«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Қытай императорының 4 мушкетері

2833 0
Қытай императорының 4 мушкетері
«ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі аясында ҚР Ұлттық музейі «Император Цинь Шихуандидің Терракота әскері» атты бірегей көрмесін дайындады

1974 жылы қытайлық фермерлер Қытайдың бұрынғы астанасы Сянянь қаласы жанынан құдық қазып жатып, қызық мүсіндерді тауып алады. Бұл оқиға Ежелгі Қытайдың тарихы мен мәдениеті туралы түсінікті түбегейлі өзгертті.  Б.з.д. 247 жылы Цинь Шихуанди билік басына келеді де, б.з.д. 246 жылы терракота әскерін сала бастайды. Ол 38 жыл бойы осы ескерткішті салып, тек б.з.д. 221 жылы император болған соң ғана ол өзін Цинь Шихуанди деп атаған, ол Циньнің Бірінші императоры дегенді білдіреді. Сол уақыттан бастап қазба жұмыстары нәтижесінде үлкен жерлеу кешендерінің бірнеше учаскелері ашылды. Ірі үш шұңқырда , мәңгілік өмірде императорды қорғауға арналған бірнеше мың әскер бар еді. Бұл мүсіндер бұрын-соңды Қытайдан табылған бірде-бір мүсінге ұқсамайтын. Бұл жұмбақ, «императордың мүсіншілері бұндайды қалай ойлап таба алды?» деген сұрақты туындатып отыр. Тіпті, Ежелгі Грекияның антикалық мүсіндері өзінің «зиянды» әсерін тигізді деген болжамдар да болды.  Бәлкім, Марко Полоға дейін 1500 жыл бұрын Қытайға грек шеберлері келіп, императордың мүсіншілерін ұлы өнерге үйреткен шығар? Заманауи технологияларды, дистанциялық зондылауды, қуатты радарларды қолдана отырып, ғалымдар моланың бұрынғы есептелгеннен гөрі әлдеқайда үлкен екендігін анықтады – 38 шаршы миль (шамамен 98 шаршы шақырым).

Өз бүтіндігін сақтап қалған биік қорған – жерлеу кешенінің орталығы болып табылады. Бұл жерде басқа да көптеген адамдар жерленген еді. Археологтар император кесенесін тұрғызуға қажет болған отыз жылдың ішінде қайтыс болған қолөнершілер мен жұмысшылардың, оның ішінде кісендеулі қылмыскерлердің де жаппай жерленген орындарын тапты. «Терракота әскерінің» әр сарбазы бірегей кескінмен бейнеленіп, шені мен мәртебесіне қалай жайғастырылған. Осы күнге дейін бояу іздері әскерлердің киімдердің ашық түсті үлгісіне әжептәуір дәрежеде сілтеме жасайды. Цинь Шихуандидің қыш әскері жауынгерлерден тұрады, бірақ олардың қолдарында ештеңе жоқ, бұл қаруланбаған ер адамдардың көптеген тобы. Бұл көптеген сұрақтарды туындатады: олардың неге қарулары жоқ? Әлде оларды біреу қарусыздандырды ма? Қытай археологтары  мүсіндердің жанында қазба жұмыстарын жүргізген кезде, бір жерге жаппай көмілген қола қылыштар мен алебардтардан бастап арбалеттерге дейінгі қарулардың және қорамсаққа салуға жеңіл болу үшін 100 данадан жинастырылған 40 000 жебенің ұштарын тапты. Терракота әскеріне арналған қару-жарақтың өндірісі туралы ақпарат алу үшін қытай археологтары қару-жарақ үлгісінің көп санын, металлдың химиялық құрамын талдап, олардың үстіңгі қабатында ойылып жазылған шағын жазбаларды зерделеді. Нәтижелері таңғаларлық еді. Қару-жарақ пен сауыт жасау кезінде бір жұмысшы детальдардың бір типін – жебенің ұштарын, екіншісі, мысалы, жебенің бамбуктан жасалған діңін жасаса, содан соң, қару жасау үшін осы дайындалғандардың бәрін бірге жинайтын қолөнершілерге жіберу сияқты  жинақтау желісі принципі бойынша жүзеге асырылған жоқ. Жебелердің химиялық құрамы басқаны көрсетті. Әр детальдың химиялық құрамы көрші қорамсақтағылардан аздап ерекшеленетін. Бұл император қару-жарақшыларының жан-жақты қолөнершілер болғандығын, шағын шеберханаларда қару-жарақты бастан-аяқ жасап шығарғандарын дәлелдеді. Ақау табылған кезде әр қару-жарақшы жауапкершілікке тартылатын.

