Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Отырарда «Әбу Насыр әл-Фараби оқулары» атты байқау өтті

2192
Отырарда «Әбу Насыр әл-Фараби оқулары» атты байқау өтті - e-history.kz
Отырар аудандық мәдениет сарайында Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ ОҚУЛАРЫ» облыстық байқауы өтті.

Отырар аудандық мәдениет сарайында Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ ОҚУЛАРЫ» облыстық байқауы өтті. Ұлы ғалым, философ, музыкант, өнертанушы Әл-Фараби оқуларын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі» мен Руханият Әбу Насыр әл-Фараби мұражайы және Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бірлесіп  ұйымдастырды.

Байқауды Отырар ауданының әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов ашып беріп, Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің  1150 жылдық мерейтойын ғұламаның туған жерінде облыстық деңгейде тойланып, оның еңбектері кеңінен насихатталып жатқандығын қуана жеткізіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бүгінгі күнмен үндесіп жатқан Ұлы Дала елі тарихындағы баба мұраларын насихаттау арқылы өскелең ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру мен бабалар мұрасына деген жастардың құрметін арттыру мақсатында ұйымдастырып жатқан байқауда Түркістан облысының барлық аудандарынан қатысқан қатысушылар үш кезең бойынша бақтарын сынады.

«Ұлағаты мол ұлы ұстаз» тақырыбындағы бірінші кезең бойынша жатқа білуі тиіс Әбу Насір әл-Фарабидің 5 трактатының біреуін жатқа айтып берсе,  екінші кезеңінде «Ойлы болсаң, озып көр!» Әбу Насір әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап берілді. Соңғы кезеңде қатысушылар «Баба еңбегі – ұрпаққа мұра» Әбу Насір әл-Фарабидің бір еңбегіне тоқталып, зерделеп, талдап, мазмұнын жеткізді.

Әбу Нәсір әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «ӘБУ НАСыР ӘЛ-ФАРАБИ ОҚУЛАРЫ» облыстық байқауына қатысып, ұлы бабаның шығармаларын жете түсініп, оны көпшілікке жеткізе білгені үшін әділ қазылардың қорытындысымен Бас жүлде Отырар ауданынан қатысқан Оңласын Қарақатқа бұйырса, бірінші орын Арыс қаласынан Сайлаубайқызы Аяжан иеленді. Екінші орын Ордабасы ауданы Әбдужалалова Назеркеге, үшінші орынды Қазғұрт ауданынан Жақсыбек Ерасылға берілді .

«Зерделі жас» номинациясы бойынша Шардара ауданынан Сапар Сымбат, «Жан-жақты білімді» номинациясымен Бәйдібек ауданынан Алпысбек Ақнұр марапатталды. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді.

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?