«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Жаңалықтар

Нью-Йоркте «Қазақстан әлем фотографтарының көзімен» фотокөрмесі өтеді

799
Нью-Йоркте «Қазақстан әлем фотографтарының көзімен» фотокөрмесі өтеді
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Қазақстан әлем фотографтарының көзімен» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Жоба аясында ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Нью-Йоркте өтетін фотокөрме ашылды

ҚР мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев осы фотокөрмені аша отырып аталмыш шараны өткізуге не түрткі болғанын атап өтті.

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі осы шараны ойластырып, тапсырыс берді. Ол Photofest.kz деп аталады және ЭКСПО  аясында болды. Фотофестивальдің қорытындысы бойынша біз кітап басып шығардық, бүгін соның тұсаукересі. Біз басынан бастап Қазақстанды шетелдік фотографтардың көзімен көрсетуді көздедік. Үздік фотографтарды іріктеп алдық. Олар Қазақстанға келіп табиғатты түсіріп алды. Өз суреттерін өздері іріктеді», - деп атап өтті Қ. Уәлиев. 

Осы ретте, АҚШ-та (Нью-Йоркте) жақын күндері «Қазақстан әлем фотографтарының көзімен» фотокөрмесі өтеді. Жалпы, әлемдік деңгейдегі фотографтардың 200-ден астам жұмысы қойылады.

«Фотокөрме Тәуеліздік күні қарсаңында Нью-Йорктегі БҰҰ залында жоспарлануда. Ол ағымдағы жылдың  11-15 желтоқсан арлығында өткізіледі. Болашақта фотокөрмені Нью-Йоркте Қазақстанның БҰҰ қауіпсіздік кеңесіндегі төрағалығы барысында қалдыруды жоспарлап отырмыз», - деді ҚР МСМ жауапты хатшысы.

Қуатжан Уәлиевтің айтуынша, ведомство елімізде суретке түсіру саласын дамытуға мүдделі.

«Біз суретке түсіру өнерін жеке бағыт ретінде дамытуға мүдделіміз, ал суретке түсірумен айналысатын адамдар осындай жобаларға қатысып, өздерінің жұмыстарының нәтижесін сезінгенін қалаймыз», - деп толықтырды ол.

Атап өтер болсақ, шетелдік фотографтар ЭКСПО-дан басқа еліміздің аймақтарын аралап суретке түсірген. мысалы, Жапониядан келген  фотограф Шигеру Йошида Баянауылда болып, оның табиғатының сұлулығына тамсанып қайтқан.

Кітапта еліміздің маңдайалды фотожурналистері Ш.Шахай, Тұрар Казангапов, Мақсат Шағырбаев және де басқа фотошеберлердің көрікті туындылары жарияланған.  

Өз кезегінде ҚР Премьер-Министрінің жеке фотографы Шүкір Шахай журналистерге фотографтар Photofest.kz  фотофестивалі аясында бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік алғанын жеткізді.

«Жазда ЭКСПО аясында әлем фотографтары Астанаға жиналып, осында фотокөрме ұйымдастырылған болатын. Оның бір мақсаты – шетелден келген фотографтарға Қазақстанның әр жерін өздерінің көзқарастарымен көріп, түсіру. Бұл – осы шараның аясында шығып отырған фотоальбом. Енді қолымызға тиіп отырған фотоальбом Қазақстан мен шетелдік фотожурналистері бірігіп түсірген. Мұнда еніп отырған суреттер тек қана ЭКСПО емес, шетелден келген фотографтар Қазақстанның әр өңірінде де болған сапарларының жұмыстары», - деді Шүкір Шахай.   

Енді мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, шығармашыл тұлғалар мен фотографтар  бүгін түнде Нью-Йоркке ұшып кетеді. Мақсат елімізді америкалықтар мен қатар күллі әлемге шетелдік фотографтардың объектіві арқылы таныстыру.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Qazaqstan tarihy порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. mail@e-history.kz 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English