Жарияланымдар

Көне ғимараттар. Н.Погодин атындағы орыс драма театры

11 Наурыз 2015
1399
0
Көне ғимараттар. Н.Погодин атындағы орыс драма театры
Солтүстік Қазақстан облысындағы көне театрлардың бірі – Н.Ф. Погодин атындағы орыс драма театрының құрылуы мен дамуының тарихы.

Қаламыздың таулы жерінен Г. Потанин көшесіне шығатын К. Сүтішев көшесімен жүріп, екі қабаттық ғимараттың қасында (қазіргі кезде — жиһаз дүкені) өтеміз. Бүгінде көптегендер біле бермейді де, бірақ осы үй 100 жыл бұрын театр ғимараты ретінде салынған еді. Осында XIX ғасырдың 80-ші жылдарында пайда болған драма театры қарыштап дамыды. 

64b0ef9ba3de2be7d17be6be12d87b89.JPG

1906 жылы салынған және кейін қалпына келтірілген театр ғимараты 

1972 жылдың желтоқсанында театр қазіргі кезде Театралды алаңда орналасқан жаңа ғимаратқа көшті. 

572fb538641adf06444bb4ad31f2e236.jpg

Николай Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында 15 мыңға жуық спектакль қойылды, 5 миллионға жуық көрермен қойылымдарды тамашалады. 

Петропавл қаласының мәдениеті жайлы ең алғашқы ескертулер XIX ғасырдың 60-шы жылдарының өзінде де-ақ кездеседі. Драмалық қоғам жылына алты спектакльді көрсеткен еді. Спектакльдер казак мектебінде, өрт сөндіру депосында, көпес клубы мен әйелдер прогимназиясында (толық емес білімді беретін гимназия) қойылатын болды. Бірақ та театрдың тарихы 1886–1887 жылдарында басталады, осы кезеңде музыкалды-драмалық қоғам табысты еңбек етті, театрлық ұйымның қызметін сипаттайтын көптеген алғашқы жазбалар, құжаттар-да осы уақытқа жатады. Театрлық қойылымдар үшін әйелдер прогимназиясының төлесі арналған. 

«Қаламызға театр труппасының келуі бізді аландырмай тұрса-да — демек, біз-де соңғылардың ішінде емеспіз... Петропавл бай қала болып, мұнда көп адам тұрады-да, әртіс кәсібі үшін лайық болады, бірақ осының бәріне қарамастан, қойылымдарымыз табысты мен сапарымыздың ұзаққа созылатынына аз үміттенемін... егер көпестерге білеттерімізді тықпалай бермесек, онда театр әруақытта бос болады. Сондықан да шенеуніктер ғана қалады, бірақ олардың саны аз болғандықтан, драмалық серіктестігімізге қолдауын көрсетуге дайын емес болады...» — барон Икстің болжауы — корреспонденцияның астында автор өз қолын қойған — шындыққа жанаспады.

А.Островский мен Н.Соловьевтың пьесасы бойынша қойылған 1887 жылғы қыркүйектегі «Счастливый день» премьерасынан ұлы орыс драматургінің шығармалары бойынша спектакльдер галереясы басталды. Бірінші маусым жарқағаздарында А.Островскийдің аты жиі кездеседі. Осы репертуарлық құштарлықты театр кейінгі жылдарда да сақтап келеді. 

Театрдың жаңа ғимараты 

Сахналық өнерді сүйетін қауымның саны көбейе берді, сондықтан да 1904 жылы қалалық дума арнайы халық театрының ғимаратын салуға болады деп хабарлап, сол үшін ақша жинай бастаған еді. 1906 жылы Театральный мен Крупский (қазіргі кезде — Потанин) көшелерінің қиылысында театр ғимараты қала тұрғындарының қаражатына салынған. Ғимараттың сыртқы көрінісі әдемі болған: вертикальды пилондар, сәндік-қолданбалы жақтаулар. Театр қызыл кірпіштен салынған. Көрермендер залы биік болып, екі деңгейден тұрған. Баспалдағы кең болып, металлдан жасалған дуалдармен қоршалған және күрделі өрнектермен безендірілген. Көрермендер залында балкон болған еді. Кейін осы ғимаратта кәдесыйлар жасайтын фабрика жайғасты.

15750da438bd89003cf4c4a006caa8b3.jpg

Драма театрының алғашқы ғимараты, 1906 жыл 

«Бұл ғимарат халық үйі болуы тиіс, мұнда қоғамдық кітапхана орналасуы тиіс, сонда оқулар өтіп, халық спектакльдері қойылады», — 1906 жылғы 4 қазанда шыққан «Ертіс» газетінің корреспонденті жазған. Ал жаңа театрдың салтанатты ашылуы осы жылдың қараша айында болып өткен. 

