«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Түстікбай тоғаны

5874 0
Түстікбай тоғаны
Терісайрық өзенінің жайдақ жері Жырғалы қыстағының өр жағынан қолмен тоған қазып, ауылдың сырты Китіңқара тауының бауырымен жүргізіп отырып, Талпындағы егіндікке су шығарған адам – Түстікбай ұста

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жаңа мақаласында туған жерге тағзым ету, тіл мен дінді сақтай білу керектігі ерекше атап көрсетілген. Айрандай ұйып отырған, шежірелі тарихы бар алты жұмық, бес сатының баласы – жер жаннаты Шілікті өңірін мекендеген ұрпақ болып жайқалып өсіп келеді. Көне бабаларымыз сақтардың 51 қорғаны мемлекет қорғауына енген, соның бірінен Қазақстандағы үшінші Алтын Адам табылғаны жеріміздің көне заманнан тамыр тартып қана қоймай, қасиеті мен киесі астасқан тағдырлы мекен екенін айғақтайды.

Бұл мақаламызда біз тоғандар туралы айтатын боламыз: белгілі түркітанушы ғалым, профессор Т. Зәкенұлының пайымдауынша, қазақтар, олардың бабасы прототүріктер тек көшпелі мал шаруашылығымен айналысып қана қоймай, қажетті жағдайда отырықшы өмірге де бейімді болып келген. «Біз бір кеңістікте өмір сүргендіктен, алдымен осы Қашқария және Әмудария бойы, Ферғана өлкесімен тікелей байланысқа түстік. Өндірістік құрал-саймандарымыз, түрлі әшекей бұйымдарымыз, ыдыс-аяқтарымыз сол тараптан әкелетін еді. Ал бізден сол жаққа жететін тауарлар түрін мал және аң шаруашылығының өнімдері, бағалы заттар, асыл тастар түрлері қамтыды. Осы байланыс экологиялық байланыс секілді бірін-бірі толықтырып, бірін-бірі жақындатып тұрды» дейді Т. Қайыркен.

Қазақтың тұрмыстық шаруашылығында тоғандардың алатын орны айрықша. Тиісті жерге суды жеткізіп берудің жолы деп түіну қасаң ұғымға әкеледі, кең ауқымда тоғандар – өмір сыйлаушы, жалғастырушы дәнекер ретінде сипатталса ғана мағынасы ашылады. Қиын-қыстау замандарда халық үшін, жарқы болашақ үшін қазылған тоғандар жайлы зерттеуімізде мысал ретінде шығыс өлкедегі жерлерді пайдаландық.

Тарбағатай мен Маңырақтың арасында сұлап жатқан, ұзыны алпыс, ені отыз шақырымды құрайтын алып жазық Шіліктінің күнбатысында сылдырап ағып Терісайрық жатыр. Бұл – Жаңаталап ауылының жері. Сай-саласы бел ассаң, сарқыраған бұлақ болып келетін ағыны қатты, асау өзен көктемдегі қар суымен молайып, ары-бері өткел бермей таситын. Ауылдың аяқ жағындағы қара шаттан ағаш көпір салынған, сол көпір арқылы ғана екі жаққа қатынайтын. Терісайрық  өзенінің жайдақ жері Жырғалы қыстағының өр жағынан бастап қолмен тоған қазып, ауылдың сырты Китіңқара тауының бауырымен жүргізіп отырып, Талпындағы егіндікке су шығарған. Бұл 1931-1932 жылдары. Техника күші жоқ ол кезде қалай салған, қандай құдірет суды бұлай ағызған? Осы жұмысты жүргізген Түстікбай атамыз дейді тарих. Өзі ұста, шебер, еңбекқор Түстікбай атаның басшылығымен ылди жерлерге  кесек тасты қалап отырып, су жырып кетпейтіндей етіп арна жасаған. Арнаның су жүретін деңгейін сынап қойып өлшеп отырған екен. Сол тоған күні бүгінге дейін «Түстікбай тоғаны» деп аталады.

Тастан өрілген су жүретін тоғанның жалпы ұзындығы – 12 шақырым. 80 гектар жерге егін егіп, аш-жалаңаш уақытта адамдарды ашаршылықтан аман алып қалған бұл тоғанның маңызы айрықша. Ал жанкешті еңбек еткен тоған қазушылардың тас қашап,  жер қазып, аш-жалаңаш жүрсе де, ел игілігіне деп жасаған амал-әрекеті кейінгі ұрпаққа айтып жүреліктей тарихи ескерткіш болып қалды.

1970-1980 жылдары ауданды басқарған бірінші ауданның хатшысы Зәріпхан Дәукеевтің тоғанды көріп тұрып, тебіреніп: «Пай-пай, шіркін-ай, Тарбағатайдың тоғыз совхозына тоғыз директор емес, мынадай Түстікбайлар керек-ақ екен» деген тамсанысы әлі де ел аузында. Бұл еңбек ете білген, еңбек еткізе білген шебердің өнеріне тәнті болған, өресі биік, ойы жүйрік басшысының тұжырымды ойы.

Түстікбайдың тоғаны секілді болып Жаңаталаптан кейінгі Жаңаауыл ауылының оңтүстік жағын орап Ақай тоғаны ағып жатыр. Бұл тоғанды да қолмен қазып, Қарашаттан қырға шығаруға басшылық жасаған – Ақай Тоқбайұлы. Колхоздастыру кезінде бригадир, колхоз бастығы болып жұмыстар атқарған Ақай ата сөзі өтімді сыйлы адам болған.  Бұл кісі менің сынып жетекшім Әдия апайдың әкесі еді.  

Ақай тоғанымен аққан су бүкіл Жамандала даласына жайылып, егін егуге септескен, әлі де солай. Бала кезіміздегі ауылдың екі шетіндегі көпірде суға шомылып жүруіміздің өзі осы тоғанның арқасы болатын.

Ашаршылық жылдары ауылға тоған қазып, су шығарған Түстікбай, Қиябай бабаларымыздың зираты Қаракемер өңірінде менмұндалап тұр. Ал Ақай ақсақал ауыл жанындағы қалың қорымда мәңгілік тыныстап жатыр. Жол түсіп барған сайын аттап кетпей, тәу етіп қайтамыз.

Тоғаннан бөлек, Түстікбай атадан қалған өнеге – қол ұсталығы. Әйгілі шеберден ұсталықты үйренген Қожахмет ісмерлігінен, өнерлігінен қиындық-азап көрмей, ел қатарлы тіршілік етіп, сыйлы азамат атанған. «Осыған баулыған Түстікбай еді деп айтып отырушы еді» дейді Қожахметұлы Елемес ақсақал. Міне, ел басына күн туып, ашаршылық болғанда алғаш құрылып жатқан серіктестік, колхоз тұсында елі мен жері үшін ары мен намысын алға салған азаматтар қай кезде де болған.

Барқытбел сілемінің екі бұрымындай екі жақтан өрілген тау-жотасын ай! Шіліктідей алып жазықтың бірі батысынан, бірі түстігінен жанай аққан қосы тентек Терісайрық пен Қандысуым-ай! Осындай көркем табиғатқа тамсана көз тастаған, осынау туған өлкеге деген іңкәр жүректердің сөзі.  Жазығы мен тауы, балдай тәтті, мөп-мөлдір суы мен жайқалған тоғайы, жүз дертке ем болар шырғанағы, өзендегі балығын-ай деп қызығып қимай тұрамыз. Себебі...

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English