Осы жылы терракота әскерлері алғаш рет өз императорын тастап, Қазақстанға сапар шекті. ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралары тізіміне кіргізілген, әлемдік өнердің жауһары – Цинь Шихуанди императордың терракота әскерлерін қазақстандықтарға таныстыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде көрме ұйымдастырылды. Өз құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасы  Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев қазақстандықтарды «Цинь Шихуанди императордың терракота әскері» халықаралық көрмесінің ашылуымен құттықтап, осы терракота әскерлер сияқты бірегей ескерткіштің әлемнің басқа ешбір жерінде жоқтығын атап өтті.

Көрмеге қатысушылардың алдында сөз сөйлеген Шэньси провинциясының мәдени ескерткіштер басқармасының директоры Чжао Ронг көрмеге келгендерді Шэньси провинциясының мәдени ескерткіштер басқармасының атынан құттықтады. Көрме жәдігерлерінің түпнұсқа екендігін және осы көрме Шэньси провинциясының мәдени ескерткіштер басқармасымен алғаш рет ұйымдастырылып отырғандығын атап өтті. «Көрме біздің арамыздағы достықтың әрі қарай нығаюы үшін көпір қызметін атқарсын», – деп атап өтті Чжао Ронг.  

Қазақстан Республикасы  Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев, Шэньси провинциясының мәдени ескерткіштер басқармасының директоры Чжао Ронг және археолог, профессор Зейнолла Самашев   

Белгілі археолог, профессор Зейнолла Самашев б.з.д. ІІІ ғасырда Қытайда бір-бірімен соғысқан 50 мемлекет болғандығын еске салды. Және дәл осы император Цинь Шихуанди бүкіл мемлекетті біртұтас империяға біріктіре алды. Бұл ретте императордың терракота әскерінің Қазақстанның және біздің ата-бабаларымыздың тарихымен тығыз байланысы бар. Әскери кавалерияда жылқыны қолдануды қытайлықтардың көшпенділерден алғандығын, ал алтай түркілерінен  қытайлықтарда бұрын болмаған ер-тоқымды қолдануды үйренгендігін айта кеткен жөн.

Көрмеде 4 сарбаз қойылған. Әр сарбаз бірегей, олардың бет-әлпеттері бір-бірімен қайталанбайды, киімдері шендері бойынша ерекшеленеді. Бірінші сарбаз жоғары шенді офицер, бойының ұзындығы – 196 см, яғни ескерткіш адам бойымен бірдей жасалған. Келесі жауынгер – офицер, бірақ ол шені бойынша төмен, сондықтан оның бойы 194 см құрайды, осылайша олар бір-бірінен бойымен, бет-әлпетімен, сонымен қатар киімімен ерекшеленеді. Олардың киімдері бойынша қожайындарының қай шенде, қай мәртебеге жататындығын аңғартуға болады. Үшінші сарбаз – ат үстінде шайқасқан кавалер. Соңғы сарбаз – жаяу әскер. Сарбаздың бойы 183 см құрайды. Экспозицияға қорымда табылған қару-жарақтар, жабынқыштар, ыдыс-аяқтар, еңбек құралдары, алтын және күміс әшекейлер, тұрмыстық заттар қойылған.

Цинь Шихуандидің өзінің жерленген жері әлі қазылмаған. Жергілікті тұрғындар егер бейіт қазылатын болса, соғыс басталады дегенге сенетіндігін айтып өту керек. Сондықтан бейіт әлі қозғалмай тұр. Терракота әскері ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұрасы тізіміне енгізілген.оларды көптеген президенттер, корольдар тамашалаған, бұлар шын мәнінде Қытайдың ұлы мұрасы болып табылады. Бұл ескерткіш ашылған соң үш экспедиция жасалды, олар император әскерінің 8099 терракотадан жасалған жауынгері мен терракота аттарын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Бірақ бұл әлі соңғы сан емес. Алда болатын зерттеулер терракота әскерлерінің санын бұдан да өсіруі мүмкін. Император басқа әлемде де осы әлемдегі сияқты өмір сүру керек деп санаған, сондықтан терракота әскерлері оның көмекшілері ретіндегі жеке әскері болған, осы себепті әскердің басқа да жауынгерлері табылатыны сөзсіз. Цинь Шихуанди қорымы адам бойымен бірдей акробаттардың, бишілердің және басқа да әртістердің мүсіндерін сақтап тұр. Алайда қорғанның бұл құпиялары өз зерттеушілерін күтіп тұр.  

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English