«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Жаңалықтар

Бір суреттің тарихы. Төлеген Жайжұманов

1010
Бір суреттің тарихы. Төлеген Жайжұманов

6312369fc9a013e8d4602904ae00563f.jpg

Атам Жайжұманов Төлеген 1915 жылы қазіргі Ақмола облысы, Қорғалжын ауданында дүниеге келген. Ауыл молдасынан сауатын ашып, кейін білімін орта мектепте жалғастырады. Аудандық техникалық училищені аяқтап, қаржыгер біліктілігін алады. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда, Төлеген атамыз Қорғалжын ауылында есепші маманы қызметін атқарды. 

3b0e9a94f7e4d740cefff202035076a1.jpg

1941 жылы майдан даласына аттанып, Ленинград шайқасында соғысады. Ұлы Отан соғысының алғашқы ұрыс даласы Ленинград түбі екен. Атамыз Ленинградты қорғау мақсатымен Кеңес қарушы күштері мен еңбекшілерінің жауынгерлік қимылдары қатарында жүріп, көзсіз ерлік көрсетеді. Бұл туралы әкеміз жиі айтып отырады. Ленинград қоршауын алу үшін тек жалғыз соқпақ Ладога көлі екен. Ұлы Отан соғысында Ладога көлінің мұзымен автомобиль жолы салынып, майданға қажетті қару-жарақ, азық-түлік жеткізілген. 

fc3e4c0f92f457b40ac0c85859a8fac1.jpg

Осы Лениград қоршауында соғысып жүріп, атамыз 1942 жылы жараланып, елге қайтады. Бірақ сұрапыл соғыс атамыздың оң жақ қолын, жамбастан жоғары тұсын жаралап, ауыр науқастандырады. Десе де қажыр қайратының арқасында, ерінбей еңбек ете жүріп, Қоржалғын аудандық есеп комитетінде 40 жылдан астам қаржыгер болып қызмет атқарған. Партия қатарында болып, еңбегі бағаланып, құрметте көрсетілді. 

Атам Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз», «Қызыл Ту», «Ұлы Отан соғысының I-II дәрежелі» ордендерімен, «Ерлігі үшін» медальімен марапатталған. 1985 жылы өмірден өтті. Енді артында қалған немере-шөбере, ұрпақтары атамыздың Ұлы Отан соғысындағы көзсіз ерлігін мақтан тұтып, елі үшін ұлт тарихында есімі қалғаны үшін ардақ тұтамыз.

Ерлан Жайжұманов, Астана қаласы

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Qazaqstan tarihy порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. mail@e-history.kz 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English