«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Фотогалерея

Бөрілідегі Мұхтар Әуезовтің мұражай-үйі

Бөрілі - Әуез әулетінің ата мекен  қоныс- қыстауы. Әуездің сұрауы бойынша Абайдың рұқсатымен Шыңғыстаудағы Қызылшоқыдан көшіп  келіп қоныстанған. Абайдың әкесі – Құнанбай - Әуездің күйеу баласы. Оның  әйелі Нұрғаным  Әуездің қарындасы. Осындай туыстық сыйластық қарым-қатынасты  ұрпақтары да жалғастырды. Абай мен Әуездің бір-біріне жиі қатынасып тұрғаны белгілі. Қыстаулары да жақын 3-3,5км аралығында орналасқан еді. Сол себепті Әуездің немересі – Мұхтар 1897 жылы 28 қыркүйекте Аяққараған деген жерде дүниеге келгенде Абай жасы үлкен досының қуанышына ортақ болған-ды.

Аяққараған мен Бөрілі – қазақ әдебиетінің классигі, Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың лауреаты, абайтанудың негізін салушы, әлемге әйгілі  жазушы Мұхтар Әуезовтың ата қонысы ретінде қадірлі жерлер. 

37