Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Елордада Астана күні мерекесіне орай қуыршақтарға жан бітті

1877
Елордада Астана күні мерекесіне орай қуыршақтарға жан бітті - e-history.kz
Астанада I Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлар фестивалі өтті

Астанада 2015 жылдың маусым айының 29 мен шілде айының 2-сі аралығында Қалыбек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының ғимаратында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі», «Ерен еңбегі үшін» ордендері мен медалінің иегері, ҚазҰӨУ-нің профессоры, Астана қаласы қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі, қазақ қуыршақ театрының тұңғыш кәсіби режиссері Ешмұратова Құралай Халекетқызының 70 жасқа толған мерейтойына орай «Құралай Ешмұратова атындағы I Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлар фестивалі» өтті. 

e93a325319c96d6dc57121ea0c215aa1.JPG

Қазақ ҰӨУ «Актерлік өнер және режиссура» кафедрасының меңгерушісі Құралай Ешмұратова 1962-1967 жылдары Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияны бітірген. Республикалық және халықаралық байқауларда жеңістерге жеткен, бұған дейін драматургтар О. Бодықов, С. Омаров, О. Әубәкіров, Н. Оразалин, С. Жүнісов, композиторлар Л. Хамиди, Е. Рахмадиев, Ш. Қалдаяқов, Ә. Бейсеуов, Е. Хасанғалиев, В. Булгаровский, т.б. бірігіп көрермендерге көптеген қойылымдар ұсынған. Тәлім алған шәкірттері еліміздің әр өңіріндегі қуыршақ театрларында қызмет етіп жүр. 

Фестивальге әлемге әйгілі Еуропа, Азия, ТМД елдерінің қуыршақ театрлары қатысты. Атап айтсақ: Испания, Болгария, Перу Республикасы, Эстония, Тәжікстан, Сербия және басқалар. 

619a1ac17db20305c715eedd421b9f03.JPG

Фестиваль аясында гала-концерт, қуыршақ театрларының халықаралық конференциясы, «Марионетт» итальян қуыршақ театрының тұсаукесері өтті. Сонымен бірге, Перу әртісі Хозе Наварродың «Ритуальный танец ножниц», эстониялық режиссер-қоюшы Ирина Арцимовичененің «Машенька и медведь» («Мельница» қуыршақ театры), Болгария театрының «Кот в сапогах», Сербия театрының «Там, далеко» (режиессер-қоюшысы Амела Вученович), Румыния театрының «Василаке и Мариоара», Тамбов қаласының Мемлекеттік қуыршақ театрының «Красная шапочка» (режиессер-қоюшысы Амела Вученович), Татар мемлекеттік қуыршақ театрының «Дюймовочка» (режиессер-қоюшысы Л. Кожевникова), Тәжікстан Мемлекттік «Лухтак» қуыршақ театрының «Щ У Ч А» (режиессер-қоюшысы Зафар Джавадов) қойылымдары сахналанды. 

d80405e8aaf7028e5146e05928eb8ade.JPG

Сонымен қатар, Астаналық қуыршақ театрының ұжымы Сәкен Жүнісовтің «Аманай мен Заманай» повесінің негізінде «Атамекен» спектаклін көрермен назарына ұсынды. Бұл қойылымда қазақ халқының басынан өткен қиын-қыстау шақтарын, жырақта жүрген қандастарымыздың Отанға, ұлттық салт-дәстүрлерге деген сүйіспеншілігі көрсетілді. 

be4c553ed32c7ecd18b0b4eb2c2f4b00.JPG

061c7b04f166dcf4bff94613e12df3bb.JPG

«Біз 2010 жылы «Атамекен» спектаклінен бөлек театр ретінде алғаш рет ашылып, биыл елордада қызмет еткенімізге 5 жыл толды. Сондықтан да бүгін Астананың туған күніне орай осы фестивальді өткізіп отырмыз. Фестивальге 9 елдің қуыршақ театрлары келді. Олардың әрқайсысымыз өз мәдениеті мен техникасы бар», – деді Астана қаласы әкімдігінің қуыршақ театры директорының орынбасары Мұратова Салтанат Талғатқызы.

52104b0a463b0202612d701c941dfe32.JPG

Барлық фотосуреттер мұнда

Мирас НҰРЛАНҰЛЫ

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?