«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Депутаттардың алғашқы отырысы

1192 0
Депутаттардың алғашқы отырысы
Оқырмандарымызды астананың қалыптасу тарихымен одан әрі таныстыруымызды жалғастырамыз. 20 жыл бұрын Ақмолада Мәжілістің алғашқы отырысы өтіп, онда астана мәртебесі туралы заң жобасы талқыланды

1998 жылдың 22 қаңтары Республика Парламентінің тарихына жеке тармақ болып жазылды – бұл күні Мәжілістің жаңа астанадағы тұңғыш пленарлық отырысы өтті.

1998 жылы Республика Парламентінің ғимараты Ақмоланың орталық алаңын шын мәнінде безендіріп жіберген еді. Шебер құрылысшылардың күш-жігерінің арқасында Целингипросельхоздың жабырқаңқы «зәулім үйі» танымастай болып өзгерді, ішкі-сыртқы көрінісі әжептәуір заманауи келбетке ие болды. Өз сайлаушыларымен болған кездесулерден оралған депутаттар жаңа апартаменттеріне қоныстанып жатты.

Отырысты ашқан Мәжіліс Төрағасы Марат Тұрдыбекұлы Оспанов әріптестерін шын мәніндегі айтулы оқиғамен – Ақмоладағы «премьерамен» құттықтап, ТМД-ның төрт мемлекетінің басшыларымен кездесуге Мәскеуге кетсе де, депутаттарға жемісті жұмыс тілеуді ұмытпаған ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құттықтауын депутаттарға жеткізді.

Алғашқы отырыстың өзінде-ақ «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Заң жобасын талқыланды, жұмыс қызу жүрді. Иә, ресми, заң жүзінде де, іс жүзінде де Ақмола енді астана болды. Оның жаңа рөлі Республика Президентінің 1997 жылғы 20 қаңтардағы «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» Жарлығымен бекітілді. Президент, Парламент, Үкімет, министрліктер мен ведомстволар жаңа орындағы жұмыстарына кірісті. Ақмолалықтар біртіндеп өздерінің жаңа мәртебелеріне бой үйрете бастады. Жергілікті билік талаптардың жаңа деңгейін, өмірдің жаңа сапасын бекіту үшін бар күш-жігерлерін салды.

Ақмола әкімі Ә.Жақсыбеков қаладағы қызу жұмыс екпінін атап өтті, бұл кезде 1998 жылға арналған бағдарламаны қалыптастыру, тұсаукесерге дайындық  жүріп жатты,  қайта жаңғырту және құрылыс жұмыстары жалғасып жатты. Нормативтік база бойынша қандай да бір айрықша сұрақтар туындамағанмен, астана мәртебесі туралы заң керек болды.

Әділет министрі Б.Мұхамеджанов ҚР Үкіметі дайындаған жобаны таныстырды. Құжатты алдын ала тиянақты зерделеген депутаттар оны сұрақтың астына алды. Р.Жұмабекова, В.Меренков, Р.Шер, У.Жолдасбеков, А.Бекбосынның және олардың әріптестерінің сөйлеген сөздерінен, жобаның әлі шикі екендігі, онда жекеменшік, жекешелендіру, бюджетті қалыптастыру, қала мен облыс аумағын белгілеу сияқты және тағы да көптеген басқа сұрақтардың қарастырылмағандығын көруге болады.

Заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитет төрағасы Р. Қуанышбаева жобада астана және арнайы экономикалық зона мәртебесінен туындаған экономикалық қатынастар, Ақмоланың өкілетті және атқарушы органдарының өкілеттілігі мен қарым-қатынасы бүге-шігесіне дейін егжей-тегжейлі жазылуы керектігін айтады, ал бұлардың ешқайсысы құжатта көрсетілмеген.

Депутат О. Сабденов жағдайды алдын-ала зерделеудің қажеттігін, Ақмоланың шешуді қажет ететін мәселелерін айқындау керектігін, ғалым-сарапшылардың не айтатындығын саралау қажеттігін атап өтті. Депутат З.Қадырованың пікірінше, жаңа заң мемлекеттің де, ақмолалықтардың ба мүддесін ескеруі керек.  

Алматыны аңсаушылар да болды. Ескі астананың маңызды рөлін еске сала отырып, ол «ұмытылып, шетте қалып қоймас үшін» депутаттар оның мәртебесі туралы заңды әзірлеуді жылдамдату керектігін баса айтты.

Ұзаққа созылған жарыссөздерден кейін депутаттар жобаның әлі де шикілігіне тоқталып, оның одан әрі тағдыры туралы: «қабылдамау», «қайта түзетуге қайтару», «бірінші оқылымда қабылдау» сияқты бірнеше ұсыныстар айтылды. Ақыр соңында депутат А.Рамазановтың «жобамен жұмыс істеуді жалғастыру» деген ұсынысын көпшілік қолдады. Жаңа астана өмірінің барлық аспектілерін көрсетіп, дайын болған нұсқа 1998 жылдың мамырында қабылданды.

Бірқатар заң жобаларымен әлі де жұмыс істеуді жалғастыру туралы қаулыны қабылдап, және осы бойынша өз комитеттеріне тапсырма берген Парламент Мәжілісі, республика үшін аса өзекті «Тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Заңының жобасын ұсынған Экология және табиғат пайдалану мәселелері бойынша комитет төрағасы А.Ахметовтың баяндамасын тыңдады.

Қазақстан ұзақ уақыт бойы ядролық сынақтар өткізетін полигон болғандығы бәріне белгілі. Депутаттардың өздері бастамалап, және өздері дайындаған жоба академиялық институттар мен МАГАТЭ сараптамасынан өтті. Жарыссөздерден соң Мәжіліс заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.

1998 жылы шыққан «Казахстанская правда», «Акмолинская правда», «Инфо-Цес» газеттерінің материалдары бойынша.

И. Бургандиновтың суреттері. 

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English