Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бір суреттің тарихы. Семен Бугаев

976
Бір суреттің тарихы. Семен Бугаев - e-history.kz

                                                                                                                                                               01.05.15

Ұлы Отан соғысының оқиғалары алыстап барады. 70 жыл өтті... Басына қаншама қиыншылық түссе де еш мойымаған ардагерлеріміз Отан үшін от кешті. 

Мен нағашы атам Семен Алексеевич Бугаев туралы баяндайын деп едім. Атамның бастан кешкен оқиғаларын сөзбе-сөз жазып алдым. Оның қызы Картанович Нина Семёновна өз әкесінің өмірі туралы былай деп әңгімеледі: «Менің әкем — Бугаев Семён Алексеевич 1911 жылы, анам Васса Фёдоровна 1912 жылы туылған. Қоныс аударуға дейін Забайкалье аумағындағы Читинск облысының Чашино-Ильдикан ауылында тұрды. Әкем тұтқынға алынар бұрын алтын кен орындарында жұмысшы болды, ал анам — үй шаруасындағы әйел. 

956e7923f2d39fa8a3f704037851c0a1.jpg

1933 жылы әкем түрмеге жабылып, Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасының Қылмыстық кодексінің 58-11 бабымен сотталған. Отбасымен бірге репрессияға ұшырап, Қазақстанға жер аударылды. Бірнеше айдан кейін анам да түрмеге түсті. Осы кезеңге дейін ұлы Алексей туылды (1931 ж.). Анам екінші рет құрсақ көтерді. 

1933 жылы Сашенька дүниеге келді. Анам кішкентай сәбиді әжеммен бірге қалдырып, өзі үлкен баланы қолына алып, түрмеге жабылған ер адамдардың басқа әйелдеріне қосылып, өз күйеуін іздеді. Әйелдер 40 шақырым жерді жаяу жүріп өтті. «Бостандығымыз өз қолымызда», — деп ойлады байғұс әйелдер. Алайда, әйелдер түрменің қақпасына жақындағанда, күзетшілер мылтық дүмімен әйелдерді итеріп, ауланың ішіне кіргізді. Бір-бірін ұзақ көрмеген зайыптылардың кездесуі түрмеде өтті. Енді не болса да, келешекті бірге күтуды бел буды. 

b5cdd47f80d02fa6c21b62f5c8d8aa38.jpg

430ade64007051af3cf66aa928fb31d7.jpg

ccb2b3f903d76db0ed7e409f8a8b0eec.jpg

Қараша айының басында оларды тауар пойызының вагондарына кіргізді. Вагонның ішінде бос орын жоқ еді, қабырғадағы тесіктерден жел соғып тұрды. Қарауылдар жылы вагондарға орналасты. Қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың орындарына қарағанда жылқылардың жағдайы әлдеқайда жақсы... Пойыз бір күн, бір түн жүріп, айдалаға тоқтады. Вагон есігін ашқанда, көп адам мерт болған еді. Күзетшілер тұтқындарды сыртқа шығарып, аяусыз соққыға асықты. 

1933 жылдың 14 қарашасында адамдардың ауыр сапары аяқталды. Шортанды ауданына келіп, кейін Жданово кентіне, Степное ауылына дейін жетті... Қыс та басталып кетті, адамдар науқастанып жүрді. Көптеген тұтқындар кезік деп аталатын дертке ұшырады. Әкем де ауырып қалды. Ол ауруханада ұзақ уақыт бойы төсек тартып жатты. Құдайдың құдіретінің арқасында тірі қалды. Әкем емделіп жатқанда, анам жолдарды тазару жұмысына тартылды. Терезесі, есігі жоқ барақта тұрып жатты. 

Көп ұзамай, үлкен баласы Алеша бақтық сапарға аттанады, кейін Забайкалье аумағында қалған кішкентай Сашенька да дүниеден өтеді. «Ол аз тамақтанып, үнемі жылап отыратын...», — деп жазылған әке-шешесіне келген хатта. Анасы өз баласының қайтыс болуының себебін айтқанда «Ішқұсалықтан о дүниелік болып кетті», — деген еді. 

Әке-шешем Қызыл Армияның жаулары деп саналған. Сондықтан да соғыс басталғанда, оларды қарауылдады. 1942 жылдың көктемінде әкем соғысқа жіберілді. Бірден Сталинград түбіндегі шайқасқа түсті. 

Ол майданға аттанғанда, анам қолындағы екі баламен қалды: менің ағам Толя және әпкем Галя. Олар суықты, ашаршылықты басынан өткеріп, күнделікті ауыр жұмыстардан қанша қиналса да,  абыроймен шыдады. 

Әкем бүкіл соғысқа қатысып, Германияға дейін жеткен. Алайда, 1945 жылы бірден үйге оралмады, өйткені Жапониямен басталған соғысқа жіберілген. 

1946 жылдың жазында үйге қайтып, соғыс туралы тек қана: «Бұл сұмдық туралы не айтуға болады...», — деумен шектелетін. Әкем «Сталинградты қорғау үшін», «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды. 

Өмір бір орында тұрмайды, уақыт өте бәрі қалпына келе бастады: әкем жүргізуші, электрші, диқаншы болып жұмыс жасап жүрді. Отбасында басқа балалар да туылды: 1947 жылы — Юра, 1948 жылы — Федор, ал 1953 — мен. Бәлкім, менің аға-әпкелерім 1941-1945 жылдардағы уақыт туралы көбірек айтар еді... Алайда, олар дүниеден өтті. 

Әкем 1971 жылдың 15 мамырында қайтыс болды. Ақталғаны туралы ешқандай құжаты болмағандықтан, бірде-бір рет зейнетақы алмады. Анам 1991 жылдың 23 қаңтарында көз жұмды. Әке-шешем Қазақстан аумағында жерленген. Олардың жарқын бейнелері жүрегімде мәңгі сақталады».

Ақмола облысы Степное ауылындағы

Степной орта мектебінің

6-сынып оқушысы

«Бір суреттің тарихы» фотожобасына қатысыңыз, біз сіздің оқиғаңызды жарыққа шығарамыз.


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?