«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Жаңалықтар

Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихы халықаралық дәрежеде зерттелуде

646 0
Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихы халықаралық дәрежеде зерттелуде
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы: жаңа деректер және түсіндірулер» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылды.

Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай өткен іс-шара «Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы: жаңа деректер және интерпретациялар» тақырыбында өрбіді. Оған Ресей, Өзбекстан, Түркия, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, ҚР БҒМ мемлекет тарихы институты, ҚР ЖОО ғалымдары, мұражайлар мен мұрағаттардың қызметкерлері қатысты.

b24483570d8de4e2fad4759d86e2fb19.jpg

Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры, академик Сыдықов Ерлан және Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Тарих факультетінің деканы профессор Садықов Тілеген конференцияға модераторлық етті.

03c8591bda412828aef8081ccf11e1de.jpg

— Біз бүгінгі конференцияның барысында қазіргі тарихнамадағы Екінші дүниежүзілік соғыстың гуманитарлық мәселелерін, қазақстандық және шетелдік мұрағаттардағы Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы бойынша мұрағаттық деректерін, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы саяси репрессиялар мен халықтардың күштеп жер аударылуын; қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуын зерттеу мақсатында шет елдік әріптестеріміздің басын қосып отырмыз, — деді Тілеген Сыдықов. 

Баяндамаларында тарихи тың деректерімен бөліскен Нижневартовск мемлекеттік университетінің профессоры Сапожникова Наталья Васильевна, Курск мемлекеттік университетінің профессоры Кравцова Елена Сергеевна, А. С. Пушкин атындағы Ленинград мемлекеттік университетінің профессоры Веременко Валентина Александровна есімді ғалымдар өз ойларын ортаға салып, қазақстандық тарихшылармен өзара ғылыми тәжірибе алмасты.

3a71ff0274c057db151a885ffeb7f304.jpg

Жауынгер жиынтығы


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Qazaqstan tarihy порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English