«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Жаңалықтар

«Қобыланды батыр» жырын жаттаған оқушыға 1 миллион теңге беріледі

2736
«Қобыланды батыр» жырын жаттаған оқушыға 1 миллион теңге беріледі

Қазақстанда мектеп оқышулары арасындағы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы өтеді. Негізгі мақсат – жастарды «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қобыланды батыр» жырлары сынды xалқымыздың бай мұрасы негізінде тәрбиелеу, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқау 6-10-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылады. Осы жолы «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа айту қажет. Байқауға республика бойынша 5 000 мектептен 50 000 оқушы қатысады деген жоспар бар. Әр мектептен 10 оқушы (6-шы сыныптан 2 оқушы, 7-ші сыныптан 2 оқушы, 8-ші сыныптан 2 оқушы, 9-шы сыныптан 2 оқушы және 10-шы сыныптан 2 оқушы) қатыса алады. Жоба үш кезеңнен – аудандық, облыстық және республикалық іріктеуден тұрады. Аудандық кезеңде 1-ші орын үшін 150 000 теңге, 2-ші орын – 100 000 теңге, 3-ші орынға 50 000 теңге қарастырылған. Ал облыстық кезеңде 1-ші орын үшін 1 000 000 теңге, 2-ші орын – 600 000 теңге, 3-ші орын алғандарға 300 000 теңге табысталады. Қазіргі кезде республикалық іріктеудің қаржылай қоры пысықталып жатыр.

 

Қобыланды батыр жыры (толық нұсқа) - Марабай жырау (жүктеп алу

 

Жобаның аясында 50 000 мектеп оқушысы 107 беттен тұратын «Қобыланды батыр» жырын толық жаттаса, аталған көрсеткішті Гиннес рекордтар кітабына өтінім беру жоспарланған.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, аталған байқау Мемлекет басшысы “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласы мен биылғы Жастар жылымен тығыз байланысты.

“Қатысушылар “Қобыланды батыр” жырын жатқа айтып, жырдың ішіндегі көнерген, тариxи сөздердің мағынасын ашып, қазақ әдебиет оқулығы бойынша әзірленген сұрақтарға жауап береді. Алдын ала бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тақырыптар бойынша эссе жазады. Тариxи эпостарды жаттау, туындыны толық жатқа айту, мәнерлеп оқу, эпостағы әр сөздің мағынасы мен мазмұнын түсіну – басты талаптардың бірі. Поэтикалық мәтінді меңгеру арқылы тариxты да терең түсіне бастайды. Сондай-ақ, есте қалатын поэтикалық мәтін оқушының сөйлеу мәдениетін, сауатты жазуын қалыптастырады. “Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру” бағдарламасында айтылған ұлттық кодты қалыптастару үшін де бұл жобаның ықпалы зор болмақ”, – деді Д.Абаев Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Браузерде оқу (Chrome, Firefox)

Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, аудандық іріктеулер сәуір айында басталады. Оған дейін мектеп оқушылары эпосты жаттап, дайындала алады. Ал мамырда облыстық кезең басталады.

Айта кетейік, жоба ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен «Qazaq Epos» қоғамдық қорының бастамасымен ұйымдастарылып отыр.

Қобыланды батыр — қазақ халқының мазмұны бай да салалы эпостық дастандарының бірі. Жыр көп замандар бойы өмір сүріп, ірі- ірі эпос айтушыларының қолынан өткен. Қобыланды жырының 29 нұсқасы бар, «Қобыланды батырды» Марабай, Мергенбай, Біржан Жасымбаев, А. Айтабанов, К. Еламанов, Сыр бойындағы белгілі айтушысы Тұяқбайлар жырлаған.  Айтушылардың осыншама көп болуы жыр сюжетінің халыққа кең тарағандығын көрсетеді.«Қобыланды батыр» жырының 29 нұсқасы бар.

Байқаудың шарты төмендегі сілтемеде:  "Qazaq Epos" республикалық ағарту жобасы "Тұлпар мініп, ту алған!" байқауының Ережесі

«Қобыланды батыр» жырының алғашқы нұсқасын Ы. Алтынсарин Марабай жыраудың аузынан жазып алып, «Тайбурылдың шабысы» деген саласын өзінің «Хрестоматиясында» пайдаланған. Жырдың басқа да үзінділері революцияға дейін «Дала уалаяты» (1899), «Туркестанские ведомости» (1899), «Тургайская газета» (1901), «Труды Оренбургской научной комиссии» (1910) сияқты басылымдарда сөз бола бастайды. 1914 жылы Қазанда Тұяқбай нұсқасы, 1922 жылы Ташкентте Ә.Диваев жинаған нұсқалар басылған.

Ә.Диваев нұсқасы көптеген жинақтар мен оқулықтарға еніп келді. Ұлы Отан соғысынан соңғы жылдары М.Ғабдуллин «Қобыланды батыр» тақырыбынан докторлық диссертация қорғап, монографиясын жарыққа шығарды.Жырдың 15 түрлі нұсқасын ашқан да М.Ғабдуллин еді. Бүгінде жырдың 29 түрлі нұсқасы белгілі болып, ғылыми оралымға еніп отыр. 

Төмендегі сілтемеге өтіңіз: Қара қыпшақ Қобыланды қай заманның қаһарманы

Жырдың толық нұсқасы: төмендегі сілтемеде Қобыланды батыр жыры (толық нұсқа) - Марабай жырау

Жырдың толық нұсқасы: qazaqepos.com сайтынан алынды

 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Qazaqstan tarihy порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. mail@e-history.kz 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English