Қазақ хандығына 550 жыл

Қазақ хандығынан – Тәуелсіз Қазақстанға дейін

25 Мамыр 2015
693
0
22-23 мамыр аралығында Астана қаласында «Қазақ хандығынан – Тәуелсіз Қазақстанға дейін» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры және БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Аяған Бүркітбай модераторлық етті.

b07a2bc6b3700b7bbae6e003e90af203.jpg

— Біріншіден, биылғы жыл Қазақстан үшін айтулы оқиға — Қазақ хандығына 550 жыл толу мерейтойын атап өтумен ерекше маңызға ие. Бұл біздің тарихи мұрамыздың тұғырлы тамыры болып есептеледі. Бүгінгі тарихшыларымыздың мақсаты осы тарихи мұрамызды зерделеп зерттеп, келешек ұрпаққа жеткізу, — деді өзінің алғы сөзінде Бүркітбай Гелманұлы.

 

44d84355b08f2daa3b86704e5ba49bb3.jpg

— Бүгінгі «Қазақ хандығынан Тәуелсіз Қазақстанға дейін» деп аталатын халықаралық ғылыми конференциясына түрлі елдерден 200 ге жуық делегат шақырылған. Олар: Еуропа, Америка, Азия елдерінің көрнекті тарихшылары. Осыған орай Тұңғыш Президент фонды ғалымдардың халықаралық байланысына өзіндік үлес қосуда. Қазіргі кезде тарихи фактілердің нақтылығы мен фактілік дәлелдігі аса маңызды, осы орайда біз Мемлекет тарихы институтымен тығыз жұмыс атқарудамыз, — деген ойын білдірді қордың атқарушы директоры Сағындық Нұраханов.

aedec4485280f4c27d5a7b8061688088.jpg

Бұдан соң ҚР Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломатиялық корпустың өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, шетел ғалымдары сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды. 

Конференцияға шақырылған делегаттарды атап айтсақ: Почекаев Роман Юлианович — Экономика жоғары мектебі — Мемлекеттік университетінің Санкт-Петербург филиалының Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты (Ресей); Сарай Мехмет — Стамбул университетінің профессоры, доктор (Түркия); Зориктуев Булат Раднаевич — Ресей Ғылым Академиясы Монғолтану, буддология және тибетология институты Сібір бөлімінің бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор (Ресей); Грибовский Владислав Владимирович — Украина ҰҒА М. С. Грушевский атындағы Украиналық археография және дерекнама институтының докторанты, тарих ғылымдарының кандидаты (Украина); Джан Лука Бонора — Болон университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы (Италия); Суюнова Насипхан Хусиновна — У. Д. Алиев атындағы Қарашай-Шеркеш мемлекеттік университеті Филология институты қарашай және, ноғай филологиясы кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы (Ресей); Буканова Роза Гафаровна — Башқұрт мемлекеттік университеті Деректану және тарихнама кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор (Ресей); Алимова Дилором Агзамовна — Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Тарих институты Тарихнама және дерекнама бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы (Өзбекстан); Отандық тарихшы-ғалымдар: Әбусеитова Меруерт Хуатқызы — ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты (Қазақстан); Исин Амантай Исаұлы — Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты (Қазақстан); Мұқаметханұлы Нәбижан — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор (Қазақстан); сонымен қатар саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану, философтар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, мұрағатшылар, кітапхана қызметкерлері, Астана қаласы мектептерінің мұғәлімдері және БАҚ өкілдері. 

86c4c2f38b84f532900982ef57151a6c.jpg

Конференция барысында «Қазақ хандығына арналған» кітап көрмесі, графика-сурет шебері Рахымжан Қасымжанның «Еуразия көшпелілері» графикалық көрмесі ұсынылып, «Ноғай Елі» қоғамдық бірлестігіне салтанатты түрде сыйлықтар беріледі және концерттік бағдарлама қойылды. 

Халықаралық ғылыми-конференцияда талқыланған өзекті мәселелер бойынша мақалалар топтамасы алдағы уақытта біздің «Қазақстан тарихы» веб-порталымызда жарияланатын болады.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз