«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Жаңалықтар

«Ата даңқы – ұрпаққа ұран» республикалық эссе байқауы басталды

3425 0
«Ата даңқы – ұрпаққа ұран» республикалық эссе байқауы басталды
Ұлы Жеңістің 70-жылдығына орай «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы «Ата даңқы – ұрпаққа ұран» атты республикалық эссе жазу байқауының басталғаны туралы жариялайды.

Әр аймақтан және әр топтан үш-үштен үздік жұмыстар іріктеліп алынады. Жеңімпаздар ақшалай сыйлыққа ие болады. Ал Республикада үздік деп танылған жұмыстардың авторлары (және олардың мұғалімдері) ҚР Білім және ғылым Министрінің мақтау қағазымен марапатталады. Қызықты деп танылған жұмыстар телеарна сюжеттеріне арқау болады.

Байқауға 5-8 сынып (1 топ) және 9-11 сынып (2 топ) оқушылары қатыса алады.

5-8 сынып оқушыларына арналған келесі эссе тақырыптары:

  • «Менің отбасымның тарихы» (ҰОС тақырыбы аясында / соғыстың отбасы тарихына әсері, т. с. с.);
  • «Біздің көше батыры» (Сіз тұратын елді мекендегі өмір сүретін/өмір сүрген ардагер, оның естеліктері, ерліктері туралы эссе);
  • «Соғыс күнделіктері» (майдан алаңынан келген хаттарға негізделген материал (хаттар автордың туыстарына/достарына/таныстарына тиесілі болуы тиіс)).

9-11сынып оқушыларына арналған эссе тақырыптары:

  • «Отбасылық альбомның кейіпкері» (соғыстың ызғары маңдайына тиген отбасы мүшелері туралы әңгіме);
  • «Қонақжай қазақ даласы: Қазақстан — ортақ үйіміз» (ҰОС жылдарында Қазақстанға қоныс аударған отбасылар туралы және/немесе қоныс аударғандарға көмек қолын созған қазақ отбасыларының естеліктері).

Әрбір топқа арналған тақырыптармен, жұмыстарға қойылатын талаптармен және қатысу шарттарымен Байқау туралы ережеден танысуға болады http://kz2050.kz/ru/news/1433).

Жұмыстар орыс және қазақ тілдерінде қабылданады.

Жұмыстарға қойылатын техникалық талаптар:

  • Файл — Microsoft Word
  • Көлемі — А4 форматындағы 3 беттен көп емес
  • Қаріпі — Times New Roman
  • Қаріптің кеглі — 14
  • Жоларалық интервал — 1,0
  • Иллюстрациялар/фотосуреттерді қосуға болады, олар эссенің шектелген көлеміне кірмейді.

Байқаудың жүлде қоры 800 мың теңгені құрайды.

Көпұлтты Қазақстан халқының Ұлы Отан соғысының Жеңісіндегі ерлігінің маңызы мен рөлін көрсету, патриотизм мен мақтаныш сезімін арттыру, фашизммен күресте өлшеусіз үлес қосқан ардагерлеріміздің ерен ерлігінің рухани астарын тереңнен әрі кеңінен түсінуге шақыру.

Байқау туралы ережемен (http://kz2050.kz/ru/news/1433) мұқият танысып шығуды өтінеміз.

zhenis70esse@gmail. com электронды поштасы бойынша жұмыстарыңызды күтеміз.

Жұмыстар 2015 жылдың 05 наурызына дейін қабылданады.

Ақпараттық серіктес — e-history.kz порталы.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Qazaqstan tarihy порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. mail@e-history.kz 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English