Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бір суреттің тарихы. Әйтеевтер отбасы

1529
Бір суреттің тарихы. Әйтеевтер отбасы  - e-history.kz
Отбасылық альбомнан алынған бұл сарғайып кеткен фотосурет, соғыстан кейінгі ауыр жылдар мен Қазақстандағы қарапайым отбасылардың бірінің тарихы жайлы сырды сақтап отыр.

299d25742120ee6fe2f661bad4ecf213.jpg

Отбасылық мұрағатымыздан осы фотосуретті алып шығып, оған ұзақ қарап отырмын. Фотосурет сондай ескі, бүгілген жерінен сынып кетеді. Оның арт жағында көк сиямен 1954 деп жазылған, яғни фотосурт осы жылы түсірілген. 

Фотосуретте атам Қасқырбай Аманбайұлы Әйтеев (құжаттарда Александр Васильевич деп жазылған, өйткені ол Новосибирск облысында туып-өскен) және әжем Анастасия Николавна Әйтеева бейнеленген. Олармен бірге түсірілген кішкентай қыздар – менің әжем мен апам. Мен санай бастаймын: 1954 жыл... Ұлы Жеңістен кейін он жыл да өтпеді. Қарапайым киім, күлімсіремейтін беттер... Онда өмір сүру қиын болды деп әңгімеледі әжем. Бұл фотосурет ең ескі фотосуреттердің бірімен түсірілген болатын, одан да ерте түсірілген суреттер жоқ, өйткені фотоаппараттар болмаса керек. Атам мен әжемнің соғыс туралы әңгімелерін тыңдағанда (ал ол жайлы олар да өз әке-шешелеріміздің сөзінен біледі), олардың өмірін көзімнін алдына елестетіп отырамын. Адамдар майданда соғысқан өз туыстарынан бір хабар келгенше қалай күтіп отырғанын, балалардың далаларға шығып, тоңазатылған картоп түйнектерін қалай жинап, ал аналарының олар үшін «драниктер» деп аталатын құймақтар пісіргендері туралы ойланып жатырмын. Үсіген картоп «тәттілеу» болса да, бірақ одан да дәмді тамақ болмады. 

Фотосуреттен маған қарап отырған атам 13 жасынан бастап трактор айдап, жұмыс істей бастады, ал еңбек өтілі – 42 жыл. Ол Ұлы Отан соғысына қатыспады, өйткені тым жас болды. Бірақ ол аяқталғаннан кейін атам Қиыр Шығыста артиллерияда әскери қызметін атқардыі. Осы кезде, бүкіл төрт жыл бойында, жас болған әжем кішкентай қызымен оны үйде күтіп отырған екен. Менің ойымша, барлық қиыншылықтрға қарамастан, осы фотосуретте бақытты отбасы бейнеленген: үрейлі соғыс аяқталды, отбасының басшысы армияда қызмет еткеннен соң үйге аман-есен оралды, балалар да әке-шешесінің қуанышына өсіп келе жатыр. Болашақта оларда тағы да бір қыз және зарыға күткен ұл дүниеге келді. 

Жақын арада отбасы өз үйін де салады, балалары мектеп табалдырығын аттайды, сосын құрметті мамандықтарын алып өмірден өз орындарыд табады. Отбасы құрып, немерелі болады, ал одан соң біз, шөберелеріміз, дүниеге келеміз. Жалпы алғанда, барлығы қарапайым адамдардың өміріндей болды... Әжемнің ең басты айтып отыратыны: барлығы бірге, бүкіл халық, бүкіл ел соғысты басынан кешіріп, жаңа өмірді бастады, соғыс қиратқан шаруашылықты қалпына келтірді. Сонымен бірге, өз елін әлемдегі ең ұлы ел деп санаған, оны өлгенге дейін қорғауға дайын болған олардың өз елімен қалай мақтанғанын мені таңқалдырады... Менің ойымша, еліміздегі әр отбасында осындай фотосуреттер бар. Әр отбасының мақтанатын жөні бар. Тек қана соғыс сұмдықтары қайталанып келмесе екен, ол тек ескі фотосуреттердің беттерінде ғана қалса екен! 


Дана МӘКІШЕВА, Павлодар қаласындағы «Дарынды балаларға арналған  №3 гимназиясының» 8-ші сынып оқушысы

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?