
Конкурстың мақсаты – Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңыздылығын айшықтайтын монументалды ескерткіштің мүсіндік-көркемдік шешімін табу.
Конкурсқа ұсынылған жобалар ансамбльдік үйлесімді шешіммен қорытындыланған жоғары идеялық және сәулеттік-көркемдік деңгейде орындалуы тиіс.
Монументтің жобасын іріктеу талаптары:
- жоғары көркемдік деңгей, эстетикалық мәнерлілік, идеялық мазмұндылық, көркемдік тұтастық пен ерекше бітімде болуы;
- мүсін алыстан көз тартып, жергілікті кең көріністің (панорама) өзекті композициясына айналуы керек.
Толығырақ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтынан білуге болады.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Qazaqstan tarihy порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. mail@e-history.kz 8 (7172) 57 60 13 (ішкі - 1163)