«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Қазақ тарихына қатысты шетелдік ескерткіштер

3157 0
Қазақ тарихына қатысты шетелдік ескерткіштер
Қазақ тарихына, дүниетанымы мен мәдениетіне, тұлғаларына қатысты ескерткіштер шетелдерде, әсіресе Еуропа елдері мен Азия, Африка құрлығында арнайы орнатылған

Ескерткіштер, ғимараттар

«Бүркіт ұстаған қазақ» 

 

82f6a23074b9a4ca21d70e5b802fe416.jpg

«Бүркіт ұстаған қазақ» деп аталатын мүсін Француз Ривьерасындағы Ментон қаласының ботаника бағында тұр. Бастапқы атауында қазақ «қырғыз» деп көрсетілген. Оны Ресейде қалып қойған Наполеон армиясының солдаты Паул Лансердің ұлы Евгений Лансер (1848-1886) деген шебер құйған екен. Мүсінді император Александр үшінші кезінде Францияға тарту етіпті. Мүсінші 38 жасына дейін ол осындай 400-ге жуық шығарманың авторы атаныпты. Лансердің жұмыстарының ішінде украиналықтардың, Кавказ бен Орталық Азия халықтарының тұрмысы бейнеленген мұндай туындылар көп. 

Қазақ көші 

 

12c34dcf59e78573388e8272a6b81af5.jpg

Бұл – Қытайдағы бұрынғы Сарсүмбе, қазіргі Алтай қаласында орнатылған ерекше ескерткіш. Қыран өзенінің жағасына қойылған тамаша ансамбль қазақ өмірінен, шаруашылығынан сыр шертеді. Әсіресе көштің сән-салтанатын барынша нанымды суреттеген. Қазақ көші – аса бір үлкен өркениеттің белгісі, көрінісі. Мұнда бабадан бері үзілмей жалғасқан тарихтан бөлек сол халыққа ғана тән ерекше философия бар. 

Байбарыс мешіті 

 

eaca249bc8e9ea09aa79768ade8182c3.jpg

Байбарыс дарынды қолбасшы ғана емес, өз дәуірінде зәулім ғимараттар, көрнекті мешіттер, биік қорғандар мен қамалдар салдырған дана басшы болды. Ғимараттардың бірқатары сақталған. Мұның белгілі бір деңгейде қазақтың тарихына қатысы бар. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Ерекше ерлігі, асқан ақылымен құлдықтан хандыққа дейін көтерілген. Египеттей алып елді 17 жыл бойы билеп, моңғол жаулаушыларынан крест жорығын бастаушылардан жалпы араб әлемін сақтап қалған біздің ұлы бабамыз Байбарыстың бала кезінде тұтқынға осы Атырау бойынан әкетілгені, өзінің сүйегі осындағы Беріш тайпасынан екенін көптеген тарихшылар кезінде жазып қалдырған. Мен ана жалы Мысыр еліне барғанымда Байбарыс салдырған мешітте Құран оқыттым. Даңқты бабамызды арабтардың қалай құрмет тұтатынын өз көзіммен көрдім», – деген болатын. 

Жәнібек ханның дулығасы 

 

ae4f5856bd740f219a9891f3e48c8e58.jpg

Атақты Жәнібек ханның дулығасы АҚШ-тағы «Метрополитен» өнер музейінде сақталыпты. Жақында ғана жарияланған бұл дулығаны АҚШ ғалымдары Алтын Орда ханы Жәнібек ханға тиесілі болуы мүмкін дейді. Оған дулығаның төменгі жағында араб әріптерімен жазылған жазу айқын дәлел. Дулыға темірден жасалған, биіктігі 20-23 сантиметр, диаметрі 22 сантиметр, үстіңгі жағы үшкір қырлы болып келеді, ал, төменгі жағында араб әріптерімен ойылып, күміспен көмкеріліп «Жеңімпаз сұлтан Махмұд Жәнібек хан» деп жазылыпты. Сонымен қатар дулыға Қазақстанда табылған 84 дулығаның ішінде тарихи құндылығы жағынан алғашқы бестікке кіреді екен. 

