Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Зайсанда «Шілікті» сапар орталығы салынады

1809
Зайсанда «Шілікті» сапар орталығы салынады - e-history.kz

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында «Шілікті» сапар орталығы салынады. Бұл туралы Қазақстан тарихы порталы  Берел қорық музейіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов Зайсан ауданының әкімі С Зайнулдиннің қабылдауында болып «Шілікті» сапар орталығының орналасатын жері бойынша келіссөздер жүргізді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен бой көтеретін ғимарат «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты Шілікті қорғандарын көруге келушілердің санын арттыру, туристерге кеңінен насихаттау және жайлылықты қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған.

Сапар орталығында заманауи үлгіде жабдықталған музей залы, қонақ үй ғимараты және ақпараттық-насихаттық орталық сынды бірқатар бөлімдер қарастырылған. Сондай-ақ, «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі« РМҚК директоры Нұрболат Ахметжанов қорық-музейге қарасты Зайсан ауданындағы Шілікті қорғандарына барып, тарихи мекенде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы кеңес өткізді.

Зайсан өңірінде 6 тарихи, 21 мәдени - архитектуралық, 8 археологиялық ескерткіштер тіркелген. Өлкедегі тарихи ескерткіштердің бірі де бірегейі - Шілікті қорғандары. Шілікті қорымы Зайсан ауданы, Шілікті ауылының оңтүстік батысынан 3 км жерде орналасқан. Ұзындығы - 80, ені – 30 шақырымды қамтиды.

Шілік қорғанының оңтүстігін Тарбағатай, шығысын Сауыр-Сайқан, солтүстігін Маңырақ таулары қоршап жатыр. Шілікті жазығы сақтардың алғашқы мемлекетінің ордасы тігілген қасиетті мекен. Шілікті ерте сақтар заманындағы элитарлық ескерткіштердің бірегейі.

Табиғаттың үйлесімді әсерінің және адамның ғасырлар бойы қызметінің салдарынан пайда болған тарихи-мәдени ландшафт аймақтың басты құндылығы болып табылады. Оның ең көп шоғырланған жерін Шілікті ескерткіштері деп атайды. Шілікті обасы б.з.б. VІІ-VІ ғасырға жатқызылады. Шілікті қорымында барлығы 51 оба бар.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?