«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English

Фотогалерея

Тектінің ұрпағы

Қазақ айтады: «Жақсының ұрпағы», «Асылдың сынығы», «Тектінің тұяғы», «Көненің көзі» деп. Осындай жақсы сөздің бәріне лайықты жан – Мүгілсім Қадырқызы (құжатта – Абдулкадыр) Сырттанова Мүгілсім Қадырқызы – Алаштың айбоз ұлы, қазақтың алғашқы конституциялық еңбегінің авторы, Алаш қозғалысының теориялық негізін салушылардың бірегейі Барлыбек Сырттанұлының туған немересі екен. Мүгілсім Қадырқызы Сырттанова – отандық медицина саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан білікті дәрігер әрі медик-ғалым. Ол – ССРО Денсаулық саласының үздігі. Қаншама науқастың дертіне араша түсіп, аса күрделі оталарды жасаған екен. Бәлкім, сол науқастардың тілегі болар, әжеміздің арамызда аман-есен жүргені. Бәлкім, атасы Барлыбек, әкесі Қадырдың қуғын-сүргіннен көз ашпай, мезгілсіз үзілген тағдырларының өтеуі – осы қыздың маңдайына жазылып па екен?!  

367