Театр жарқағаздарындағы жаңа есімнің пайда болуы 

1934 жылы Петропавл афишаларына «Правда» газеті корреспондентінің есімі жазыла бастаған. Жаңа корреспондент — Николай Погодин. Корреспондент ретінде өз қызметін бастаған Погодин кейін драматургия саласына бет бұрған. Оның пьесалары өзекті мен публицистикалық тұрғыдан өткір болып, бірден көп оқиғаны баяндап отырған. Николай Погодин театрмен бірлесіп көп рет жұмыс істеді. «Менің досым» — заманның өзекті тақырыбында қойылған спектакль. Қойылымды тамашалаған көрермендер бүгінгі өмірдің мәселелерін талқылады. Жас драматург өзінің әлеуметтік білімділігі, ерекше энергиясының арқасында театр ұжымына шақырылған. «Поэма о топоре», «Аристократы», «Падь серебряная» сияқты Погодин шығармалары театрдың 30-шы жылдардағы репертуарына кірді. Осы кезде Петропавл тұрғындары сахналық өнермен жақын танысады.

Осылай, 1962 жылдың күзінде театр Ленин премиясының лауреаты, драматург Николай Федорович Погодин есімімен аталады. 1941 жылдың күзінде көшірілгендер Петропавл қаласына келе бастайды, соның салдарына театр труппасына жаңа әртістер қосылады. Театр ұжымы ерінбей еңбектенеді. Спектаклдер мен концерттер әскерге шақыру пункттері мен әскери бөлімдерде, госпитальдерде қойылған болатын. Театр ұжымы ауыл шаруашылығынд жұмыс істегендерге-де барып келген. Соғыс жылдарында брлығы 2500 спектакль қойылған, 30-дан астам премьера көрсетілген. 

Осы кезде М.Әуезовтың «Намыс гвардиясы» спектаклі қойылған. Оның негізінде тарихи оқиғалар жатқан: Панфилов басқаруымен 316-шы атқыш дивизияның қоршауы, спектакльдегі қолбасшының рөлін дарынды әртіс А.С. Ковальский сомдады. Ал Павел Рогальский Төлеген Тоқтаров рөлін ойнап шығып, өзінің дарындылығы мен сан қырлығын дәлелдеп берді. Павел Рогальский театр сахнасына шыққанда, көрермен қауымы оны ду қолшапалақ қошаметпен қарсы алатын болды. Ол Қазақ КСР Халық әртісі атағын алған тұңғыш әртіс болған еді.

Қазақ драматургиясы 

Қазақ КСР-ның 25 жылдығына арналған М.Әуезов пен Л. Соболевтің «Абай» трагедиясы қойылды. Қазақ драматургтарының пьесалары бойынша қойылған сахналық көріністер театрдың репертуарында ерекше орын алды. Петропавл сахнасында М.Әуезовтың «Намыс гвардиясы», Ә.Әбішевтің «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», Н.Оразалиннің «Шырақ жанған түн», С.Мұқановтың «Сәкен Сейфұллин» және «Оның есімі Ұлпан» шығармаларының негізінде пьесалар қойылған. Ал 1957 жылы Сәбит Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов» тарихи драмасы орыс тілінде сахналанған. Драма ұлы қазақ ойшылы, этнографтың, ержүрек саяхатшының, ғалым әрі зерттеушінің жарқырап өткен өмірі туралы баяндайды. 

Театр ұжымы бүгінгі көрерменнің талғамына сай спектакльдерін қойып шығады. Погодин атындағы орыс драма театры гастрольдерге шығып жүреді, сонымен бірге, гастрольдермен келген ұжымдарды — республикалық әртістер мен Ресей театрларының әртістерін қабылдап отыр. 

c96d822f88519561aa62aee9fb8461da.jpg

А.Островскийдің «Я вам нужен, господа» («Мырзалар, мен сіздерге қажетпін») пьесасы бойынша қойылған спектакль, қоюшы-режиссер Тимур Кәрімжанов 

2007 жылы Погодин атындағы орыс драма театры өзінің 120 жылдығын кең көлемде атап өтті. Осы айтулы оқиғаға орай театрдың сыртқы көрінісі өзгертілген: театрдың сыртқы қабырғасы, көрермендер залы, фойе, гримерлық бөлме, дәмхана қайта жаңартылған. Бүгінде театрдың репертуарына әлемдік классика шығармалары, қазіргі заманғы әдебиет, қазақ драматургиясының шығармалары кіреді. Қазіргі кезде театр сахнасында қызықты спектакльдер қойылып келеді.

О.Вайтович материалдары мен Н.Погодин атындағы орыс драма театры сайтындағы мәліметтердің негізінде дайындалған. О.Вайтович өз мақаласын жазу барысында М.Морозованың «Петропавл — Қазақстанның солтүстік қақпасы» кітабын пайдаланды.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Ең көп оқылған
Сауалнама

«Болашақ» бағдарламасына 25 жыл толды. Бұл бағдарламаға қатысыңыз бар ма?