Қазақ хандығына 550 жыл

«Мәңгі ел» идеясы арқылы қазақ мемлекеттігі» атты дөңгелек үстел өтеді

27 Ақпан 2015
732
0
Қазақ хандығының орнауы мен қазақ мемлекеттілігінің құрылу алғышарттары маңыздылығы бойынша Қазақстан тарихының ең негізгі кезеңдерінің бірі болып саналады.

1465 жылы Керей мен  Жәнібек  Қазақ сұлтандар хандығының негізін қалады.  XV ғасырдағы бұл тарихи оқиға кейінгі жүзжылдықтарда қазақ халқының бірігіп, нығаюына, ұлттың қоныстану аумағының тұтастығына, санғасырлық мәдениетінің гүлденуіне жол ашты. Дөңгелек үстел барысында тәуелсіз Қазақстан мен Қазақ мемлекеттілігінің орнауы мен дамуы, және біртұтас еркін ұлт идеясы мәселелері талқыланады.

Аталмыш шараға Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына арналған көрме орайластырылып отыр. Көрмеге әйгілі қазақ хандарының атқарған жұмыстары жайлы жақын шетелдердің мұрағаттарынан табылған бірегей құжаттар қойылады. Атап айтсақ, Әбілқайыр ханның Ресей патшайымы Анна Иоановнаның және Абылай ханның Ұлы Екатерина патшайыммен алысқан хаттары, т.с.с.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары Мемлекеттік тарих институтының және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары, профессорлар т.ғ.д. А.С.Мусағалиева, З.Е.Кабульдинов, доцент, т.ғ.к. А.Н.Қашқынбев және басқа да белгілі тұлғалар.

Мекен жайы: Әуезов көшесі, 3

Анықтама бойынша телефондар: 216331, 87079646970


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз