер бойынша кездесу өткізді. Мемлекет Басшысы не туралы айтты?

Кездесуде Қазақстан Президенті республика өмірүшін бірінші кезекте шешілуі керек маңызды мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығындағы реформалардың жүзеге асырылуы туралы айтылып, көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы талқыланды.  

Шағын және орта бизнестің дамуы туралы, зейнетақы реформасының алға жылжуы туралы хабарламалар тыңдалынды. Кездесуде түбегейлі экономикалық реформалардың тереңдетілуі, республикада жұмыс істеп жатқан шетелдік компаниялар мен фирмалардың ісіне араласпаушылықтың маңыздылығы туралы айтылды. Бірақ, бұл ретте, Назарбаев баса көрсеткендей «Қазақстанның экономикасына өз капиталын салған шетелдік инвесторларға еліміздің Заңына қайшы келетін өзіндік әрекеттер жасауына жол берілмейді».

Республикамызда жұмыс істейтін шетелдік кәсіпкерлер біздің үкіметпен бекіткен шарттарды бұлжытпай орындауы керек – бұл таза өндірістік істерге де, салық салу талаптарын орындауға да қатысты. Өз кезегінде, проблемалар аз туындауы үшін үкімет те шетелдік инвесторлармен көбірек жұмыс істеуі керек. 

Республика басшысы ауыл шаруашылығында реформа жүргізуге қажетті табандылық танытпай отырғаны үшін облыс пен аудан әкімдерін қатаң сынға алды. Бұқара халыққа зейнетақы реформасының маңыздылығын түсіндіру жұмыстарын жүргізген кезде жергілікті органдар да қалыс қалмауы керек.   

Кездесуде Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында ҚР Үкіметінің алдына қойылған тапсырмаларды орындау барысы қаралды. Жаңа астана Ақмоланың ресми тұсаукесеріне қатысты сұрақтар, сонымен қатар қала инфрақұрылымының бұдан әрі даму мүмкіндігі тыңғылықты талқыланды.

Ел Президенті Үкімет басшылығындағы маңызды кадрлық өзгерістерге тоқталып, жаңа лауымдарға тағайындалған тұлғалардың өздеріне жүктелген жұмысты абыроймен атқаратындықтарына сенім білдірді.

Мақаланы әзірлеу кезінде ҚР Ұлттық кітапхана қорының мерзімдік материалдары пайдаланылды

 

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English