«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Фотогалерея

Жидебайдағы Абайдың мұражай-үйі

Жидебай қорық алқабы Семейден 178 шақырым жерде Абай ауданы жерінде орналасқан. ХІХ ғасырда бұл Шыңғыстау баурайында, Қарауыл өзенінің бойында жатқан қырат еді. Атауы осы жерді Құнанбай, Өскенбай әулетіне дейін мекен еткен адам Жидебай есімімен аталған екен.

Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлы 1840 жылы Жидебайға қоныс тепті. Кейін Абайдың інісі – Оспанның еншісіне қалдырып, Құнанбай өзі Ақшоқыға көшеді. 1894 жылы, Оспан қайтыс болғаннан екі жылдан кейін, бұл қыстау Абай жайына айналды. Ақын өз жобасы бойынша қыстауды қайта салдырды. Абаймен бірге бұл қыстауда кезінде Оспан мен Еркежан бауырына салып алған Ақылбай балалары: Әубәкір мен Пәкизат тұрды. Абай дүниеден өткен соң қыстауға Әубәкір ие болып қалды.

1945 жылы Абайдың 100 жылдық мерейтойына орай қыстау мұражай-үй ретінде қалпына келтіріледі. Абайдың 125 жылдық мерейтойы қарсаңында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мемориалдық экспозиция жасалған. Ал, Абайдың 150 жылдық мерейтойының қарсаңында мұражай әдеби экспозициямен толықтырыла түседі.

58