Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ұлытау оқушылары киелі жерлерге экспедицияға аттанды

1439
Ұлытау оқушылары киелі жерлерге экспедицияға аттанды - e-history.kz

Ұлытау ауданының білім бөлімі «Ұлт ұясы – Ұлытау» жазғы туристік экспедициясын ұйымдастырды. Жобаның негізгі қатысушылары – 13 жастан 17 жасқа дейінгі оқушылар мен оқытушылар. Танымдық сапарлар жаздың соңына дейін өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші топ жолға аттанды және 7 маусымда олар қайта оралады. Балалар мен мұғалімдер Ұлытау ауданының тарихи-мәдени ескерткіштері мен киелі орындарына барады. Экспедиция кезінде саяхатшылар күн сайын жас туристер күнделіктерін толтырады, жергілікті тұрғындардан сұхбат алады.

Сондай-ақ оқушылар күн сайын әлеуметтік желідегі өз парақшаcында #ҰлтҰясы-Ұлытау хештегімен жорық туралы ақпарат жариялауы қажет. Экспедиция аяқталғаннан кейін тапсырманы ең жақсы орындаған адам марапатталады. Ұлытау ауданының білім бөлімінде атап өткендей, осындай жұмыстың нәтижесінде «Өлкетану» әдістемелік құралы үшін материалдар жиналады, сондай-ақ фотоальбом мен ғылыми-шығармашылық жұмыстар жинағы шығарылады.

Экспедиция аяқталғаннан кейін ауданның оқушылар үйі жанындағы Ulytau media school үйірмесінің жетекшісі мен тәрбиеленушілері «Ұлт ұясы – Ұлытау» тақырыбына деректі фильм түсіруді жоспарлап отыр. Айта кетейік, шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?