«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Жаңалықтар

«Бір суреттің тарихы» фотокөрмесі ашылды

1447 0
«Бір суреттің тарихы» фотокөрмесі ашылды
2 мамырда «MEGA Astana» және «Керуен» ойын-сауда орталықтарында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған фотокөрменің салтанатты ашылуы өтті.

Рейхстагқа Жеңіс туын тіккеннен кейін 70 жыл өтті. Тарих беттеріндегі кеңес әскерлері мен олардың аналарының, әйелдері мен қарындастарының ерлігі есте сақталып, батырларға құрмет көрсетілуде. Алайда, өкінішке орай, ортақ жеңісіміздің жолында өз өмірі мен денсаулығын тәрк еткен мыңдаған, жүздеген, миллиондаған тұлғалардың тағдыры тарих тасасында қалып қоюда...

«Бір суреттің тарихы» фотокөрмесінің басты ерекшелігі де осы. 

2015 жылдың 9 ақпанынан бастап «Қазақстан тарихы» веб-порталы (e-history. kz) Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Бір суреттің тарихы» жобасын жүзеге асыра бастады. Қазақстандықтар үш ай бойы веб-порталдың редакциясына Ұлы Отан соғысына қатысқан туған-туыстарының, таныстарының және көршілерінің фотосуреттерін жолдады. Редакцияға келіп түскен жүзге жуық хаттар мен суреттер бізді фотокөрме ұйымдастыруға шабыттандырды. Осылай, «Бір суреттің тарихы» бірегей көрмесінің кешенінде ҰОС ардагерлерінің және тылдағы еңбеккерлердің фотосуреттері мен оқиғалары жиналды. 

9e4b1fe5d4a60352fbf2902daec6daee.JPG

ҚазҰӨУ студенттерінің қатысуымен концерт ұйымдастырылып, фотокөрменің шымылдығы ашылды. Көпшілікке белгілі «Әлия», «Тырналар», «Жеңіс күні», «Құлпынай» соғыс әндері шырқалды. 

b84b69d07a0c3f599e44941d1f8919b1.JPG

5ebf9a9fd2b6b9571e8ef5a800ffd060.JPG

004d460597838af5ddfa354c5d635c74.JPG

Көрмеге келгендердің барлығы Ұлы Отан соғысында шайқасқан қарапайым қазақстандықтардың тағдырымен танысуға, тылдағы қариялардың, әйелдердің және балалардың қайғы-қасіретін сезінуге, олардың суреттегі жүздерін көре отырып, оқиғаларымен танысу мүмкіндігіне ие болды. 

67901322ea306b1c3ffab1638a7a7d14.JPG

fcd9791ae0170abd6c844fabe1f88d83.JPG

Әр фотосуретте орналастырылған QR коды арқылы батыр туралы толық оқиға оқуға болады.

«Бір суреттің тарихы» көрмесі 2015 жылдың 11 мамырына дейін жалғасады. 

«MEGA Astana» ОСО және «Керуен» ОСО, ҚазҰӨУ-не шараны ұйымдастыру мен өткізу барысындағы көмегі үшін алғысымызды білдіреміз. 

 Әр жіберілген фотосурет және оқиғамен МҰНДА танысуға болады.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Qazaqstan tarihy порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English