«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Мәшһүр Жүсіптің құнды дүниелері

2459 0
Мәшһүр Жүсіптің құнды дүниелері
Павлодар облысында «Киелі Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру жүргізіліп жатыр. Бағдарлама аясында облыстың қасиетті картасының объектілері бойынша ұсыныстар енгізілді

Осындай қасиетті жерлердің бірі – Баянауыл ауданының Ескелді елді-мекенінде орналасқан Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің музейі. NDH порталының журналистері мемориалды кешенде болып, осы ерекше музей туралы Бұқар жырау атындағы Павлодар облыстық музейі директорының орынбасары Мағзия Жүнісова әңгімелеп берді.

Бұл толықтай кесенелік кешенде ұлы ақын, философ Мәшһүр Жүсіп Көпеев жерленген. Кешенге кесененің өзі, жақсы қонақ үй, музей және шаруашылық үй-жайлары кіреді. Бұл жерде автокөліктерге арналған тұрақ та қарастырылған. Жыл бойына, әсіресе жаз кезінде бұл жерге келетін адамдар қарасы үзілмейді. Ақынның мемориалдық музейін осында, Ескелдіге, көшіргендері де жақсы болды. Қонақ үй ғимаратының бірінші қабатында музей орналасқан, бұл музейде осы күнге дейін сақталған ақынның өзі қолданған құнды дүниелері қойылған.   Бұл құнды жәдігерлер – ұлт игілігі. Олардың бәрі де Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ұрпақтарының, балаларының немерелерінің арқасында сақталып, бүгінгі күнге дейін жетті.  

Ұлы ақыннан «Ұрпақтарыңыз қандай болады?», – деп сұрағанда, ол: «Олардың ішіндегі ең пайдасызының өзі қой баға алатын болады, алайда әр ұрпағымның өзіндік ерекшелігі болады», – деп жауап берген екен.

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ұрпақтарының ерекшелігі – оның рухани мұрасын сақтауы деп санаймын. Ұрпақтары ақын қайтыс болған соң, оның қолжазбаларын бірнеше рет көшіріп Семей, Алматы, Павлодардың архивтеріне тапсырған, соның арқасында осы мұралар бүгінгі күнге дейін жетті.

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өзі қолданған жәдігерлер ерекше құнды. Бұл жәдігерлерде ақынның қолының жылуы мен оның рухани аурасы сақталғандай. Біз үшін ең құндысы – ақынның көзі тірісінде үнемі өзімен бірге алып жүрген Құран Кәрімі. Ол қаптамасымен бірге сақталған.

Тағы да бір құнды дүние – қоржын. Егер көшпелі халықтар қоржында ас-суын алып жүрсе, Мәшһүр Жүсіп атамыз кітап, қағаз, жазбаларын алып жүрген.

Оның жеке заттары баға жетпес жәдігерлер. Музейде ақынның шалбары қойылған. Шалбар кестеленіп тігілген. Ол ақынның тура мағынасында да қандай алып тұлғалы адам болғанын көрсетеді.

Ол ірі денелі адам болған. Бұған дәлел – оның белбеуі. Белбеу аңшыларға арналып жасалған. Онда қайрақ, пышақ қап, оқшантай және т.б. салуға арналған орын бар.

Музейде ойшылдың жеке заттарның ішінде көзілдірігі де қойылған. Түннің бір уағына дейін май шамның жарығымен жазба жазған кезінде осы көзілдірікті пайдаланған.

Мәшһүр Жүсіптің бүркітші болғаны да мәлім. Өзінің бүркіті болған. Кезінде оған аушы құс сыйлаған екен, оны немересі күтіп-бағыпты. Бүркіттің басына кигізілетін көзқап – томаға сақталған.

Пәлсапашының көзі тірісінде қолданған заттары да қызығушылық тудырады. Бізде керемет самауыр сақталған. Жібек жолында сауда қызып тұрған кезде, көпестер осы үлкен жез самауырды әкелген екен. Самауырдың қақпағында «Самовар его Императорского величества» деген жазу бар.

Ол шай ішкенді жақсы көрген. Бұнда оның кеселері, «сапар-кесе», қасық сақталған.

Тағы да бір қызықты жәдігер – «тіс тазалағыш». Бұл тіс тазалағыш сұрыбы ерекше ағаштан жасалған, бойлай тілінген тілігі бар. Біздің облыс тұзды көлдерімен белгілі. Олар барлық жерде бар. Осы тұзды көлдердің жағасында минералды тозаң жиналады. Тіс тазалау үшін осы минералды тозаңды пайдаланған. Ташкент, Бұхара, Самарқаға барған сапарларында Мәшһүр ата тіс тазалауға арналған құрал «тіс тазалағышты» - қазіргі тіс щеткаларының түп бейнесі, көріп сатып алған, өзі де қолданған, жұртқа да көрсеткен. Осылайша, ол қазақтарды басқа халықтарда барды үйренуге шақырған. Бұл адам ағартушылық қызметпен де айналысқан.   

Бұнда қолға су құятын құман да бар. Намаз оқыр алдында дәрет алу рәсімін жасайды. Жез леген де қойылған. Кісі беті-қолын жуған кезде осы легенді қойған.

Кілем де өте жақсы сақталған. Бұл жай кілем емес. Мәшһүр Жүсіп өлерінің алдында жер қойнына берілмесе де, денесінің бұзылмайтындығын айтқан. Ол қайтыс болғаннан кейін оның көріпкелдігіне сәйкес, денесін көмбей, мазардың астыңғы бөлмесі – көрханаға қояды. Оны үйден шығарғанда осы кілемге орап шығарған. Кілемді ұрпақтары осы күнге дейін сақтап жеткізген. Сондықтан да бұл кілем – баға жетпес игілік.

Бұдан басқа, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ұрпақтары әулетінде оның әкесі Көпейдің әйгілі Көк Құраны сақтаулы.  

Кешеннің бірегейлігіне қарамастан, Мәшһүр Жүсіп атамыздың ұрпақтарының алдында жылдам шешуді қажет ететін мәселелер де баршылық. Музей қонақ үйдің ғимаратында орналасқандықтан бірегей жәдігерлерді сақтауға және  экспозициялау үшін жағдай жасалмаған. Музей экспонаттарын сақтауға ерекше жағдай жасау керек, ал ол үшін жеке үй-жай керек. Шырақшыларда осы мәселені шешуге үкімет тарапынан көмек көрсетіледі деген үміт те жоқ емес.  NDH порталы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мемориалдық кешеніне қатысты туындаған жайтты қадағалап отырады. 

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English