Қазақ хандығына 550 жыл

Қазақ хандығы: қысқаша құрылу тарихы

06 Ақпан 2015
6252
0
2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтеміз. Қалай құрылды, жаңа мемлекеттің жалауы қай жерде желбіреді? Бұл сауалдарға www.e-history.kz веб-порталын жиі оқысаңыздар жауап табасыздар.

XIV — XV ғасырларда барлық қазақ тайпалары ұлан-байтақ аймақты мекендеп жатты. Ертістен Оралға, Алтайдан Каспийге, Қараталдан Сырдарияға, Тянь-Шань тауларынан Қаратауға дейінгі аумақты қамтыды. Қазақ даласын мекендеген негізгі тайпалар: үйсін, қаңлы, қоңырат, найман, керей, маңғыттар болды.
Қазақ даласындағы көшпенді тайпалар, сол кездегі үш ірі мемлекет — Ноғай Ордасы, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы немесе Өзбек Ұлысының құрамында болды. Бірақ олардың қайсысы болмасын, күнделікті өмірде қажетті қауіпсіздік пен этникалық аймақтың бірлігін қамтамасыз ете алмады.
Әбілхайыр хандығы экономикалық және саяси құлдырауды бастан кешіп жатқан еді. Мемлекеттің ішкі саясаты негізінен, билікке таласып жатқан Жошы ұрпақтарымен күресуге бағытталды. Күннен-күнге күшейген феодалдық езгімен, хан билігінің қысымына шыдамаған халық көтеріле бастады.

2bf677f72cc05b6f6da7d7255607b8c6.jpg

Жағдай, 1457 жылы Әбілхайыр ойраттардан жеңіліс тапқан соң тіпті ушыға түсті. Бұл жайт, халықты Әбілхайыр билігінен құтқарар, билеуші іздеуге мәжбүр етті. Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтан, қазақ тайпаларының мұң-мұқтажын жеткізуші, көсемдерге айнала бастады.
Әбілхайыр ханмен күресуге лайықты сәт таппаған, Керей мен Жәнібек туған далаларын тастап шығып, өздерін құрмет тұтқан Моғолстанға кетуге мәжбүр болады. Моғолстан билеушісіЕсен-Бұға қазақ сұлтандарын сый-құрметпен қарсы алып, Шу өзенінің жағасынан жер береді.

0de3f7a07c9f520242fcfbf97bd2cb94.jpg

Есен-Бұға қазақ сұлтандарына жер бере отырып, ойраттар жиі шабуылдап жатқан шекарасын бекітпек болады. Мұхаммед Хайдар Дулатидың жазуынша осылайша 1465 жылы Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығының іргетасын қалады. Бірінші хан болып, Керей сайланды.

Айта кету керек, ру-тайпалардың өзара бөлініп, басқаларға қосылуы ол заманда қалыпты құбылыс болып саналатын. Бірақ, ру-тайпалардың Әбілхайыр аймағынан жаппай қоныс аударуы, билік үшін соғысып жатқан Шыңғыс ұрпақтары арасында аймақта ерекше жайт болды.
Оқиғаның салмақ алып бара жатқанын түйсінген Әбілхайыр, Моғолстанға жорыққа жақсылап дайындала бастайды. Алайда, жорық үстінде ауырып, қайтыс болады.
Әбілхайыр өлімі мен Өзбек ұлысының күйреуі, қазақ сұлтандарына Дешті Қыпшақ даласына қайта оралып, сайын далада билік үшін жүріп жатқан күреске араласуға, мүмкіндік берді. Олардың басты ойы, бұл аймақты жаңа мемлекеттің орталығын айналдыру болатын. Сол кезден бастап, далалық тайпаларды бағындыру олардың саяси, әскери қызметтерінің негізіне айналды. XV ғасырдың70-80-ші жылдары Жәнібек пен Керей, кейінірек таққа отырған Бұрындық хандардың бар күштері жаңа мемлекеттің іргесін кеңейтіп, күшейтуге жұмсалды.

«Қазақстан тарихы» веб-порталы

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Baipakov K. M., Kumekov B. E. The Kazakhs // History of Civilization of Central Asia. Volume V (XVI — middle XIX a). UNESCO Publication, 2003. pp. 89–109.

2. История Казахстана: Учебник для вузов. 4-е изд., перераб. и доп. Алматы: Алматы кітап баспасы, 2011. — 312 с., ил.

3. История Республики Казахстан: учеб. пособие / Аманжол Кузембайулы, Еркин Абиль. — 6-е изд., перераб. и доп. — Астана: Фолиант, 2002. — 365 с.

Тақырыпқа сай мақалалар:

Ақ-Орда

Ұрыс ханның саяси қайраткерлігі және қазақ тарихындағы орны

XV — XVI ғасырдың ортасындағы Қазақ хандарының хронологиясы



Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз