«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Бірегей тарихи жәдігерлер мен археологиялық қазбалар табылған орындардан бейнедәрістер

2870 0
Бірегей тарихи жәдігерлер мен археологиялық қазбалар табылған орындардан бейнедәрістер
Оқытушылар аталған бейнежазбаларды студенттерге дәріс оқу кезінде пайдаланбақ. Қоршауға алынған қорғандарды студенттер Қарқаралы ауданында кездестірді.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің оқытушылары шәкірттерімен  бірге экспедицияға барып, тарихи орындарды бейнетаспаға түсіруде.

Оқытушылар аталған бейнежазбаларды студенттерге дәріс оқу кезінде пайдаланбақ. Қоршауға алынған қорғандарды студенттер Қарқаралы ауданында кездестірді. Бір шақырым биіктіктегі жатқан тарихи ескерткішті жергілікті тұрғындарда осы уақытқа дейін білмеген. Болжам бойынша, бұл қорған Кенесары ханның заманында бой көтерген.

Құдайберген ТЕМІРҒАЛИЕВ, ҚММУ тарих кафедрасының меңгерушісі

- Қазақстан тарихы өте бай. Біздің мақсатымыз – тарихи жерлерді студенттерге көрсету.

Кейбір бейнежазбалар Балқаштың солтүстік жағалауында жазылған. Ол жерде Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ескерткіштері бар. Бүгінде университет жанынан тарих үйірмесі ашылған. Кез келген студентке есік әрдайым ашық. Ортаға салынып, талқыға түсетін тақырыптарды студенттердің өздері ұсынады. Болашақ медицина саласының мамандары ел тарихына да жіті мән бермек.

Дерек көз: 24.kz

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English