Тұлғаларға қатысты 

Шыңғыс хан 

 

3aaa5b86258fcf51f163aaac1e719fc4.jpg

Ескерткіштің авторы – бурят сәулетшісі Даша Намдаков. Ескерткіш Италияның солтүстігіндегі шеберханалардың бірінде жоғары сапалы қоладан құйылған. Сәулетшінің айтуынша, бұл ескерткіштің о бастағы нұсқасы мүлде бөлек болған. Онда сол дәуірдегі сауыт-саймандарды киген Шыңғысханның нөкерлері ат үстінде айбарланып, қаһарланып шапқандай нұсқада жасалған көрінеді. Лондон басшылығы мұндай мүсінге рұқсат бермей, жергілікті билік өкілдерінің талап-тілектерін ескеріп, Шыңғысханды өзгеше қырынан бейнелепті. Шыңғысхан – тек қазақтың ғана емес, сол дәуірде өмір кешкен түркі тектес тайпалардың ортақ тұлғасы болғандықтан, ұлт тарихына қатысы бар.

Құрманғазы 

 

143dd44fad094fe365ffb22be171f9fb.jpg

Атақты күйші, композитор Құрманғазының құрметіне қойылған бұл ескерткіш Ресейдің Астрахан қаласында тұр. Совет және Калинин көшелерінің қиылысында орналасқан ескерткіш 2008 жылдың 13 желтоқсанында салтанатты түрде ашылған. Авторлары Едіге Рахманов, Тоқтарбек Рахиев. 

Шоқан 

 

48d249873bbba6b85a93a6fe48333d31.jpg

Омбыдағы Шоқан ескерткішін сәулетші Азат Баярлин мүсіндеген. Онда Шоқанның қолына кітап ашып ұстап отырған пішінін бейнелепті. Омбыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы көшеде орналасқан ескерткішті қалаға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Омбы қаласына сыйға тартыпты. 

Абай 

 

295e0260daf048a57e1e7ae2b4f5a1a3.jpg

Әлемнің бірнеше елінде Абай ескерткіштері бар. Ресей астанасы Мәскеудің «Чистые пруды» бульварында, Венгрия астанасы Будапешттегі Астана көшесінде, Қытай астанасы Пекиннің орталығындағы «Чаоян» саябағында, Ташкенттегі Қазақстан Елшілігінің жаңа ғимаратының алдында, Иран астанасы Тегерандағы ұлттық кітапхана аллеясында ұлы ақын ескерткіштері орнатылған. Суретте Өзбекстан астанасындағы Абайдың еңселі ескерткіші.

Жамбыл 

 

17c2778db83c3d3b80a4ce9659396d5d.jpg

«Ленинградтық өренім» деп асқақ жырлаған Жамбылға сол қалада ескерткіш бар. Санкт-Петербургтегі бір көше ақын есімімен аталып, сол жерге ескерткіш орнатылды. Авторлары: Феликс Романовский, Валентин Свешников. 

Мұстафа Шоқай 

 

9e0358d4cf32f0b9de1fb73b7e73face.jpg

Париждің іргесіндегі Ножан-Сюр-Марн қалашығындағы Мұстафа Шоқайдың ескерткіш тақтасында оның қысқаша өмірбаяны мен Қазақстанның тарихи-географиялық сипаттамасы жазылған. Қалалық мұражай басшылығы өкілдерінің пайымдауынша, аталмыш тақта адамзат құндылығы сыйлау және өз өрендерін құрметтеуде үлгі болып, Қазақстан мен Франция халқының жақындасуына себепші болады.

Нұрсұлтан Назарбаев

 

7e62427ae2459cc91873ef787bd9b41c.jpg

Түркияның астанасы Анкарада Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметіне орнатылған ескерткіш 2010 жылы салтанатты түрде ашылды. Биіктігі бес метр болатын мүсін екі жарым метрлік мәрмәр тұғырға орнатылған. Авторы – түріктің танымал мүсіншісі Гюрсель Чаталтепе. Бұл Түркия елінде шетелдік президентке арналып тұрғызылған тұңғыш ескерткіш деп саналады.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English