«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Руханияттың алтын ошағы

2082 0
Руханияттың алтын ошағы
Осыдан 82 жыл бұрын (1934 жылы) Семей мемлекеттік педагогикалық институтының іргесі қаланды

Семей мемлекеттік педагогикалық институты – білім беру жүйесіне қажет мұғалімдерді сапалы дайындау орталығы, Абай мен Шәкәрімнің ағартушылық дәстүрлерін жалғастырушы, жастардың келешекте кәсіптік өсуі және өмірде табысқа жетуіне кепілдік беретін бәсекеге қабілетті педагогикалық білім алу арманы орындалатын оқу орны. 

bfd3bc493d834bd110c69c071bb9e7e3.jpg1934 жылы 23 шілдеде Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесі Қаулысымен Семей педагогикалық институты құрылды. 70-тен астам жыл ішінде институт Қазақстандағы педагогикалық ғылым мен білім ордасына айналып, Шығыс Қазақстанда білім беру ісінің негізін қалады. Осы мерзім ішінде Семей мемлекеттік педагогикалық институты 40 мыңнан астам маман даярлап шығарды. 

Семейде педагогикалық институтын ұйымдастыру туралы қаулы


Институт тарихы – Қазақстандағы халық ағарту және білім беру саласындағы маңызды жетістіктер шежіресі. Оқу орны 1934 жылы орта мектептерге мұғалімдер даярлайтын 2 жылдық курстар негізінде құрылды және бастапқыда Мұғалімдер институты деп аталды, 1936 жылы еліміздің жоғары оқу орындарының негізгі тізбесіне енгізіліп алғашында С.Сейфуллиннің есімі, 1939 жылдан бастап Н.К.Крупская атауы берілді. 


Институт түлектері арасында белгілі педагог, Соцалистік Еңбек Ері Ж. Шайжүнісов, жазушы, абайтанушы, дарматург,қоғам қайраткері, Қазақстан КСР-і Елұранының авторы, Семей қаласының құрметті азаматы Қ.М. Мұхамедханов, Математика және механика институтының директоры, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Т.Ы. Аманов, философия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасындағы ҰҒА академигі Ғ.Е. Есімов, экология саласының ірі ғалымы, биологоия ғылымдарының докторы, профессор, бірқатар халықаралық және республикалық академиялардың академигі М.С. Панин, филология ғылымдарының докторы, профессор Г.Я. Козлов, белгілі қоғам қайраткері Х.М. Матаев, сондай-ақ жазушылар К. Оразалин, З. Ақышев, т.б. болды. 

b653b13636efa18cb4b04824f324fa7c.jpg

Семей педагогикалық институтының алғашқы ғимараты

80-інші жылдары институт Қазақстандағы ірі педагогикалық жоғары оқу орны дәрежесіне жетті. Білікті мұғалім кадрларын даярлауда қол жеткізген табыстары үшін институт Қазақстан Компартиясы ОК және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президумының Құрмет грамотасымен екі мәрте (1970, 1976 жылдары), КСРО Жоғары және арнаулы орта білім министрлігі және Халық ағарту, жоғары мектеп пен ғылыми мекемелер кәсіподағы ОК Президумының Құрмет грамотасымен наградталды (1972 жылы). 

94c1acd3946cef7e24e69e9ef3c1986f.jpg

1986 жылы институт Қазақ КСР Халық ағарту министрлігі және Халық ағарту, жоғары мектеп пен ғылыми мекемелер кәсіподағы Республикалық Комитетінің ауыспалы Қызыл Туымен марапатталды. 1993 жылы институтқа Шәкәрім есімі берілді. 

 1996-2004 жылдар аралығында институт Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті құрамында болды. 

Қазақстан Респубилакасы Үкіметінің шешімі бойынша 2004 жылдың ақпан айында Семей педагогикалық инстуты дербес педагогикалық жоғары оқу орны мәртебесін алды. Бүгін Семей мемлекеттік педагогикалық институтының қызметі білім беру жүйесіндегі басты тұлға – жоғары деңгейде кәсіби-педагогикалық шыңдалған мұғалімдер даярлауға бағытталған. Жоғары оқу орны мемлекеттік және орыс тілдерінде жаратылыстану, гуманитарлық-әлеуметтік және өнертану бағыттарындағы педагогтарды даярлауды жүзеге асырады. 

5ce2c9ac6d808af0d6f94d1dc2cdb2ae.jpg

Семей мемлекеттік институтында көркем-графикалық факультетін ұйымдастыру туралы бұйрық 

Институтта 26 мамандық бойынша 5 мыңнан астам студент оқиды (олардың 2 мыңға жуығы – күндізгі бөлімде, 3 мыңнан астамы – сырттай оқу бөлімінде). Институтта бұрын жоғары оқу орнын және колледж бітіргендер үшін сырттай оқу бөлімінде және жеделдетілген бағдарлама бойынша жоғары білім алу мүмкіндіктері бар. Институт құрамында 6 факультет (тарих, психология-педагогика, қазақ филологиясы, орыс және шетел филологиясы, жаратылым ғылымдары , физика-математика) , 23 кафедра, 4 ғылыми орталық, 10 үйірме ( Халықаралық педагогикалық білім ғылымдары академиясының қазақстандық бөлімшесі және экологиялық орталығы, «Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу орталығы, Мектепалды даярлық зертханасы, Тарихи зерттеу ғылыми орталығы және 10 үйірме жұмыс жаса) бар. Студенттер әр түрлі экспедицияларға қатыса алады: олар диалектологиялық, фольлклорлық, археологиялық, этнографиялық, т.б. 

Семей педагогикалық институты Қазақстан, жақын және алыс шетелдің ірі ғылыми орталықтарымен тұрақты байланыс орналасқан. 1995 жыл 13 қараша. ҚР Үкіметінің 1995 жылғы 13 қарашадағы №1513 Қаулысымен және Білім және ғылым министрлігінің 1995 жылдың 1 желтоқсандағы №304 бұйрығымен 3 институттың (Семей педагогикалық институтының, Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтының, Семей технологиялық институтының) негізінде «Семей» мемлекеттік университетін құру туралы шешім қабылданды. 

1999 жыл 22 қыркүйек, ҚР Үкіметінің Қаулысымен «Семей» мемлекеттік университеті Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті болып аталатын болды. 

2004 жыл сәуір. ҚР Үкіметінің шешімімен Семей мемлекеттік педагогикалық институты дербес жоғары оқу орны ретінде қайта құрылды. 

2013 жыл 31 мамыр. ҚР Үкіметінің Қаулысымен Семей мемлекеттік педагогикалық институты және Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті біріктіріліп, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті деп аталды. 

Дәулет ІЗТІЛЕУОВ 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English