«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Жаңалықтар

Бір суреттің тарихы. Әнуар Әбутәліпов

852
Бір суреттің тарихы. Әнуар Әбутәліпов

06.05.2016

Әбутәліпов Әнуар 1923 жылы 7 желтоқсанда Жаңақорған ауданының "Талап" ауылында дүниеге келді. 1942 жылы қазан айында 19 жасында майданға аттанды. 1943 жылы ақпанда ол тұңғыш рет ұрысқа кірді, 53-армияның Звенигород әуе-десанты дивизиясының 13-гвардиялық атқыштар полкінің станокті пулемет расчетінің командирі болды. 

2790294756d4d3c42ea5a51b8771827d.jpg

1944 жылдың қазанында Дебрецен операциясына қатысып Тисса өзенінен өту кезінде ерекше батылдық көрсетіп, көзге түсті. Ержүрек жауынгер өзеннің екі жағалауына 47 рет қатынап, жауынгерлерді, оқ-дәрі, байланыс заттарын өзеннен өткізеді, ұйқысыз дем алмай тәуліктен астам уақыт жұмыс істейді. Өз пулеметінен оқ жаудырып 18 жауды жайратты, жаудың 3 "тигрын" от-жалынға орады. Осындай ерліктері үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен Әнуар Әбутәліповке Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. 

dd6e158e3a15412147be773703c0ebbf.jpg

Жеңіспен елге оралған Ә.Әбутәліпов Жаңақорған ауданындағы "Түгіскен" кеңшарында еңбек етті. 2 рет Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Ақын Адырбек Сопыбеков батырдың ерлігі жайлы "Жүрек жұтқан" атты дастан жазды. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққорған ауылындағы №209 орта мектепке батырдың есімі берілген.


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Qazaqstan tarihy порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. mail@e-history.kz 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English