«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

2303 0
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасы Қорының жанындағы Жас ғалымдар кеңесі 2017 жылдың 23 қарашасында  Алматы қаласында жас ғалымдардың «Заманауи Қазақстандағы инновациялық даму мен ғылымға деген сұраныс» XI халықаралық ғылыми конференциясын өткізді.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының басшылығы атынан және Қор жанындағы Жас ғалымдар кеңесі атынан Елбасы Қорының жанындағы Жас ғалымдар кеңесі төрағасы Махмұт Томанов жас ғалымдардың «Заманауи Қазақстандағы инновациялық даму мен ғылымға деген сұраныс» XI халықаралық ғылыми конференциясы қатысушыларын құттықтап, сөз сөйледі.

– Бұл конференция Тұңғыш Президент күнінің қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өтіп жатыр,- деп атап өтті Махмұт Томанов. Замануи әлем технологиялық әзірленімдермен тым қатты әуестеніп кеткен заманда Қазақстан Президенті Рухани жаңғыру» бағдарламасында республика дамуының рухани бөлігіне баса назар аударады. Бұл конференция Президенттің «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасының басты бағыттарының проекциясын көрсетуге арналған.

Конференция аясында жас тарихшыларға, археологтарға, әлеуметтанушыларға, психологтарға арналған шеберлік сабақтары, дөңгелек үстел, күзгі мектеп өткізіледі. Қордың күмбезінде адамның күнделікті өмірін жеңілдетуге арналған IT-жобалар мен 15 бірегей әзірленім көрмесі ұсынылған. Мектеп оқушылары үшін Ақпараттық технологиялардың халықаралық университетімен бірлесіп робототехника бойынша жарыстар ұйымдастырылған.

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы Айболат Көшкімбаев көшпелі қоғамда қандай жаңалықтар болуы мүмкін деген сұраққа жауап іздеп көрді. Бұл сұрағына: – Дәл осы көшпенді империяларда алғашқы ноу-хаулар пайда болып, көшпенділердің арқасында бүкіл әлемге тараған, – деп жауап берді. Көшпенді халықтар жаңа білімнің, бірегей ақпараттың тамаша таратушылары болған. Ал заманауи әлемде Қазақстан Батыс пен Шығысты, Оңтүстік пен Солтүстіктің арасындағы сенімді байланыстырушы буын бола алады.

«Қазақстан тарихы» веб-порталының («Қазконтент» АҚ) шығарушы редакторы Арман Сүлейменов қоғамдық сананы жаңғыртуды жүзеге асыру туралы айтып берді. Интернет-жоба «Самұрық-Қазына» АҚ-ның және ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің қолдауымен Рухани бірлік қорының тапсырысы бойынша дүниеге келді. 2013 жылғы 25 қыркүйекте «Қазақстан тарихы» веб-порталының ресми тұсаукесері 2013 жылдың 25 қыркүйегінде өтті. 2014 жылдан бастап портал «Қазконтент» АҚ-ның балансына көшті. «Туған жер», «Қасиетті Қазақстан» бағдарламаларының жүзеге асырылуын баяндау бойынша порталдың журналистері Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында болып қайтты. Жұмыс нәтижесі бойынша порталда тамыз айында 33 мақала, қыркүйекте – 53, қазанда – 57 мақала жарияланды. Бұдан басқа, 15 инфографика, 15 папка фотоматериал, 11 бейне материал жарық көрді.

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің философия кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты Денис Качеевтің сөз сөйлеуі таңғалдырып, қуантып тастады. Ол өз баяндамасын таза қазақша бастап, мемлекеттік тілге деген құрметін көрсетті. Бұдан соң спикер қоғамдық сананы жаңғыртуда диалектикалық тәсілді қолдану туралы айтып берді. Ел тарихында бірнеше жаңғыруды бөліп алып айтуға болады, бұл – Қазақ хандығының құрылуы, Ресей империясының отарлауы. Үшінші жаңғыру ССРО ыдырағаннан кейін болды. Қазіргі уақытта біз әлемдік тенденцияларды ескеріп, бірақ салт-дәстүрді сақтай отырып Қазақстанның дамуына мүмкіндік беретін қоғамдық сананы жаңғыртудың қажеттілігінекеліп жеттік, – деп қорытындылайды автор.

Пленарлық сөз сөйлеулерден соң тыңдаушылар өз қызығушылықтары бойынша бөлініп кетті: күмбездің астында, бесінші қабатта, IT-жобалар қойылып, робототехника бойынша жарыстар жүріп жатты. Роботтар осынша құмарлық пен эмоциялар тудырады деп ойламаппын!  Тапсырмалар орындау үшін әр мектептің тобы өз роботын дайындап әкеліпті. Роботтарда да мінез баршылық екен, дәл жауапты сәтте жарға жығып жатты.

Бұл сәттерде қатысушылар «жөндеу-қалпына келтіру» жұмыстары үшін бір минуттық үзіліс алуларына тура келді. Нәтижесінде жеңіс ең қажырлы әрі табанды топ – «Мирас» мектебінің тобына бұйырды. ҚР Мұрағатының құжаттарды ғылыми жариялау басқармасының басшысы Евгения Чиликова студенттерді мұрағат жұмысының ерекшеліктерімен таныстырды.

Назарбаев университетінің әлеуметтану және антропология кафедрасының ассистент профессоры Паула Дюпюй «Uncovering Eurasian prehistory through scientific tools and collaboration» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.

Үлкен залда Айболат Көшкімбаев «XIII-XIV ғасырлардағы Моңғол империясының әскери өнері» тақырыбында қызықты шеберлік сабағын өткізіп жатты. Тарихқа шағын экскурс жасаған ғалым Моңғол империясының құрылуы туралы айтып берді. Стратегия, тактика, әскери ұйымдастыру – моңғолдардың әскери өнері жетістігінің басты сәттері. Адам өз эволюциясының өн бойында жауын жеңудің тәсілдері мен түрлерін ойлап табумен келеді. Осындай қарсы шығулар мен жауаптар жүйесі әскери істің барлық тарихы болып табылады.  

Профессор мынадай қызықты фактімен бөлісті: белгілі неміс генералы Э.Роммель моңғол қолбасшыларын зерделеп, солардың жауынгерлік тәжірибесін қолданған.  Оны «Шөл даланың түлкісі» деп тегін айтпаса керек.

Слайдтарда моңғол әскерлерінің қару-жарақтары мен сауыттары көрсетіліп, студенттердің іштерін пыстырмағаны анық. Шеберлік сыныптарының қорытындысы бойынша барлық қатысушылар тек білім ғана алып қойған жоқ, сонымен қатар сертификаттар да иеленді.

 

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English