Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

БҚО-да «Абылай – қазақ ханы» екі томдығы таныстырылды

1660
БҚО-да «Абылай – қазақ ханы» екі томдығы таныстырылды  - e-history.kz
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Зарқын Тайшыбайдың басылымы қазақ хандарының ішіндегі ең мықты хан Абылайдың өмірі мен қызметі туралы әңгімелейді.

Батыс Қазақстан облысының Ж.Молдағалиев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында «Абылай – қазақ ханы» кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлады BNews.kz тілшісі БҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Жаңа екі томдық кітапта қазақ хандығы тарихынан қосымша мәліметтер жинастырылды. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Зарқын Тайшыбайдың басылымы қазақ хандарының ішіндегі ең мықты хан Абылайдың өмірі мен қызметі туралы әңгімелейді. Екі томдық ЖОО студенттері мен тарихшылардың өздері үшін жақсы қосымша оқу құралы болып табылады.

Жаңа жинақта 500-ге жуық тарихи құжат пен материал жинастырылған. Оның 200-ден астамы бұрын мүлдем белгісіз болған. Онда қазақ батырларының өмірі туралы да айтылған. Жинақты еліміздің кітапханаларынан табуға болады.

Дерек көз: bnews.kz
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?