«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Жаңалықтар

Бір суреттің тарихы. Есенжан Жауғаштин

1142
Бір суреттің тарихы. Есенжан Жауғаштин

                                                                                                                                                               01.05.15.

Бір сауал үнемі мені мазалады: майданда махаббат болды ма? Менің сұрағыма 85-жасар Сұлупаш Ізтлеува жауап берді. 

Сұлупаш Ізтілеуова өз ағасының өмірінде орын алған бір оқиғаны айтып берді. 

98dc6f6f9c74648c91ed6a756d0c4349.jpg

Ағасы, Есенжан Жауғаштин, соғысты толық басынан кешіріп, естеліктері жазылған қолжазба мен ленинградтық Женя Соловьеваның хатын Сұлупаш Ізтлеуваға берген екен. 

Женя әскери зауытта жұмыс жасап жүрді. Есенжан Ленинград қаласын қорғады. Жауынгер Женямен 3 жыл бойы хат алмасқан. Алайда, бір-бірімен кездеспей кетті. 

Есенжан Жауғаштин 1941 жылдың тамыз айында майданға аттанды. Осы кезде 32 жаста болды. Үйінде анасы, әйелі, ұлы мен қызы және қарындасы қалған еді. Ол 312-атқыштар дивизиясының құрамында соғысып, Германияға дейін жеткен. Барлаушы және минометші болды. 

d87a224035deedb952c7e294a9d80629.JPG

Соғыстың басталғанына 3 ай болғаннан кейін Ақтөбе қаласында 312-атқыштар дивизиясы құрылды. 1941 жылдың қыркүйегінде Есенжан Жауғаштин Мәскеу үшін шайқасты. 

Сарбаздың күнделігінен: «1941 жыл. Қыркүйек айының соңғы күндерінде шайқасқа кірістік. Ұзақ уақыт бойы Малоярославцтың жанындағы ауылды немістерден қайтарып ала алмай жүрміз. Мәскеу одан 130-140 шақырым қашықтықта орналасқан. Винтовкалармен барынша қаруланып, жаудан қорғанып жүрміз. Бүкіл дивизионымызда бар болғаны — 2-3 автомат.  Жауларымыз аяусыз миномет пен оқ жаудырады. Немістерге қарағанда, біздің әскери шеберлегіміз өте төмен... Комдивтың бұйрығы: «Ауылды немістерге бермеу!». Біз әлсіз қаруланған болсақ та, қорқынышқа жол бермеуге тырыстық. Шайқастың соңына қарай көп адамның қаза тапқанын білдік. Өз достарым — Орал қаласынан шыққан Губашевтың, Ақтөбе театрының директоры Изембаевтың, Қарабұтақтан шыққан Келебаеваның мәйіттерін көргенде, жүрегім су ете түсті. Қаза тапқандар көзіме елестегенде, көкірегімді азалы мұң торлайды». 

Міне, қатардағы жауынгер Жауғаштин үшін соғыстың алғашқы күндері осылай өтті. 

Кейін үйге хат жолдап, «Бір жылдан кейін тәжірибелі жауынгерлерге айналдық. 1942 жылдың наурыз — сәуірінде Синявский орманында тұрақтадық. Мен миномет ротасының минометшісі болдым», — деп жазды. 

de38671a2331eb079d44a6e2b1f52f0f.jpg

Майданнан келген ашық хат 

«Ағам Ленинградты қорғап жүргенде, Женя Соловьевамен хат жазыса бастады», — деп өз әңгімесін қайта жалғастырды Сұлупаш Ізтлеува. — «Сарбаздар демалуға тоқтады. Жер астынан шыққандай бүкір кемпір жауынгерлердің алдынан шықты. Майданның аумағына қалай келгені түсініксіз! Ленинград осы жерден 25-30 шақырым жерде болды. 

«Әже, бұл хатты кез келген пошта жәшігіне тастаңыз!», — деп айқайлады жауынгерлердің біреуі. Қасындағы барлық жауынгерлер өз хаттарын кемпірге берді. Ол хаттар жинап, қалтасына салып қойды. Есенжан бірнеше жол жазып, «Ленинаградтың ең сұлу қызына беріңіз!» деген қолтаңбамен хатты кемпірдің қолына ұстатты. 

«Мен майдангермін, сенімен хат жазысқым келеді, пошта адресім — 7761 «Б», — деп жазды ол. Өз фамилиясын жазып үлгермеді, бірақ есімін айтты. 

Көп ұзамай, қыздан да хат келді: «Құрметті майдангер, Жан! Әжем сіз жазған хатыңызды қолыма тапсырды. Мен қарапайым орыс қызымын. Сұлулуғым туралы ештеңе айта алмаймын, бірақ сізбен хат жазысуға дайынмын. Сіз де өзіңіздің әскери оқиғаларыңыз туралы маған жаза беріңіз. Басыңызға түскен қиындықтарды білеміз. Алайда, біздің жағдайларымыз да ауыр, бірақ шыдап жүрміз. Фашисттерді қаламыздың маңынан тезірек қуып жіберіңіз! Евгения Соловьева». 

