Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бір суреттің тарихы. Ғабдулла Зарипов

1010
Бір суреттің тарихы. Ғабдулла Зарипов - e-history.kz

                                                                                                                                                                01.05.15

Отбасымыз үшін 9 мамыр — айтулы мереке. Есімнен кетпес естеліктер балалық шағымнан басталады. Жыл сайын Жеңіс күні атаммен бірге Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткішіне барамыз. Кейін басқа ардагерлермен бірге Петропавл қаласының алаңындағы шеруге атсалысып жүрдік. Мен өз атамның иығында мақтанышпен отырып, қолымда қызыл қалампыр гүлдер ұстап жүретінмін. Шеру біткен соң, барлық туыстарымыз атамның үйінде бас қосып, Ұлы мерекені тойлайтын. Атам майдан даласында соғысса, әжем тылда еңбек етті.

7a2d6ce8234342fcd6557f56045fdf65.jpg

Ғабдулла Зарипов, әйелі Розия Ғазизқызы және олардың немере қыздары. 2000 жыл, 9 мамыр.

Атамның даусы дірілдеп, майдандағы оқиғалардың қандай қиын болғанын баяндайтын. Көзіне жас үйірілгендіктен, «Бьётся в тесной печурке огонь» әнін соңына дейін орындай алмайтын. Атам Ғабдулла Харисұлы Зарипов 17 жасында майданға өз еркімен аттану үшін өтініш жазды. 1941 жылдың 27 тамызында Ортаазиялық әскери аймақтағы Алматыдағы жоғары жаяу училищесіне жіберілді. Алты ай бойы жедетілген оқу курстарында білім алып, 1942 жылдың 15 ақпанында оңтүстік батыс майдандағы 24 атқыштар дивизиясының 7 артиллериялық полкіне жіберілді.

Ол 1942 жылы Харьков облысындағы Солтүстік Донцтің оң жағалауындағы кескілескен шайқастарға қатысты. Әскерлеріміз Украинаның 400-ден астам елдімекенін азат етті. Жауымыз үлкен әскери шығындарға ұшырағандықтан, Харьков және Днепропетровск қалаларына шабуыл жасауға мүмкіндік пайда болды. 1942 жылы мамырдың соңында басталған әйгілі ұрыста (Харьков түбіндегі шайқас) әскерлеріміз қоршауға түсті. Кеңес Одағы көп әскери шығынға ұшырады. Танк бригадаларының және корпустарының көмегімен тірі қалған жауынгерлеріміз Лозовенька ауылының маңында тұрған кеңес сарбаздарына жетті. Атам Кировоград қаласының түбінде сол қолынан жарақат алды. 

e1d015db31097a250bc6b30e54791e0b.jpg

Чехословакия еліндегі госпиталь

Жаудың саны көп болғанына қарамай, кеңес сарбаздары әскери айлакерліктің арқасында жеңе білген. 1943 жылдың қазан — желтоқсан айында әкем Днепр үшін соғысты. Оның айтуынша, жаяу әскерлерді қолдау үшін өзеннің басқа жағасында артиллерия жүру керек болған. Бұл шайқастарда атам екінші рет жарақат алды. Кеңес армиясы Вермахттан кейін өз тарихында екінші рет ірі жеңіліске ұшырады. Киев және Украинаның астанасын азат ету саяси және адамгершілік тұрғыдан өте маңызды болды. Донбасстың өнеркәсіптік аудандары және оңтүстік Украинаның металлургиялық орталықтары азат етілді. 

e7537c8467a3ab649bd967ecc37a9ea8.jpg

Кіші лейтенанттардың курстары. Венгрия елі, Кондоргош қаласы, 1944 жылдың 20 қарашасы 

1945 жылдың 5 сәуірінде кеңес әскерлері Венаның оңтүстік және оңтістік шығыс маңында шайқас бастады. Қала және қалаға апаратын жолдарды қоршауға алдын ала дайындалды. Барлық көпірлер миналап тасталды. Туған жердің әр бөлігі үшін кескілескен шайқастар жүріп өтті. 

982a7c557a0997e0c2adb8cb5cdb21d2.jpg

 Голлебрум қ. (Вена), Австрия, 1945 жылы 9 мамыр 

Атамның әңгімелері бойынша, ол кіші лейтенант атағын алып, артиллериялық взводты басқарды. Үздіксіз шайқастардың ұзақ жылдарында сарбаздар тәжірибе жинап, артиллериялық кәсіптің мамандарына айналды. Атам осындай артиллериялық шайқастардың бірінде үшінші рет жарақаттанып, «Венаны жаулап алғаны үшін» медалімен марапатталды. 

Госпитальде емделіп, Ұлы Жеңістің күндерінде Будапешттің Будафок қалашығын әскери комендатураға жіберілді. Еуропалық елдердің ең сұлу астаналарының бірі зиратқа айналған еді. Көлік жүрмеді, адамдардың саны да азайды. Тұрғындардың кейбіреулері эвакуациядан қайтып үлгермеді. Басқалары қаза тапты. Сондай-ақ панаханаларда отырғандар тысқа шығуға қорықты... 

1945 жылы қала және қала маңындағы аудандарда Будапешт азат етілгеннен кейін әскери комендатуралар құрылды. Құрамына офицерлер, сержанттар, шайқастарға қатысқан сарбаздар енді. Олар кеңес халқы шеккен қасіретін өз көзімен көрді. Көптеген жауынгерлер фашисттік басқыншылардың кесірінен туған-туыстарынан айырылды. 

ee4e1cac40c99b34d0e205736771f15c.jpg

 Будапешт қ., 1945 жылдың 8 шілдесі

Соғыс аяқталды. Үйге қайтып, туған-туыстарымен қайта қауышып, бейбіт өмір сүру деген үміттер әркімнің жүрегіне ұялады. Алайда, жергілікті қылмыскерлер адамдарды тонап, үйлеріне кіріп, жеке заттары мен азық-түліктеріне шабуыл жасап отырды. Қоғамдағы тәріпті сақтау үшін комендатуралар күні-түні жұмыс жасай бастады. 

 Жасаған ерлігі үшін атам Ұлы Отан соғысының және Қызыл жұлдыз ордендерімен марапатталды. Сондай-ақ «Әскери ерлігі», «Венаны жаулап алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдары берілді. 

4f352ac0896ee0d9f7db3387263963bc.jpg

10 жыл бұрын, Жеңістің 60 жылдығына үш ай қалғанда атам дүниеден өтті. Бұл кезде мен 7 жаста болғандықтан көптеген оқиғалардың мәнін түсінбейтін едім. Сондықтан да атам айтқан әңгімелердің туралы егжей-тегжейін әкем жеткізді. Атамның бұл дүниеден кеткеніне көп болса да, Ұлы Отан соғысы тақырыбы қозғалғанда, оны бірден есіме түсіремін. Батырдың есімі жүрегімде мәңгіге сақталады. Ардагерлер өз балаларының, немере-шөбелерінің бейбіт өмірі үшін күресті.

Диляра Зарипова,

Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қаласындағы

«Дарын» лицей-мектебінің

11-сынып оқушысы

«Бір суреттің тарихы» фотожобасына қатысыңыз, біз сіздің оқиғаңызды жарыққа шығарамыз.


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?