«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

«NDH DIGEST» көрермен назарына жол тартты

2417 0
«NDH DIGEST» көрермен назарына жол тартты
«NDH DIGEST» жобасының алғашқы түсірілімі – ақпан айында болған айтулы оқиғалар мен TOP-5 эксклюзивті мақалаларға арнайы тоқталды

«National Digital History» порталы өткен тарихты жаңа заманғы технологияларымен байланыстырып, оқырман назарына ұсынып келеді. Интернет-жобаның жүзеге асырып отырған арнайы жобалары осы міндеттерді қолға алған. Осы ретте портал ұжымы оқырман назарына «NDH DIGEST» арнайы жобасын ұсынады.

Ендігі уақытта интернет-жоба әр ай қорытындысын LIVE режимінде көрсететін болады. «NDH DIGEST» жобасының алғашқы түсірілімі – ақпан айында болған айтулы оқиғалар мен TOP-5 эксклюзивті мақалаларға арнайы тоқталды. Сондай-ақ көрсетілімнен еліміздің жетекші ғалымдары мен қоғам қайраткерлерінің портал студиясына келіп өткізген сұхбаттар топтамасын ұсынатын болады. Бізбен бірге болыңыздар!!!

Назарларыңызға сайтта ақпан айында ең көп оқылған, маңызды әрі қызықты ТОП-5 мақала

Оспанның үкімі Жағда тергегенге дейін шығып қойған

Жағда Бабалықұлы – ұлтты шынайы сүюдің жарқын символы, қазақ үшін қам жеген ердің ері, халық мұрасын тірнектеп жиған қазынаның көзі, кейінгі ұрпаққа ақ батасын аямаған нағыз ақсақалдың өзі.

Көне сөздерінің білгірі, тарихшы, этнограф, мемлекет және қоғам қайраткері Жағда Бабалықұлының туғанына биыл 100 жыл.

Жазушы Жолтай Әлмашұлымен сұхбат: Сұлтанбек Қожанов – Орта Азияның Шыңғысханы

Сұлтанбек Қожанов – ерекше тағдырлы адам. Неге? Ол біріншіден, Алашшыл ұлт қайраткерлерімен қоян-қолтық араласты, сөйте тұра советтік билікте де қызмет атқарды.

Жалаң қолмен қасқыр алған ана

Зейнет жасына жеткен өлкетанушы Пионер Мұхтасыровтың «Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы» атты деректі танымдық кітабында Қошағаш қазақтарының басынан кешірген тағдырлы тарих әсерлі баяндалады.

Қазақтың қоңыры 73-ке толар еді... 

Қыпшақтың асыл текті ғалымы Иштван Қоңыр Мандоки өмірінің қыры мен сыры, ғылым жолындағы қызметі мен армандары жайлы жазылған арнайы мақала.
 

Хан Кененің ұлы Ахмет жазған қолжазба қалай табылды?

«Қазақстан» ұлтты арнасының Мәскеудегі тілшісі Нұртас Солтанұлы қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлы туралы құжаттың қолжазбасы табылғанын жариялады. Ахмет Кенесариннің қолжазбасының түпнұсқасы арада 105 жыл өткен соң шаң басқан архивтен босап, жалпақ жаһанға белгілі болды. Қуанышты жаңалықтың жаршысы болған Нұртас Солтанұлымен байланысқа шығып, аз-кем сұхбаттасқан едік.
 

Бұдан бөлек ақпан айында біздің студиямыздың қонағы болып, арнайы тақырыптар бойынша сұхбаттасқан тарихшы мамандар, қоғам қайраткерлері болды, атап айтқанда:

Белгілі тарихшы Қойшығара Салғараұлы (Түркі танымы, түсінігі, тарихымызды идеялогияландыру мен тарихтың бүгінгі жай-күйі)

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов (Ақпан революциясы 100 жыл)

Тарих ғылымдарының кандидаты Өмірбай Бекмахамбетов (1916 жылғы Ұлт азаттық көтеріліс, Кейкі батыр),

Жазушы, қоғам қайраткері, «Ұлы Дала қырандары» қозғалысының жетекшісі Сәдібек Түгел: қазақ үшін жылқының қасиеті,киесі, ұлттық ат спортының бүгінгі жай-күйі,

Астана қаласындағы «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының төрағасы  Салман Героев: Шешен-ингуш халықтарының Қазақстанға депортациялау мәселесі жөнінде әңгіме өрбіді. 

 

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English