«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейіне 130 жыл

638 0
Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейіне 130 жыл
Салтанатты жиында мұражай туралы деректі фильмнің және мұражай тарихы туралы фотоальбомның тұсау кесері болып өтті.

Абай атындағы музыкалық-драма театрында Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейінің 130 жылдық мерейтойы салтанатты түрде атап өтілді. Салтанатты жиында мұражай туралы деректі фильмнің және мұражай тарихы туралы фотоальбомның тұсау кесері болып өтті. Аталмыш жиынға Шығыс Қазақстан облысының мәдениет және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.З.Кикумов, қаламыздың кітапханалары, мұрағат, мұражайларынан өкілдер, жоғары оқу орындарынан оқытушылар қауымы, қаламыздың құрметті азаматтары арнайы қонақ болып шақырылды. Кештің арнайы қонағы болып келген жазушы М.Сәрсекеев құттықтау сөз айтып, мұражай тарихына тоқталып өтті. Кеш  қаламыздың Ә. Қашаубаев атындағы облыстық филармония әншілері, «Дариғай» театр әртістерінің дайындаған мерекелік концертімен жалғасты.

Дерек көз: cdni-arhiv.vko.gov.kz

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English