«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Фотогалерея

Нұр-Сұлтанда «Ұлы Дала мұрасы» атты пресс-тур өткізілді

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ-де «Ұлы Дала мұрасы» атты пресс-тур өткізілді. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өткізіліп отырған шараға қоғам қайреткерлері, бас редакторлар және елімізге белгілі БАҚ өкілдерінің қатысты.  

Баспасөз туры барысында шақырылған қонақтарға Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының көрме және электронды оқу залдары, қайта қалпына келтіру лаборатория жұмысы таныстырылды. Сонымен қатар, арнайы ұйымдастырылған дөңгелек үстелде ел тарихына қатысты құнды мұраларды жан-жақты насихаттау және ел ішіндегі қолжазбалар, сирек кітаптар мен карталарды жинақтау, зерттеу, қалпына келтіру мәселелері талқыланды.

67