Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Н. Жолбарыс: Елбасы мақаласы – музей мамандары жұмысының негізгі бағыт-бағдары

970
Н. Жолбарыс: Елбасы мақаласы – музей мамандары жұмысының негізгі бағыт-бағдары  - e-history.kz
Кеше Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көрген болатын осы орайда музеолог Нұрсерік Жолбарыс өзінің сараптамалық пікірін білдірді.

«Музейдің басты қонақтарының бірі – балалар. Ал, балалармен жұмысты қалай және қандай қандай бағытта ұйымдастыру керек екенін анықтау – музейдің міндеті. Сондықтан, музейлерде балалармен жұмыс жасаудың тиімді жоспары болуы тиіс. Бүгінгі балалар – ертеңгі аға буын. Музейдің ересек қонақтарын осы бастан қалыптастырып, олардың музейге деген құрметін арттыру қажет. Музеологияның бір бағыты – музей педагогикасы осы мақсатта қызмет етеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы музей мамандарына, оның ішінде музей педагогтарына жұмыстың негізгі бағыттарын көрсетіп берді.

Елбасы мақаласында көрсетілген идеяларды жүзеге асыру үшін музей педагогтарын әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуді қолға алу қажет.

«Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылған мектептер мен өлкетану музейлері жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құру идеясын жүзеге асыру үшін Мәдениет және спорт министрлігі мен Білім және ғылым министрлігі бірлесе жұмыс атқарса жөн болар еді. Аталған екі министрлік мектеп музейлері мен өлкетану музейлері үшін бірлесіп әдістемелік нұсқаулықтар дайындаса жұмысты біраз жеңілдете түсетіні анық. Қазіргі уақытта мектеп музейлері мен мектептегі музейлердің жанынан құрылған үйірмелердің қызметін реттейтін ешқандай әдістемелік нұсқаулық түріндегі құжаттар жоқ. Мектеп музейлері мен өлкетану музейлеріндегі үйірмелер көбінесе жекеленген мамандардың қызығушылығы негізінде жүзеге асырылып келеді. Мектеп музейлері мен өлкетану музейлері жанынан құрылған оқушыларға арналған жұмыстарды музей педагогтары ұйымдастырады. Еліміздегі музейлерде кәсіби музей педагогтары жетіспейді. Оның үстіне «музей педагогикасы» ірі қалаларда болмаса, аймақтарда жеткілікті деңгейде дамымаған. Жақында осы мәселені көтеріп, Білім және ғылым министрлігіне ұсыныс білдірдік. Министрлік жыл сайынғы тамыз кеңесінің бір секциясын музей педагогикасы тақырыбына арнағысы келетінін жеткізді. Егер нұсқаулықтар дайындалып, секциялық жұмыстар ұйымдастырылып, ұсыныстарымыз қолдау тауып жатса, Елбасының идеясын кәсіби тұрғыда жүзеге асыруға мүмкіндік деп ойлаймын».

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?