5a07c80dfddbab140192609af66fa766.jpg

1ed0b3a5f4d93f345799e5a9bd8c04a2.JPG

Қыздың ойынша, Жан — жігіттің есім, ал Есен — фамилиясы. Ол зауыттағы жұмысын баяндады. Ағам соғыстың өту барысы туралы жазды. Есен өз хатын жаза бастағанда, қасындағы сарбаздар да өз айтарын қосты. Ал Женядан келген хаттарды бірге оқитын. Қыз тәуліктің 14 сағаты бойы жұмыс істеді. 

Қоршау, аштық, қиратылған үйлер... Бірақ, ол өзінің ақылды хаттарымен сарбаздарымыздың жүректеріне үміт ұялата білген. Ағасының айтуынша, Женяның хаттары жауынгерлердің рухын көтеретін. 

«1943 жылдың ақпан айында Женя өзінің фотосуретін жіберді. Қыз өте әдемі, бірақ жүзі жүдеу. Қоршау ешкімді аямады. 7 мамырда Женя тағы бір фотосуретті жолдады. Беті шырайлана түсті. Ол 22-23 жаста болды», — деп есіне алатын Есенжан. 

03403456f84fb533d5fa47dc06736692.jpg

89930fb2476862b63744bfef5634a570.jpg

a35b164e83cf85bbcf13eacf336369ed.JPG

Ал мынау ардагердің әпкесі сақтап жүрген Женяның Есенге жазған хаты... 

Кейін Есенжанның мекен-жайы өзгертілді. Женя жұмыс істеп жүрген кәсіпорын оңтүстікке көшірілді. Енді олар хат жазыса алмады. Соғыстан кейін Есенжан Женяны іздемеді, өйткені оның майданнан оралуын әйелі, қызы мен ұлы күтіп жүрді. Алайда, ленинградтық Женяны жылулықпен есіне алатын, өйткені оны дос ретінде бағалады. 

Жауғаштин соғыс туралы көп жазды. Сұлупаш апаның қолжазбаларын маған берді. Мұндағы соғыс кітапта жазылғандай емес, шынайы соғыс. Соғыстың басында немістер сарбаздарымызды жақын қашықтан атып тастайтын, өйткені біз әлсіз қаруланғанбыз. 1942 жылдың күзінде жабдықтау жақсартылды. Есен қаза тапқан әскери жолдастарын еске алғанда, жан-жүрегі сыздайтын... 

«1945 жылы ағам соғыстан оралды», — деді апа. «Ол бірде-бір жарақат алмаған еді, бірақ оның соғыста өмірі қыл үстінде тұрған сәттері көп болды. 

Есенжанның айтуынша, оны батыр атасының рухы қорғады. Атасы қазақтар жауды ойсырата жеңгенде дүниеге келген, сондықтан оған Жауқашты есімі берген болатын. 

7c5e12afe1f2edd7471bd51ca51ff579.jpg

Оң жағындағы екінші сарбаз — Жауғаштин, 1945 жыл 

Есенжан соғысқа дейін кавалерияда әскери қызметін өтеп, Орта Азияда басмашылармен күресті. Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін 2-ші дәрежелі орденімен, «Ленинградты қорғағаны үшін», «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. 

Сауда саласында жұмыс жасап жүріп, 1991 жылы дүниеден өтті.

cbbecb9bc9400aa1b90eba75787510de.jpg

... Сонымен, майданда махаббат болды ма? Меніңше, болды. Әйеліне, отбасыға, балаларына, Отанына деген сүйіспеншіліктің арқасында аталарымыз Жеңіске жетті.

Алиби Алишбаев, 

Ақтөбе облысы 

Ақтөбе қаласындағы 

Физика-математикалық бағыттағы 

Назарбаев Зияткерлік мектебінің 

 8-сынып оқушысы 

«Бір суреттің тарихы» фотожобасына қатысыңыз, біз сіздің оқиғаңызды жарыққа шығарамыз.


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Qazaqstan tarihy порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. mail@e-history.kz 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

Аскар Катпенов10.04.2015, 00:17

...-Интересная, трогательная публикация о людских судьбах во время войны. Жаль нет фотографии Жени Соловьевой, которая из блокадного Ленинграда поддерживала нашего бойца. Как сложилась её судьба? Выжила ли она в блокадном Ленинграде? И еще. К сожалению, до сих пор, в г. Москве не увековечены подвиги солдат 312 стрелковой дивизии, сформированной в г. Актюбинск Казахской ССР. А ведь они стойко защищали Москву,- в самое тяжелое время, многие погибли но не пропустили врага к столице.

Мариям10.04.2015, 12:39

Такая удивительная история! Автор - молодец!

Альмира Алишбаева13.04.2015, 14:32

Фото Жени Соловьевой не сохранилось, к сожалению. А история действительно удивительная. Слупаш Изтлеува бережно хранит все, что связано с ее братом, на руках которого она выросла. Почти все дети в этой семье умерли от оспы, Слупаш тогда была грудным ребенком. Выжил еще один брат, он пропал без вести под Москвой.

Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English