«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Жаңалықтар

Бір суреттің тарихы. Жолдас Аймұратов

1075
Бір суреттің тарихы. Жолдас Аймұратов

21.04.15

Бастауыш мектепте оқығанда, атамның альбомында ескі фотосуретті көріп қалдым. Мұнда әскери киімді киген бір адам бейнеленген еді.

Бастауыш мектепте оқығанда, атамның альбомында ескі фотосуретті көріп қалдым. Мұнда әскери киімді киген бір адам бейнеленген еді. «Бұл кім?», — деп сұрадым әкемнен. Суретте бейнеленген кісі — әкемнің әкесі. Мен оны танымай қалдым, өйткені атам егде жаста еді. Әкемнен өзінің әкесі атамның Ұлы Отан соғысына қатысқаны туралы айтып беруін өтіндім. Менің атам Аймұратов Жолдас Тұрғалиұлы 1911 жылдың маусымында Гурьев облысы Бақсай ауданындағы Соколок елдімекенінде дүниеге келді. Ол Соколоктағы мектеп-интернатта оқып жүріп, одан кейін 2-дәрежелі Гурьев мектебінде білім алды. 30-шы жылдардан бастап, соғыстың басталуына дейін баспа органдарында ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, Гурьев облысындағы «Социалистік құрылыс» газетінің жауапты хатшысы болып жұмыс жасап жүрді. Ұлы Отан соғысы басталғанда, атамды Ақтөбе қаласындағы майдан газеттеріндегі политруктардың және жұмысшылардың курстарына жіберді. Соғыс жүріп жатқандықтан, курстар жеделтілген болатын. 

1941 жылдың аяғында −1942 жылдың басында Ақтөбе 101-атқыштар дивизиясы құрылды. Атам оның құрамында қазақ тілінде жарық көретін «Отан үшін» газетінің жауапты хатшысы болып қызмет етті. 

021e4a1e6fddef578cc75bc7ee405179.jpg

1942 ж., Ақтөбе қаласы, майданға аттанар алдында. Аймұратов бірінші қатардың сол жағында тұр. 

Менің атамның марапаттау қағазында: «Жолдас Аймұратов Ж. Т. бригада құрылған күнінен бері, яғни 1941 жылдың желтоқсанынан бастап, «Отан үшін» газетінің жауапты редакторы болып жұмыс жасап жүрді, газет арқылы жеке құрамда қойылған мақсаттарды үлгілі орындауға мобилизацияланды. Ж.Аймұратов жолдаспен редакцияланатын газет бригада басқармасының әскери көмекшісіне айналып, жеке құрам арасында үлкен беделге ие болды», — деп жазылған. 

Бригаданың құрамында әртүрлі ұлт өкілдері болды: қазақтар, орыстар, украиндар және басқалар. Олар қаза тапқан адамдар мен үлкен әскери шығындарға қарамай, өз Отанын қорғады. 1942 жылы Қазақстанда жасақталған 101-атқышар дивизиясы 1300 адамнан айырылды. 

1943 жылы атам 1-ші Балтық маңындағы «Жауға қарсы аттан» майдан газетінің редакторы болып тағайындалды. Газет қазақ тілінде жарық көрген. 

1945 жылы атам «Дабыл» газетінің редакторы қызметіне келді. Кейінен атам Жапон соғысына қатысқан. 

1946 жылы Кеңес Армиясының майоры атағын алып, әскерден қайтты. Кеудесіне «Германияны жеңгені үшін», «Кенигсбергты жаулап алғаны үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдары, Қызыл жұлдыздың 2 ордені, екінші дәрежелі Отан соғысының ордені тағылды. 

7779fb74c8145b623ef9efbf01ca91a1.jpg

Майор Аймұратовты әскери марапат (Қызыл Жұлдыз Ордені) алғанымен құттықтау сәті, 1944 жылдың 20 тамызы, Литва елі 

Атам Отан игілігіне өмір бойы қызмет етті. 1971 жылы зейнеткерлікке шығып, 1984 жылға дейін жұмыс істеді. Көп жылғы және адал еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалі және көптеген грамоталармен марапатталған. Жұмабике әжемен жарты ғасырдай ғұмыр кешті. 

3bdd26d919cd83059eb18c037a2ebd00.jpg

1993 жылы 82-жасар Жолдас Тұрғалиұлы дүниеден өтті. Көзі тірісінде атамды көрмей қалдым, өйткені кейіннен дүниеге келдім. Атамның отбасылық альбомында қалған фотосурет көп. Альбомды ақтара отырып, атамның қандай болғанын көзіме елестетемін. 

1945 жылғы 9 мамырдан бері көп жыл өтті. Жыл сайын Ұлы Отан соғысының ардегерлерінің саны азаюда. Соғыс жылдарын ешқашан ұмытпаймыз! 

Біздің парызымыз — Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің және тылдағы жұмысшылардың ерлігін жадымызда сақтау. Жеңіс күнін жақындатқан жауынгерлерді ұмытуға құқығымыз жоқ. Болашақта-да соғыстың болмайтынына сенімді болғымыз келеді. Жер бетінде бейбітшілік, ынтымақ, келісім болсын! 

Менің атам Аймұратов Жолдас Тұрғалиұлы — Ұлы Отан соғысының ардагері болғанымен мақтанамын. Атамның үлгісінің арқасында мен-де Қазақстанның құрметті азаматы атануға бар күшімді саламын.

Аймұратова Айша, Атырау облысы Атырау қаласындағы № 18 орта-мектебінің 9-сынып оқушысы

«Бір суреттің тарихы» фотожобасына қатысыңыз, біз сіздің оқиғаңызды жарыққа шығарамыз.


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Qazaqstan tarihy порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English