«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

#Репрессия37. Көктей солған ғұмырлар

873 0
#Репрессия37. Көктей солған ғұмырлар
1937 жылдың 30 шілдесінде басталып, 1938 жылдың соңғы айына дейін үздіксіз жалғасқан 17 айдың ішінде Қазақстанда сталиндік жазалау саясаты қарқынды жүрді. Бұл тарихта «Үлкен террор» деген атпен қалды

Репрессия зардаптарын зерттеп зерделеген ұйым «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы мен Қазақстанның құзіретті органдарының бірлесе жұмыс істеуінің нәтижесінде еліміздің барлық облыстарын қамтыған «Азалы кітап – Книги Скроби» жинақтары жарық көрді. Бұл басылымдағы барлық құрбанның дерегін аз уақыттың ішінде қарау мүмкін болмады, десе де Алматы және Қостанай облыстары бойынша ең жас қуғын-сүргін құрбанын анықтауға тырыстық.

Алматы облысы бойынша түзілген құрбандардың ішінде туған жылын 1915 жылдан бастап іздестірген жұмысымызда 1918 жылы туған Қаскелең ауданына қарасты Самсы ауылының тұрғыны Исламқұл Әбдірейімовтың есімі кезікті.

Әбдірайымов Исламқұл

Туған жылы: 1918 ж.

Туған жері: Алматы обл., Қаскелең ауд., Самсы ауылы

Ұлты: қазақ

Білімі: бастауыш 

Кәсібі / жұмыс орны: шаруа

Тұрғылықты жері: Алматы обл., Қаскелең ауд., Самсы ұжымшары

Тұтқындалған уақыты: 1937 ж. 27 қыркүйек

Айыптау: РСФСР ҚК 58-10-бабы.

Үкім шығарылған күн: 1937 ж. 10 желтоқсан

Үкім шығарушы орган: Алматы облыстық соты

Ақталған уақыты: 1999 ж. 27 шілде

Ақтаушы орган: Алматы облыстық прокуратурасы

Дереккөздер: «Жертвы политического террора в СССР» ДҚ; ҚР ҰҚКД Алматы қ. бойынша дерегі; ҚР Ішкі істер министрлігі

«Азалы кітаптың» Алматы облысы бойынша томында аты кездескен Әбілев Мұхамедбек есептеуімізше, ең жасы құрбан болып саналады. Небары 15 жыл ғана өмір сүрген. Алайда оның «үш жылға шартты түрде сотталған» деген дерегі де пайда болды. Кейінгі тағдыры белгісіз.

Әбілев Мұхамедбек

Туған жылы: 1917 ж.

Туған жері: Алматы обл., Талдықорған ауд., 3-інші ауыл

Ұлты: қазақ

Білімі: бастауыш

Кәсібі / жұмыс орны: шаруа

Тұрғылықты жері: Алматы обл., Талдықорған ауд., 3-інші ауыл

Тұтқындалған уақыты: 1932 ж.14 қыркүйек

Айыптау: РСФСР ҚК 58-11, 59-3-баптары

Үкім шығарылған күн: 1932 ж. 21 қараша

Үкімді шығарушы орган: ІІХК Қазақстандағы бөлімі жанындағы үштік

Ақталуы: 1989 ж. 18 сәуір

Ақтаушы орган: Талдықорған облыстық прокуратурасы

Дереккөздер: «Жертвы политического террора в СССР» ДҚ; ҚР ҰҚКД Алматы қ. бойынша дерегі; ҚР Ішкі істер министрлігі

Ал Қостанай облысындағы ұлты қазақ ең жас құрбан Ақылбек Дәулетов болып шықты. Бастауыш мектеп білімі ғана бар 21 жастағы жігіт өмірдің қызығын көрмей, саяси жазалаудың құрбаны болып кетті.

Дәулетов Ақылбек

Туған жылы: 1916 ж.

Туған жері: Қостанай обл., Қарабалық ауд.

Ұлты: қазақ

Білімі: бастауыш

Кәсібі / жұмыс орны: хатшы

Тұрғылықты жері: Қостанай обл., Комсомол ауд., Бөрілі ауылы

Қайда, кім тұтқындады: ІІХКБ Қарабалық аудандық бөлімі

Тұтқындау уақыты: 1937 жылғы 26 қыркүйек

Айыптау: РСФСР ҚК 58-7, 58-10, 58-11-баптары. 1937 жылғы 14 қазан

Үкім шығарушы орган: ІІХК Қостанай облыстық үштігі

Үкім: ату жазасы

Ақталуы: 16.01.1989 жылы ССРО Жоғарғы совет президумының бұйрығы бойынша Қостанай облыстық прокуратурасы

Дереккөздер: ҚР ҰҚКД Қостанай облысы бойынша деректері

«Азалы кітаптың» деректерін оқыған адам ондағы, әсіресе депортацияланған корей ұлтының азаматтарының жасы өте кіші болғанын байқар еді. 1910-1916 жылдары дүниеге келген буын үлкен террор жылдары 18-22 жастағы жас жігіттер болып саналады. Солардың бірі – Ким Хобен небары 20 жасында жаппай жазалаудан құтыла алмаған.

Ким Хобен

Туған жылы: 1918 ж.

Туған жері: Қытай, Ехо қаласы

Жынысы: ер

Ұлты: корей

Білімі: бастауыш

Кәсібі / жұмыс орны: жүкші, элеватор

Тұрғылықты жері: Қостанай обл., Қостанай ауд., Озерная стансасы

Тұтқындалуы: 1938 жылғы 23 наурыз

Айыпталуы: РСФСР ҚК 58-бабының 6-тармағы

Айыпталған күні: 1938 жылғы 5 қыркүйек

Айыптаушы орган: ССР ІІХК Ерекше жиыны

Үкім: ату жазасы

Ақталуы: 1989 жылғы 16 қаңтар • Ақтаушы орган: Қостанай облыстық прокуратурасы

Ақтау себебі: ССРО Жоғарғы совет президумының бұйрығы бойынша 16.01.1989

Дереккөздер: «Жертвы политического террора в СССР» ДҚ; ҚР ҰҚКД Қостанай облысы бойынша деректері

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English